2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жоспары » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жоспары
08
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жоспары

БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры:
___________________
Г.А.Асылбекова

«Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ
2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың
орнын толықтыру бойынша жұмыс жоспары

Мақсаты: білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру.
Міндеттері:
білім алушылардың үлгеріміне мектепішілік мониторинг жүргізу;
білім алушылар үлгерімінің төмен болуына әсер ететін факторлар мен себептерді анықтау;
пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру;
білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жұмысты ұйымдастыру
Күтілетін нәтиже:
білім алушылардың меңгеруі үшін қиындық туғызатын жекелеген бөлімдерді,тақырыптарды тереңдете отырып,қысқа мерзімді жоспарларды әзірлейді;
оқуға ынтыландыратын әдіс тәсілдерді пайдаланады;
білім алушылар қиындық туғызған тақырыптарды түсінеді;
мұғалімдер және білім алушылар цифрлық ресурстарды белсенді пайдаланады.

№Іс-шараларЖауаптыМерзіміШығу формасы
1«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатында ұсынылған білім алушылардың білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Мектеп директоры Г.АсылбековатамызТаныстырылым
2Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Пән мұғалімдері І тоқсанның
І аптасы
3 Әкімшілік диагностикалық бақылау алу /өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша жұмысын жүргізу/ Мектеп әкімшілігі
пән мұғалімдеріІ тоқсанның І аптасы Бақылау,тест жұмыстары
4Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмыстарын жүргізу (өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы,олқылықтары):ДОТІЖО Т.Ж.АбиловуақытылыМониторинг
5Білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыруПән мұғалімдеріуақытылыТізім
6Жоғарғы сынып және ЖОО,колледж студенттердің қатысуымен қосымша сабақтар ұйымдастыру ДОТІЖО Т.Ж.АбиловуақытылыТізім және кесте
7Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін
консультациялардың кестесін жасау ДОТІЖО Т.Ж.АбиловуақытылыКесте
8Олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жоспарлау жұмысын жүргізу. Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін және сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау Пән мұғалімдеріI тоқсанның
II аптасындажоспар
9Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.Пән мұғалімдеріуақытылыҚМЖ
10Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестелерін жоспарлау :
-жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;
-жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;
-II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;
-жазғы мектеп күндеріндегі кеңестерДОТІЖО Т.Ж.АбиловуақытылыКесте
11Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.ДӘІЖО Г.К.ТанкаковауақытылыКесте
12І тоқсан қорытындысы нәтижесінде анықталған төмен білім сапасын көрсеткен пәндер бойынша мектепішілік бақылау жүргізуДОТІЖО Т.Ж.АбиловуақытылыМБ
13Олқылықтардың орнын толықтыру жолдарына бағытталған пән мұғалімдеріне оқыту семинарлар ұйымдастыру,әдістемелік көмек көрсетуДӘІЖО Г.К.Танкаковакестеге сәйкес Семинар материалдары
14Білім алушылар үлгерімінің төмен болуына әсер ететін факторлар мен себептерді анықтау мақсатында мектеп психологтары мен әлеуметтік педагог тарапынан сауалнамалар ұйымдастыру, мониторинг жасау,зерделеу.Білім алушыларға қолдау көрсету мақсатында ата-аналармен жұмыс ұйымдастыру.ДТІЖО Н.А.Рахимбаева
Педагог-психолог
әлеуметтік педагогуақытылыМониторинг қорытындысы
15Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін жинақтау, әдістемелік бірлестікте , әдістемелік кеңесте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау, қорытындысын шығару
ДОТІЖО Т.Ж.Абилов
ДӘІЖО Г.К.Танкакова
ӘБ жетекшілеріуақытылы•Диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебі;
•тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есеп;
•оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалық есеп
16Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысын шығару.Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, қорытындысын шығару.ДОТІЖО Т.Ж.Абилов
ДӘІЖО Г.К.Танкакова
ДТІЖО Н.Рахимбаева
ӘБ жетекшілері
Әлеуметтік педагог
педагог-психологмамыр,маусымҚорытынды есеп