2022-2023 оқу жылында "Жас мамандар мектебінің" жұмысының мақсат-міндеттері » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылында "Жас мамандар мектебінің" жұмысының мақсат-міндеттері
30
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылында "Жас мамандар мектебінің" жұмысының мақсат-міндеттері

          2022-2023 оқу жылында Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектепте барлығы 6 жас маман, оның ішінде 2 педагог - стажер еңбек жолын енді бастап отырса, ал 4 жас маман өзінің еңбек жолын ары қарай мектебімізде жалғастыруда.
Жас мамандармен жұмысты «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Танкакова Гульжан Карекеевна жүргізуде. Педагогикалық өтілі 16 жыл,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы.
         2022-2023 оқу жылында жас мұғалімдермен атқарылатын жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілуде.
Жас мамандармен жұмыстың мақсаты:
•педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша мұғалімге практикалық көмек беру;
•жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;
•әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;
•өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.
Міндеттері:
-жас маманның кәсіби және психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау;
-жас маманның оқыту- жас маманның оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыруға әдістемелік көмек көрсету;
-жас маманның шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-үздіксіз білім алуға қажеттілік пен ынталандыруды дамыту.
Жұмыстың негізгі бағыттары
-жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс;
-мектеп құжаттамасымен жұмысқа көмек;
-жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;
-сабақты ұйымдастыруға көмек;
-болжау жұмыстарын жасауға және талдауға көмек;
-өзара сабаққа қатысу.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив