16 желтоқсан » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының 30жылдығына орай
«16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне арналған»іс –шараларының өтілуі туралы мәлімет
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеск көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, желтоқсан оқиғасының куәгері Жаманкаранов Ерік ағаймен мектеп оқушыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында желтоқсан оқиғасы жайлы, бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылып КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының бас көтерген елен ерліктері жайлы айтылды. Оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойды.


Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің, Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектепте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай пікір - сайыс өтті.
Тақырыбы: " Білім артық па, байлық артық па?". Мерзімі: 13.12. 2021ж. Уақыты: 16.00 Жауапты: тарих пәнінің мұғалімі А. Сағымбетов Пікір - сайыстың мақсаты:
білімділік: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
дамытушылық: білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл - ойын дамыту.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық және "Жас Ұлан" ББЖҰ 10 жылдық мерекесіне орай "Жас Қыран " балалар мен жасөспірімдер ұйымына 2 сынып оқушыларын қабылдау рәсімі өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық және "Жас Ұлан" ББЖҰ 10 жылдық мерекесіне орай "Жас Ұлан " балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5 сынып оқушыларын қабылдау рәсімі өтті


«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірім ұйымына биыл 10 жыл толуына орай 6 - 8 сыныптар арасында «Біз өнерлі жастармыз» атты тақырыбында флэшмоб өткізілді. Флэшмобтың мақсаты: мектеп оқушыларының жасөспірім шақтан бастап-ақ Отансүйгіштікке, туған елге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғауға бейімдеу.


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған бейне роликтерді оқушыларға көрсету арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп кітапханашысы Ж.Бейсеке «Оқуға Құштар» жобасын негізге ала отырып оқушылар арасында түрлі сайыстар өткізіп,жеңген оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай мектеп оқушыларымен "Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым"атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.





Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мен Туымды мақтан етемін!» челленджі өткізілді


«Тәуелсіздік тұғырым биік болсын» атты тақырыпта сурет көрмесі өтті. Аудандық білім бөлімі Аудан оқушылары арасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған "Қол өнер" көрмесінде Бас жүлдені жеңіп алған Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп оқушысы Сейілхан Аңсар марапатталды






Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: Н.А.Рахимбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив