Әдістемелік кеңес » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2017

Әдістемелік кеңес

Оқу – әдістемелік жұмыс

 

           Мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін үнемі толықтырып, шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет. Осыған орай мұғалімдер график бойынша Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында оқу пәндеріне сәйкес арнайы курстан өтіп, өз білімдерін шыңдап отырады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау процесі отандық ілім–білім типтері мен деңгейлерін түгел қамтиды. Бұл процесте педагог кадрлар біліктілігін арттыру жүйесін жетілдірудің мән–маңызы зор.                          

         Бұл жағдайда біліктілікті арттыру жүйесі туралы түсініктің өзін (оның мақсаттары мен міндеттерін, әдістемелік негіздерін) мұғалімге тән кәсіби мәдениет пен тәжірибені практикалық тұрғыдан анықтау және оны байыту процесі ретінде өзгертті. Ол процес шеберліктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізетін кәсіби жол болып табылады. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау педагогикалық тәжірибені дамытуға бағытталған іс–әрекеттерді,мұғалімдердің зерттеушілік әлеуетін ынталандыру мен білім беру жүйесіндегі нәтижеге бағытталған жаңа жағдайларда оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруды көздейді. 

 

Әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Оқу –тәрбие үрдісінде оқытудың интербелсенді әдістердің ерекшеліктерін үйрене отырып, мұғалімдердің көшбасшылық құзіреттілігін арттыру »

Әдістемелік жұмыстың  мақсаты:мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ете отырып, оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістер арқылы көшбасшылығын дамыту 

Басымдықтары:

Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу тетігіретінде бөлінген көшбасшылықты енгізу;

Мұғалімдерді кәсіби қолдау, кәсіби қоғамдастық аясында тиімді қарым – қатынас орнату, іс- тәжірибелерін тарату;

Барлық типтегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету;

Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру;

Оқыту мен оқуда диалогтық оқытуды енгізу арқылы оқушылардың құзіреттілігін арттыру, тиімді ортасын қалыптастыру;

Оқу – тәрбие процессінде мұғалім, оқушы, ата- ананың ортасында интерпретациялық диалог деңгейіне көтеру

        Мектепте  әдістемелік кеңес  пен әдістемелік  бірлестік  жұмыстардың  міндеттері,  мазмұны мен оны ұйымдастыру  түрлері  қаншалықты нақты  және айқын болса, нәтежесі де  соған  лайық болады

Ұзтаздық саяси сауатты, жан-жақты  білімді, өз  бойындағы  сол білімді оқушы  жүрегіне еркін  ұялата  алатындай әдістемелік  шебер болу  шарт.

 Ұзтаздардың осы талап тұрғысынан  табылуы,  кәсіби  даярлығын,  шеберлігін  шыңдайтын мектептегі  әдістемелік  кеңес жұмысының  ұйымдастырылуына  тікелей байланысты.   Мектепте 5 әдістемелік  бірлестік  жұмыс істейді. 

 Олар:

Бастауыш сынып пәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі– Х. Джакыпбекова

Жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі– Қ.Жұмабекова 

Қоғамдық - гуманитарлық пәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі– Г.Танкакова 

АӘД, дене тәрбиесіпәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі –А.Уалиев 

Еңбек, сызу, сурет және музыка пәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі – Т.Абилов 

 

 

2016-2017 оқу жылында мектептегі әдістемелік қызмет мына

бағыттар бойынша іске асырылады:

 

  • Педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмысы
  • Пән-мұғалімдерінің әдістеме бірлестігінің жұмысы.
  • Біліктілікті, педагогикалық шеберлік пен оқыту сапасын көтеру    бойынша жұмыс.
  • Педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы бойынша жұмыс.
  • Жаңадан келген және жас мамандармен жұмыс.
  • Мектеп әкімшілігінің сабақтарға қатысуы.

Похожие публикации:

27 апрель 2017 ҰБТ туралы
27 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив