Тәрбие жылдық қорытынды есебі » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июнь
2021

Тәрбие жылдық қорытынды есебі

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 8 бағыты бойынша атап айтсақ.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4.Отбасы тәрбиесі
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.Интелектуалды тәрбие,ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
7.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Аталған бағыттар бойынша 2020оқу жылының жоспарға сай төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
І. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие-
бойынша атап айтқанда 1 қыркүйек күні «Білім күні» «Еліміздің негізгі заңы Қазақстан Республикасының конституциясы 25 жылдығына арналған «Конституция біздің болашағымыз», «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» , «әл-Фарабидің 1050жылдығы», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «мамандық таңдау ертеңді ойлау»атты білім күніне арналған тәрбие сағаттары өтті.. Мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру», «Парасатты азамат», «ҚР рәміздері», «Кітаптар әлеміне саяхат» туралы материалдардан бұрыш жасалып ілінді. Отбасы күнін мерекелеу шеңберіне «Отбасы –бақытым!» атты апталық өткізілді. Барлық сыныпта
рда тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай 04.09.2020-11.09.2020 күндер аралығында мектебімізде «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» тақырыбында апталық өтті.Апталыққы арналған жоспар құрылды апталыққа орай төмендегідей іс-шаралар қашықтықтан ұйымдастырылып өз уақытымен өткізіліп отырды. «Өнер алды- қызыл тіл» атты тақырыпты ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Барлыбаева және Д.Сүлейменов өткізді. «қазақ тілі-біздің болашағымыз » тақырыбында мектептің педагог ұйымдастырушысы Л.Бакеева бейнеролик дайындап 5-9 сыныптар аралығында таныстырылым өткізді.Мектеп кітапханашысы С.Шайыкова кітапханада ZOOM платформасы арқылы оқушылармен «менің халқымның тілі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Қазақ тілі,орыс тілі ағылшын тілінің пән мұғалімдері үш тілде тіл туралы оқушылардың өнерлерін мәнерлеп оқу бойынша поэзия сағаттын өткізді.
Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі А.Қанапиянованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Абай –дана,Абай-дара қазақта!» атты тіл мерекесі өтті.Апталық ZOOM интернет желісі арқылы бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.Әр сыныпта Абай атамыздың өлең жолдарын үзінді және еркін тақырыпта қара сөзден жаттауға ұсыныс беріліп,сол сынып оқушылары белсенділікпен қатысты.
Осы «Абай –дана,Абай-дара қазақта!»атты тіл мерекесіне арналған апталығының қорытындысы бойынша 2 «А» сынып оқушысы Бекен Халима және Қырғызбай Кәусар мәнерлеп оқудан I орынға ие болды.4 «Ә» сынып оқушысы Шәріпхан Бибінұр қара сөз оқудан II орын иегері атанды Апталыққа қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып,дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.Интернет желісі арқылы өткізілген іс-шара оқушылардың тәртіптілігі,сабаққа деген қызығушылықтары көрінді.
22.09-25.10.2020 қыркүйек-қазан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияға байланысты «Жүргізуші – жаяу жүргінші» атты онкүндігі өтті «Жүргізуші – жаяу жүргінші» атты жедел – алдын алу іс – шарасының онкүндік жоспары құрылды .
Іс – шараның басты мақсаты: жолдарда қаза болу , жарақаттанудың жан түршігерлік ауқымына және барлық жол қозғалысына қатысушылардың ықтимал қауіп – қатеріне назар аудару , апаттылықтың алдын алу және жолдарда құқық бұзушылықтарға қатаңдатылған қарсы іс – қимылды алғашқы жоспарға шығару , өзара сыйластық , жолда қауіпсіздік ережесін сақтау , жол апаттарының алдын алуына үлес қосу .
Оқушыларды жолда дұрыс жүріп – тұруға тәрбиелеу , қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін , олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын , қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын , жол белгілерін ажырата білу , жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында 1-4 сыныптар арасында «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі» атты түсіндірме баяндаманы А.Алпысбаева оқып таныстырды . Мектеп директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары Н.А.Рахимбаева «Жол тәртібін жадыңда ұста» деген тақырыпта түсіндірме жүргізіп өтті .Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі жайында педагог ұйымдастырушы түсіндірме жүргізді.Мектеп фельдшері «Жол көлік оқиғасы» кезіндегі алғашқы көмек көрсету түрлерін егжей – тегжейлі айтып түсіндіре отырып , практика жүзінде де көрсете білді . Көп жағдайдан мағлұмат алған балалар мен қыздар мектеп фельдшеріне көптеген сұрақтар қою арқылы көңілдеріне қонымды жауаптар ала білді .Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне жарияланды.
20 қазаннан-20 қараша аралығында өтетін Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» айлығында өткізілген іс-шараларына жоспар құрылып бекітілді.5-11 сыныптар аралығында мектебіміздің педагог-психологы М.Қаблаш «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
«Мен бақытты баламын!» атты фото көрмеге мектебіміздің МАД ,1-11 сынып оқушылары белсене қатысып,марапаттармен марапатталды.
1-4 сынып оқушыларына мектебіміздің педагог-психологы«Өз құқығыңды біл!» атты тақырыбында жадынамамен таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Бүгінгі шақ және болашақ:әр бала үшін қамтамасыз етілген балалық шақ» атты тәрбие сағаттары 5-8 сыныптар арасында өтілді.
«Біз тәуелсіз елдің ұрпағы» атты челенджі 5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылып,өткізілді.
«Позитивті отбасы» бейне ролик топтамасын сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында өттілді.
Тәуелсіздік күніне орай 1-11сыныптар арасында «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тағдыры» сынып сағаттары өтілді. Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік жолындағы және желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың ерлігін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, тәуелсіздіктің елімізге қандай қиындықпен келгенін түсіндіру, оқушылардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін ояту. Шыншылдыққа тәрбиелеу, Еліміздің келешегінің кемелді де келісті болуына ат салысатын өскелең ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу.
Қазқастан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты өткізілетін іс шаралдар жоспары құрылып бекітілді.
Мектеп кітапханашысы С.Шайыкова «Ғасырдың керемет азаматы » атты кітап көрмесін 19 қараша күні 1-11 сынып оқушыларына таныстырды.
Елбасы Н.Назарбаев туралы бейнефилмдерді «Бір ел,бір тағдыр», «Тәуелсіздіктің 7 қыры», «Болашаққа бастар жол», «Парасатты шешім», «Сын сағат» деректі фильмін оқушылар көрді.
«Ел еріне,ері еліне сенген ұлы тұлға» шығармалар байқауы 8-11 сынып оқушылары арасында 23 қараша кіні болып өтті.
«Тәуелсіздіктің 7 қыры » «Бір ел, бір тағдыр» эссе байқауы 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
«Бірлігіміз жарасқан » патриоттық әндер челенджі 5-11 сынып оқушылары арасында музыка пәнінің жетекшісі Р.Халелова ұйымдастырып өткізді.
«Менің Қазақстаным !» «Менің Президентім» тақырыбында сурет байқауы 4-11 сынып оқушылары арасында Көркем еңбек пәнінің мұғалімі З.Абдрасилова ұйымдастырылып өткізді.
Педагог –ұйымдастырушы Л.Бакеева «ЖасҰлан» «Жас Қыран » қатарына оқушыларды қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімнің музейіне» онлайн эккурсияны тарих пәнінің мұғалімі А.Сагимбетов ұйымдастырып оқушыларға көрсетті.
«ҚР Тұңғыш президенті музейіне» онлайн экскурсия 4 желтоқсанда 5-11 сыныптар арасында мектеп кітапханашысы С.Шайыкованың ұйымдастыруымен өтілді.
Педагог ұйымдастырушы Л.Бакеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің бақытты балалары» плакаттар конкурсын 5-11 сыныптар арасында өтілді.
«Тәуелсіздік – ел тірегі » эссе байқауы 7-8 сыныптар арасында өтілді.
Бастауыш сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылып жеңімпаздар I II III орындармен марапатталды.
«Менің елім-Қазақстан» патриоттық әндер байқауын 5-9 сынып оқушылары арасында өтілді.Жеңімпаздар I II III орындармен марапатталды.
16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні! Атты тақырыбында сурет салудан оқушылар арасында байқау өттілді.Ең үздік деп табылған суреттерді ауданға жібердік.Осы аталған іс-шаралардың барлығы әлеуметтік желелерге салынды.Оқушыларымыз «Бір ел,бір тағдыр», «Болашаққа бастар жол», «Сын сағат», «Ұйымдасқан ұтады», «Елдіктің бастауы» атты деректі фильмдерді көрді.
ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстары жүргізілді.Насихаттау мақсатында ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін мәтінін орналастыру ережесіне" сәйкес орналастырылады. ҚР Мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібі ҚР Конституциясында белгіленген заңнамаларға сәйкес қолданылады.ҚР Мемлекеттік Туы мынадай орындауда міндетті түрде көтеріледі. ҚР Президенті Резиденциясының,Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің Үкіметтік, Министрлердің атқарушы органдардың шетелдегі мекемелерінің басшылары Резиденцияларының ғимаратында қолданылады. ҚР Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік гимні мәтінінің бейнелерін стенділерге орналастырылған кезде мемлекеттік рәміздер бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту,Елтаңба,Гимн болуы тиіс.Ұлттық рәміздердің шаруашылық,тұрмыстық бөлмелерден ,кіре берістен және киім ілінетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс.Мектеп бойынша ұстаздармен оқушыларға ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің пайдалану ережелері Конституцияның заңнамаларға сәйкес түсіндіріледі. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау мақсатында жүргізілген жұмыстар жоспарға сай атқарылып отырады. 1-4 сынып оқушылары арасында еліміздің мемлекеттік рәміздерінің авторларын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің түр-түсін білуге, ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің элементтерін білуге,Мемлекеттік Гминін мемлекеттік тілде дауыстап айтуды үйретуге, мемлекеттік атрибуттарға құрметпен қарауға, ҚР азаматы ретінде мақтаныш сезімдерін қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттары өтіліп тұрады.5-9 сыныптар арасында мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихын білуге, мемлекеттік атрибуттарға құрметпен қарауға,ҚР-ның азаматы ретінде мақтаныш сезімдерін қалыптастыру болса,10-11 сыныптар арасында ҚР-ның рәміздеріне құрметпен қарауға,ҚР-ның мемлекеттік Гимнің қандай жағдайларды орындалатыны туралы, олардың орналасу ережесі туралы тәрбие сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бағытталған жұмыстар атқарылып келеді.Сынып сағаттары, диспуттар, профилактика кеңестері , пікір сайыс клубтары, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Мектеп бойынша 22 сынып жетекшілер жұмыс атқаруда.
Мектеп бағдарламасында: құқықтық міндетті оқыту, құқық қорғау органдарының, ішкі саясат бөлімінің, өкілдерімен кездесулер жоспарланып,орындалуда. Оқушылардың құқық тәрбиесі бойынша іс шаралар жоспары жасалған. Жұмыс құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста қызмет жасаумен өткізіледі. Сынып жетекшілер және мектеп әкімшілігінен құрылған топ мүшелері ай сайын рейдтер және жайсыз отбасылардың тұрмыс жағдайларын анықтау жұмыстары атқарады. Жыл бойы өткізілген «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясындағы рейдтерге ата-аналар да атсалысып,балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Жасөспірімдер мен отбасы саласынан жасалған қылмыс, құқық бұзушылық анықталған жоқ;
Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталған жоқ;Жасөспірімдерді қоғамға қарсы әрекеттерге еліктіретін ересек тұлғалар болған жоқ;Спиртті ішімдіктер пайдаланатын адамдар анықталған жоқ.

Мектеп инспекторының қатысуымен үнемі профилактика Кеңесінің отырыстары өткізіледі. Кеңесте тәртіп бұзған,немесе құқық бұзушылыққа жол берген оқушылардың жеке істері қарастырылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары барысында аз қамтылған отбасы категориясындағы балалардың үй жағдайы тексеріледі, ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулер өткізіледі. Жайсыз отбасылардан шыққан оқушыларға үнемі бақылау жасалады.
Құқықтық Кеңесінің мүшелері ІІБ және мектепшілік бақылауда тұрған оқушыларға тәлімгерлік көрсетеді. Олардың сабаққа қатысуын қадағалап, бос уақыттарын ұйымдастырады.

Сонымен қатар мектепте құқық-бұзушылықтың алдын-алу мақсатында кеңес мүшелері құрылған, ата-аналар кіргізіліп мектеп директорының бұйрығымен бекітілген және осы комиссия құрамы ай сайын өткізіліп отырған іс-шараларға талдау жасап, кеңес өткізеді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары, бала құқығын қорғау, мектептегі тәрбиеге қиындық тудыратын оқушылармен жүргізілген жұмыстар т.б қалай іске асырылып жатқанын білу мақсатында біздің мектебімізде «Заңды білу-заман талабы» құқықтық апталығы болып өтті.

Апталыққа арнайы іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Арнайы жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды.
Сондай-ақ, 10 сынып оқушыларымен ашық түрде «Таза, жарқын болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мектептің ұлдар ұйымының ұйымдастырған құқық тәрбие жөнінде 9-11 сынып оқушыларының арасында zoom платформасы арқылы әңгіме сағаты жүргізілді. Кездесу барысында Көксу АІІБ ЖПҚ ЮПТ –нің УПИ полиция аға лейтенанты Д.С.Бекенов оқушыларға адам құқығына, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты негізгі баптарының мазмұны түсіндірді, олардың ерекшеліктерін толыққанды жеткізді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, балаларды қызықтырған мәселелерін жан-жақты ашып түсіндірді.
Сонымен қатар мектеп педагог-психологы 9-11 сынып оқушылармен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында тест жұмыстарын алып, тренинг жүргізді.
Бүгін мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бастап қазақстандықтар бұл күнді мерекелей бастады.
Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнін мектебіміздің ауласында таңғы жаттығудың алдында мектеп оқушыларымен мұғалімдері мемлекеттік Гимін орындады.Мектеп кітапханашысымен бастауыш сынып мұғалімдері бірлесіп «Елдігімнің таңбалары –ең қасиетті мақтанышымыз» тақырыбында іс шара өткізді.Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі А.Сагимбетов құттықтау бейне ролигін түсіріп мектеп ата-аналарын,оқушыларын,ұстаздарын 4 маусым Рәміздер күнімен құттықтау тілегін айтты.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Ал, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған.
Атаулы күнге орай Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Айталық, 28 мамырда тарих пәнінің мұғалімі А.Сагимбетов ата-аналар және оқушыларға арнап 31 мамыр саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу бейне ролигін ұсынды.Тарих пәнінің мұғалімі Г.Жакенованың ұйымдастыруымен саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу тәрбие сағаты 5 сыныптармен өткізілді. 31 мамыр күні 5-10 сынып оқушыларына WhatsApр желісі арқылы саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу бейне роликтері,слайдтар арқылы көрсетіліп оқушыларға мәлімет берілді.
ІІ.Рухани- адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы азаматтық құндылықтарымен,нормаларымен және дәстүрімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын оның қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру құндылықтары негіздерініңоның ішінде құндылықтарға негізделгенбілім беру «қоғамға қызмет» жобасын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру» Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. 25қыркүйектен-02 қазан аралығында « Ұстазыңды ұлықта» тақырыбында апталық өткізілді. Оған барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 02-қазан күні «Менің ұстазым » мерекелік іс шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының халықаралық Отбасы мерекесіне орай 14.09-21.09 күндер аралығында мектебімізде «Отбасы –бақыт мекені» тақырыбында апталық өтті.Апталыққа арналған жоспар құрылды.Апталыққа орай төмендегідей іс-шаралар қашықтықтан ұйымдастырылып өз уақытымен өткізіліп отырды. «Отбасы –өмірдің мәні» жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,мүмкіндігі шектеулі балаларға арналаған қайырымдылық акциясын мектебіміздің әлеуметтік педагогы Р.Джауыншинова мен педагог ұйымдастырушысы Л.Бакеева ұйымдастырып мектепке қажет құралдарын алып берді.«Менің отбасылық құндылықтары » атты отбасылық шығармашылық байқауы1-4 сыныптар арасында өткізілді.«Жанұясыз адам-бұл тамырсыз,сабақсыз,жапырақсыз және жеміссіз ағаш» сынып сағаттарын 3-7 сыныптар арасында өтілді.«Берік отбасы-адамның сенімді тірегі» сынып сағаттарын 8-9 сыныптар арасында өткізілді.«Мен және отбасым» бейне роликтер байқауы ұйымдастырылып 1-11 сынып оқушылары қатысты.Бейне роликтің қортындысы бойынша 4 сыныптар І орынды, 5 сыныптар ІІ орынды,9 сыныптар ІІІ орынды ,бас жүлдені 2 сынып оқушылары жеңіп алды.Мектебіміздің педагог –психологы М.Қаблаш « ата-аналарға арналған кеңестер» бейне ролигін , WhatsApp желісі арқылы жұмыстарын жіберіп отырды.
9 мамыр «Ұлы Жеңіс» күніне қарсаңында өткізілетін
іс-шаралар мамыр айынан жоспарланып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспарланған барлық іс- шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. «Ешкімде ұмыт қалмайды. Ешкімде ұмытылмайды» тақырыбында мектеп кітапханасында көрмелері ұйымдастырылды. Әрбір сынып жетекшілері «Ұлы Жеңіске 76 жыл» арнап 1-11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптар арасында «Ұрпақтар ұмытпайтын –Ұлы Жеңіс» тақырыбында сурет көрмелері ұйымдастырылды. 5-11 сыныптар арасында ҰОС жеңісінің 76 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс үшін рақмет» шығарма байқауы өтті. Тақырыбы ашылған, көркем сурет иелері салған суреттерін қорғап ең үздігі ауданға жіберілді.Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінде тылда жұмыс істеген ардагерлерге «Ұлы Отан ардагерлері ешқашан өшпейді!» тақырыбында бейне роликтер түсіріліп мектеп сайттарына,әлеуметтік желілерге салынды.
«Мен атаммен мақтанамын!» тақырыбында 1-5 сынып оқушыларының арасында челендж ұйымдастырылды. «Отаным-бақыт ордасы» патриоттық әндер байқауы 5-10 сыныптар арасында онлайн түрде өткізіліп,үздік болып табылған патриоттық ән аудандық жарыста ІІ орынға Айқынұлы алғыр марапатталды.
Мектебіміздің АӘТД пәнінің мұғалімі Е.Жаманқаранов, тарих пәнінің мұғалімі А.Сагимбетовтың «Ұлы Отан соғысының 76-жылына» арналған Лабасы округының ардагерлеріне арнап бейне ролик түсіріп,әлеуметтік желілерге жүктелді.
Осы мерекелік іс-шара жастарды отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
«Тәуелсіздіктің басты тірегі - татулық» 1-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Қосымша білім беру педагогіның ұйымдастыруымен «Әлем халықтарының тағамдары» атты онлайн рецепт 6-8 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілді. «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-өлкем Қазақстан!» атты онлайн әр ұлттың ұлттық биі 1-5 сынып оқушылары арасында өткізілді. «Татулығымыз бір шаңырақ астында» онлайн құттықтаулар айтылды. «Бірлігіміз жарасқан», «Достық шаңырағы» атты сурет байқау 1-6 сынып оқушылары арасында өтті.
ІІІ. Ұлттық тәрбие.
Мақсаты:Жеке тұлғаны жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарға,ана тілі және мемлекеттік тілге,қазақ халқының мәдениетіне,Қазақстан Республикасының этностары мен этностық құрмет көрсетуге бағыттау.
Осы бағыт бойынша қарттар күніне арналған Бастауыш сыныптарда «Қарттарым аман-сау жүрші!», «Қарттарым асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Ал жоғары сыныптарда «Көп жасаған қария-ақылы теңіз дария», «Қартарым асыл қазынам», «Қарттарым - ауыл тірегі», «Асыл қария ағып жатқан дария» тақырыптарында тәрбие сағаттары .
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында батырлар жырын жатқа айтудан Қазан айында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» атты мектебімізде байқау өткізілді.Байқаудың жеңімпаздары мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.5-9 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру,туған жер» атты тақырыпта шығарма жазу байқауы ұйымдастырылып,өтілді.Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Мектептегі тарихшы мұғалімдер «Ауылым алтын бесігім» атты тақырыпта бейне ролик жасалды. Ол жерде жалпы ауыл қашан пайда болған? Негізін қалаған кімдер? Бұл ауыл қандай жолдан өтті? Ауылда қандай мықты әулеттер бар? Олардың тарихы қалай жалғасты?» деген мәселелер төңірегінде зерттеулер жүргізіп оқушыларға таныстыру сабағын өтті. «Арыстан баб туралы» аңыз тақырыбында бейне ролигімен бөлісті.
Оқушыларымыз «Тарихи,мәдени» жерлермен танысты.География пәні мұғалімі: Ауылдағы тау, төбе, өзен, көше қалай пайда болған? Бастауын қайдан алады, соңы қайдан тұйықталады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Тіл және әдебиет пәні ұстаздары: «Тау мен өзен не себепті бұлай аталады? деген жұмыстар сабақтарда, сабақтан тыс іс – шараларда жүргізіліп келді.
Қараша айындағы іс шаралар 5-11 сынып оқушылары арасында «Менің ауылымның таңғажайып көрінісі»тақырыбында фото көрме байқауы ұйымдастырылды. 15 қараша күні 10-сыныпта «Болашақ – жастардың қолында» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мектеп оқушыларына Абай шығармаларын насихаттау, оқыту - басты міндет болып табылады. 2020 жылдың қараша айында Абайдың қара сөздерінен оқу челендждері ұйымдастырылды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Өшпес мұра» атты акция ұйымдастырылды. «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» арнайы жобасы 20 қараша күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» арнайы жобасын іске асыру мақсатында қашықтықтан қазақ тілі пәнінің мұғалімі Утенова Айткүл «Латын әліпбиі - өмір талабы» түсіндірме акциясын өткізді.Түсіндірме акциясы 5-10 сыныптардың оқушылары қатысты.Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына орай «Мен Қазақпын» поэмасынан үзінді челенджді Мәмбет ауылдық кітапханасынан Бастауыш сынып жетекшісі Сүлейменова Марал Нүсіпжанқызы қабыл алып,оқушыларға жолдады.
Күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Отбасылық шеберхана» акциясы өткізілді.Шараға жас қолөнершілер мен еңбек пәні мұғалімі қатысып, өз қолдарынан жасаған туындыларын таныстырып өтті.Алтын Ордаға 750 жыл толуына орай және Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына ,Әбу Насар Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай танымдық сабақтар өтіліп, бейне роликтер жасалды.Рухани жаңғыру,туған жер тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.
Желтоқсан айында жоспарға сәйкес жоспарланған «100 атақты адамдардың есімі» тақырыбында шығарма байқауы болып өтті. Жауапты А.Утенова
«Оқи алатын ұлт» бұқаралық қоғамдық қозғалысты іске асыру,кітап алмасу-буккроссинг кітап оқу байқауы ұйымдастырылды. Жауапты мектеп кітапханашысы С.Шайыкова.
Жалпы БОЛАШАҚҚА БАҒДАР :РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ мектебімізде жаңғыруда.
12.03.2021 жылы «Ұлыстың –ұлы күні құтты болсын» атты 22 – наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді.15 наурыз күні «Жеті атасын білген ұл,жеті жұртқа жөн айтар» тақырыбында шежіре күнін атап өттік. Ұйымдастырушылар тарих пәнінің мұғалімдері А.Сагимбетов пен Г.Жакенова белсене ат салысты. 16 наурызда «Ұлттық ойын-ұлт игілігі » атты ұлттық ойындар мектеп алаңында ұйымдастырылды.Педагог ұйымдастырушы Л.Бакеева мен денешынықтыру пәні мұғалімдері белсене оқушыларды қатыстырды.
17 наурыз күні мектеп кітапханашысы С.Болатбаева 22 наурыз мерекесіне орай «Наурыз –мәңгілік ел салтанаты» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында «Бауырсақ пати» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға мектебіміздің қыздары қатысып жүлделі орындарды иеленді. 19 наурыз күні Еңбек пәнінің мұғалімдері Б.Ұзақбаева «Ұлыстың қадам басқан ұлы күні» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге мектебіміздің суретші балалары қатысып жүлделі орындарды иеленді. 19 наурыз күні Қазақ тілі пәндерініңмұғалімдеріА.Утенова,Д.Сүлейменов,
Ә.Балабекова «Батаменен ел көгерер»атты онлайн байқау ұйымдастырылып.Байқауға қатысқан оқушылар өздері жаттаған баталарын айтты.
Бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Баятбек,Р.Адилбекова,А.Тұрғанбаева және ата-аналары «Салт—дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты салт дәстүрді насихаттау іс шарасына қатысты. «Асық ату»ойыны, «ою өрнектерді» насихаттау, «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу» рәсімдерін насихаттады. «Қош келдің,Әз-наурыз» атты іс шарасы онлайн түрінде өтілді. Жоспар бойынша құрылған іс шаралардың барлығы өз деңгейінде ұйымдастырылып оқушылар белсене қатысты.14 наурыз көрісу күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында «Бар бол,қарағым Айналайын» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
ІV.Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялықпедагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсатты: Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін)хабардар ету.Жиналыс қашықтықтан өтілді.Ата-аналарға сілтемелер алдын ала жіберілді.
Қазан айында «қашықтықтан білім алу кезінде баланың қызығушылығын арттыру» жөнінде ата-аналарға арналған кеңестер берілді,жаднамалар таратылды ватсап желісі арқылы.
• «Ана өмірдің гүлі» атты фото сурет көрмесі, «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты құттықтау презинтациясын мектебіміздің оқушы ұлдары ұйымдазтырып жылы лебіздерін білдірді. «Ана өмірдің гүлі», «Ана-өмірдің шуағы» атты тақырыпта 1-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты болып өтті.
• «Аяулы да алтын нұрлы анашым» көркем оқу байқауы,үздік құттықтау байқауына мектеп оқушылары белсене қатысып мақтау қағаздарымен марапатталды.
• Мектепалды даярлық сыныптары аналарына арналған ертеңгілік болып өтті.Бүлдіршіндер аналарына арнап өз өнерлерін ортада көрсетті.Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі Г.Жұмақожаева «Наурыз аруын» ұйымдастырды.
• «Қыз еркем,бұрымымен көркем» іс –шарасы ұйымдастырылды.Іс-шараға 3-4 сынып қыздары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
• 8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесіне орай аудандық ән байқауы болып өтті.Байқауға 5 «Ә» сынып оқушысы Айқынұлы Алғыр қатысып ІІІ орынды жеңіп алды.
• Бастауыш сынып оқушылары 8 наурыз «Халықаралық аналар мерекесіне» арналған жүрек жарды құттықтауларын арнады.1-4 сынып оқушылары қатысты.
• Мектебіміздің директоры Г.А.Асылбекова мектеп ұжымын мерекелік концертте құттықтап,мектептің ардақты ұстаздары мен кіші қызметкерлерін алғыс хатпен салтанатты түрде марапаттады.
• «Анама арнаймын», «Анама хат» іс – шарасы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары іс-шараға белсене қатысты және өз аналарына арнап жылы лебіздерін білдірді.
• Педагог ұйымдастырушы Л.Бакеева «Алғыс айту күнінің шығу тарихы»тақырыбында 1-11 сыныптар арасында таныстырылым жасады.Мектеп психологы М.Қаблаш және педагог ұйымдастырушы Л.Бакеева «Алғыс білдіру»тақтасын ұйымдастырды.Оқушылар өз тілектерін білдіріп алғыстарын айтты.Мектеп директоры Г.А.Асылбекова мектеп оқушыларының ата-аналарына,демеуші-меценаттарға 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай құттықтау тілегін бейгне ролик арқылы айтты.1-11 сынып оқушыларына «Алғыс айтудың шексіздіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Алғыс бата ал» қарт адамдарға көмектесу мақсатында мектебіміздің 10 «А», «Ә» сынып оқушылары қарт ата ,апаларымыздың қарын күреп көмек қолдарын созды. «Ата –анам алтын тұғырым» тақырыбында мектепалды даярлық сынып оқушылары фотосурет көрмесін ұйымдастырды.
• Мектеп кітапханашысы С.Болатбаева 1-10 сыныптар арасында «Ұстаздарға рахмет!» тақырыбында арнау ұйымдастырылды.

V.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие .
Мақсаты: Қырқүйек айында WhatsapApp желісі арқылы Мектепте өрт кезіндегі эвакуация ережесімен АӘД пәнінің мұғалімі Е.Жаманқаранов таныстырып өтті.
Өрт шыққан жағдайда дереу 101 телефоны бойынша өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақыратындығы туралы айтты. 112 нөміріне қоңырау шалу тіпті SIM-карта болмаған жағдайда да ұялы телефоннан мүмкін екндігі және нақты мекен-жайы мен қабатын көрсету және мүмкіндігінше бір адам оларды қарсы алу қажеттігі жайлы ескертіп кетті. Тағы да басқа ережелермен барлық сынып оқушылары таныстырылды.Оқушының өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. 5-10 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Табиғат көркіне сүйіспеншілікке әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу. Бас жүлде -8сынып, І-орын 7 сынып, ІІ-орын 6сынп, ІІІ-орынды 5 сынып оқушылары иеленді». «Күз кереметтері» сурет байқауы 2-5 сыныптар арасында ұйымдастырылды.Қараша айында «Заманауи би байқауы», «Ас үй ханшайымдары» байқаулары болып өтті.
