Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай 04.09.2023-08.09.2023 аралығында өткізілген «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты мектепішілі » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай 04.09.2023-08.09.2023 аралығында өткізілген «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты мектепішілі
06
октябрь
2023

Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай 04.09.2023-08.09.2023 аралығында өткізілген «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты мектепішілі

Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесіне орай 04.09.2023 -08.09.2023 күндері аралығында мектебімізде «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықты жүргізудің мақсаты, міндеттері анықталып, апталықта өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мақсаты: Оқушылардың Отанына, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, ана тілінің қадір-қасиетін бойына дарыту. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдерінің тілдері мен мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Міндеттері: Оқушыларды ана тілін, тарихын, мәдениетін құрметтеуге, өз Отанының, ұлтының патриоты болуға тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуына орай бірлестік жетекшісі оқушылар жиынында Қазақстан халқы тілдер мерекесімен құттықтап, осы мерекенің маңызы туралы баяндап, апталықтың іс-шараларымен оқушыларды таныстырып, еліміздегі тілдер мерекесінің 5-қыркүйекте 2017 жылдан бастап атап өтілетіні туралы атап өтті.
Кітапханада «Тіл-ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханада, сыныпта «Үштілділік-заман талабы» атты бұрыштар ұйымдастырылып, кітапханашы Рахымжанқызы Бұлбұлхан және педагог-ұйымдастырушы 5 Ә сынып оқушыларымен тіл жанашыры, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың кітаптарымен таныстырды.



Тарих пәнінің мұғалімі Әлтен Қалаш «Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?» атты 8 А сыныппен дебат өткізді. Сабақ мақсаты: қазақ тілінің мәртебесі туралы пікір айту, оқушылардың өз пікірін айта білуге үйрету, дәлелдер мен мысалдар, статистикалық мәліметтер қолдана білуге үйрету, тілді құрметтеуге баулу. Қатысушылар. 8а-сынып оқушылары
1.сыныбының оқушылары «Ақиқат»тобы \даттаушы \
2. сыныбының оқушылары «Парасат» тобы \жақтаушылар\
Сайыс бөлімдері:
І.Кіріспе
1.Екі фракцияда 2 спикерден болады.
2.Спикерлер өзгеріп,тақырыбын,дәлелдерін таныстырады.
ІІ.Негізгі бөлім
1.Спикерлер аргументпен мысалдар,статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2.Екі фракцияның ұсыныстары мен қосымшалары
3.Екі фракция бір-біріне сұрақ қояды.
ІІІ.Қортынды
1.Сарапшы сараптамаларын айтады.




Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ж. Оспанбаева және Р. Абилкаирова
5-6 сынып оқушыларының арасында ағылшын тілінде “Live and learn English” тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқу сайысы байқауын өткізді. Үздіктер анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.


Бастауыш сыныптың 3-4 сынып оқушылары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілінде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Үздік оқушылар анықталып, жүлделі орындарға ие болды. 3 а сынып оқушысы Талғатұлы Алмат-1 орын, 3 ә сынып оқушысы Қайнарбекқызы Гаухар -2 орын,4 ә сынып оқушысы Тәттіғали Қалима-3 орынды иеленіп грамоталармен мараптталды.


Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Көзтай Әзиза Сәрсенқызы «Брейн-ринг» интеллектуалды ойын сабағын өткізді. Мақсаты: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оқу – білімге қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды өз елінің сауатты , салауатты азаматы етіп тәрбиелеу Ойынға 3 баладан құралған 3 топ қатысады.Ойын 4 кезеңнен тұрады.Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.Жалпы оқушыларға әр түрлі халықтың тілдерінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу туралы таныстырылым көрсетіп, оқушыларға сұрақтар қойды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды, викториналық сұрақтарды асқан қызығушылықпен орындады.Интеллектуалды Іс-шара барысында әр түрлі халықтардың тілдері, мәдениеті туралы таныстырылды.

Апта бойы «Тіл – ұлттың мақтанышы» атты сынып сағаттары өткізілді. Апталықтың қорытындысы ретінде«Дәуірдің жарық жұлдызы» атты Ахмет Байтұрсынұлына арналған өнеге сағаты өткізіліп, тіл мәртебесі, тілдің қолданылыс аясы бойынша таныстырылым көрсетіліп, тіл апталығы бойынша өткізілген жұмыстар сараланды. Оқушылар тіл туралы өлең жырларын, көркем сөздерін айтып, әндерін арнады. Оқушыларға мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар айту бойынша тапсырмалар беріліп, викториналық сұрақтар қойылды. Апталықтың қорытындысында оқушылар Отанына, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігі артты, ана тілінің қастерлеуді үйреніп, тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдерінің тілдері мен мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін артты. Оқушыларды тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінді.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив