Мектепішілік олимпиада » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2020

Мектепішілік олимпиада

Мектепішілік олимпиада

2020-2021 оқу жылының    29 қазан күні оқу-тәрбие жоспарына сәйкес  мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.   

     Пән олимпиадасының ұйымдастырудың және өткізудің мақсаты:

     Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық   және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын жақсарту, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен барлық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.

Олимпиада негізгі пәндер бойынша өткізілді:

1)  қазақ тілі мен әдебиеті;     

2) қазақстан тарихы; 

3) орыс тілі мен әдебиеті; 

4) ағылшын тілі; 

5) математика;          

6) физика;

7)  информатика; 

8) химия; 

9) биология; 

10) география;                              

11) құқық негіздері

Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 8-11 сыныптар оқушылары қатыстырылды.  Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен    оқушылар іріктеліп,  аудандық   пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталып, алдағы кезеңдерге пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын ұйымдастырды.    Аудандық кезеңге 29 оқушы өтті/9-11 сынып оқушылары/.