Қыркүйек айында WhatsapApp желісі арқылы «Төтенше жағдайлардың алдын алу» атты лекция мен таныстырылым өтті.
Күн сайын бұқаралык ақпарат құралдарында әртүрлі елдерде болып жатқан жер сілкіністері, селдер, опырылымдар, су тасқындары, дауылдар, орман өрттері, шаңды дауылдар, құрғақшылықтар салдарынан адамдардың өлім-жітімі, қалалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қирауы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы әсерінен табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғатын басқа да апаттар жайлы хабарлама берілді
Instaqram желісіне салынды.
Қыркүйек айында WhatsapApp желісі арқылы «Төтенше жағдайлардың алдын алу» атты лекция мен таныстырылым өтті.
Күн сайын бұқаралык ақпарат құралдарында әртүрлі елдерде болып жатқан жер сілкіністері, селдер, опырылымдар, су тасқындары, дауылдар, орман өрттері, шаңды дауылдар, құрғақшылықтар салдарынан адамдардың өлім-жітімі, қалалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қирауы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы әсерінен табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғатын басқа да апаттар жайлы хабарлама берілді
Instaqram желісіне салынды.
«Өрт тілсіз жау» атты науқаны өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты үйде, мектепте, аулада, орман, далада отпен жұмыс істегенде абай болуға, қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеугенде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін үйрету және практика жүзінде дайындық ережелерін көрсету.
Қазанда айында мектебімізде құрылған «Жалын» жас өрт сөндірушілермен бірлесіп 1 «Ә» сыныбының жетекшісі Ә.Алпысбаева, 4 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі М.Сүлейменовалар өртке байланысты WhatsapApp желісі арқылы тәрбие сағаттарын өткізді.
1 «Ә» сыныптың тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
4 «Ә» сыныптың тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға оттың пайдасы және зияны туралы түсінік беру; от қауіптілігі туралы ұғымын меңгерту, өмір қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру.
2. Көрнекі ойлау және салыстыру, жинақтау іскерлігін дамыту;
3. Өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын қорғауға тәрбиелеу. Кездейсоқ өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдауын қалыптастыру.
Оқушыларға өрт кездейсоқ шықпайтындығы туралы нақты дәлелдермен айтып өтті, балаларға оттың дос та, жауымыз да бола алатындығы туралы түсіндірді.
Қазанда айында мектебімізде құрылған «Жалын» жас өрт сөндірушілермен бірлесіп 1 «Ә» сыныбының жетекшісі Ә.Алпысбаева, 4 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі М.Сүлейменовалар өртке байланысты WhatsapApp желісі арқылы тәрбие сағаттарын өткізді.
1 «Ә» сыныптың тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
4 «Ә» сыныптың тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға оттың пайдасы және зияны туралы түсінік беру; от қауіптілігі туралы ұғымын меңгерту, өмір қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру.
2. Көрнекі ойлау және салыстыру, жинақтау іскерлігін дамыту;
3. Өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын қорғауға тәрбиелеу. Кездейсоқ өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдауын қалыптастыру.
Оқушыларға өрт кездейсоқ шықпайтындығы туралы нақты дәлелдермен айтып өтті, балаларға оттың дос та, жауымыз да бола алатындығы туралы түсіндірді.2021 жылы 26-30 сәуір аралығында «Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбында экологиялық апталық өткізілді.Экологиялық білім беру апталығының мақсаты: Адамзаттың табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру; Экологиялық мәдениетті,салауатты өмір салтын қалыптастыру; Өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер реттінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.Экологиялық апталықтың жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді.Апталықтың бірінші күнінде Экологиялық апталықтың ашылғанын хабардар етілді.Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Жер – біздің ортақ үйіміз?» бейнеролигі оқушыларға таныстырылды. Екінші күні 1-2 сыныптар арасында «Біздің үйдің жануарлары» сурет байқауы ұйымдастырылды. 3-4 сыныптар арасында «Мен табиғатты аялаймын» әлеуметтік экоплакаттар сайысы ұйымдастырылды.Оқушылар белсене ат салысты. 5-6 сыныптар арасында Халықтық нанымдар ,жұмбақтар,табиғатқа ұқыпты қарау туралы мақал-мәтелдер айтудан жарыс болды. 7-8 сыныптар арасында «Менің сүйікті табиғат бұрышым» тақырыбында суреттермен фотосуреттер байқауы ұйымдастырылды. Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі тақырыбында суреттер мен фотосуреттер байқауы ұйымдастырылды.
Мектеп ауласы мен үйді абаттандыру аналарымен бірге тазалады.Экологиялық апталыққа белсене қатысқан оқушыларды мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды

VІ.Интелектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Әрбір оқушының зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Мектеп оқушыларына Киберқауіпсіздік,кибергигиена,киберкөпмәдениет бойынша тәрбие сағаттары болды.Педагог ұйымдастырушы Л.Бакеева Қазақстанның үш нысанының суретін салу: Тамғалы петроглифтері,Х:А:Яссауи мавзолейі,Батыс Тянь-Шань табиғи нысаны 5-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу; Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру. Күз байлықтары:астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюуге тәрбиелеу мақсатында 5-8 сыныптар арасында «Күз кереметтері» сурет байқауы онлайын арқылы өткізілді. 9 -11 сыныптар арасында «Алтын күз» байқауы өтті.
«Күз кереметтері» сурет байқауында І – орынды 5 «Ә» сынып, ІІ – орынды 6 «А» сынып, ІІІ – орынды 7 «Ә» сынып. «Алтын күз» байқауында І – орынды 10 «А» сынып, ІІ – орынды 10 «Ә», ІІІ – орынды 9 «А» сыныптар алды.
Instaqram желісіне салынды. «Тәуелсіз елдің көшбасшысы болуға ұмтыламыз» атты тренингін мектеп психологымен бірлесіп ZOOM платформасы арқылы 9-10 сыныптармен өткізілді. оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру. Барлық сыныптар белсенді қатысты.
Тренингтің мақсаты: оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру.
Мектебімізде бойында түрлі ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін оқушыларды анықтау, олардың үлгі боларлықтай қасиеттерін дәріптеу мақсатында "Жас Ұлан" ұйымы мен педагог-ұйымдастырушы мектепішілік "Ең үздік - оқушы" сайысын таныстырылым арқылы өткізді. Сынып оқушылар өте белсенді қатысты.

VІІ.Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие.
Мақсатты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық обьектілерді қабылдауға,меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту. «Ұшқыр ой алаңы» мектепоқушыларының дебаттыөқ қозғалысы жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру.Мектеп кітапханасы С.Шайықова 8-10 сынып оқушысыларымен Әлемдік мәдениет-кітапта Әлем әдебиетін оқудан жарыс болып өтті.Қазақ халқының қолданбалы қолөнерін Бастауыш сынып ӘБ Қанапиянова А.Н ұйымдастыруымен болып өтті.
Мектебімізде 2012 жылдан бастап Өлкетану мұражайы ашылып, мұражайдың жетекшілері Е.Жаманқаранов және А.Сагимбетов сегіз бағыт бойынша өлкетану мұражайының жұмысы жүргізілуде.
Маусымның жетісі күні 1-4 сынып оқушылары Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің мұражайына онлайн түрінде саяхаттады.Бастауыш сынып оқушылары мектеп мұражайынан Жылқайдар Егінбаев және Жанайдар Егінбаев аталары туралы, «Ұлы Отан соғыс ардагерлеріміз» , «Ауыл тарихы»,Ағайынды «Үш тас», «Тыл еңбек ардагерлері», «Көне дәуірдегі заттар», «Ең алғаш мектеп ашылғаннан бергі мектеп директорлары және ұстаздары» туралы өздеріне көп деген қызықты мағлұматтар алып,алған әсерлерімен бөлісті.
Қасымжанова Асел 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мектепшілік ұйымдастырылған барлық іс –шараларға белсене қатысты.Мереке күнін таңғы жаттығу және флешмоб биімен басталып,мектеп ауласында өткен «Асфальтта сурет салу» конкурсына қатысты. «Менің досым» тақырыбында сурет салды. Балалар күніне орай мектебімізде эстафеталық жарыс ұймдастырылды Асел осы жарысқа белсене ат салысты.Мектеп психологы М.Қаблаш «Сиқырлы саусақтар» ойынын ойнатып сабаққа деген қызығушылығын оята білді.



VІІI.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір ағымына сай тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық талаптарын сақтауға дағдыландыру. Адам ағзасын улайтын арақ, темекінің зиянын салыстыра насихаттау, күресу.
2020 жылы 13 қазан «Денсаулық күні» фестивалі болды.Салауатты Қазақстан бағдарламасын орындау мақсатында өткелі отырған «Денсаулық күні» фестивалін, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Рахимбаева оқушыларға, ұстаздарға биылғы жылғы «Денсаулық күні» фестивалінің мақсатын айтып, денсаулық күні мерекесімен құттықтады Салтанатты жиын 11- де басталды. Мектеп алды мерекеге сай безендірілді. Жалаушалар ілініп, әр сыныптың қолында денсаулыққа байланысты плакаттар болды. Сөз, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шалбаев Жарқынбек Жұмабекұлына берілді. Ол кісі өз сөзінде Салауатты өмір салты, спорт денсаулық кепілі екендігін, шынықсаң шымыр боласын! Жастардың спорттың пайдалы жақтарын айтып өтті. Мектеп оқушылары 2020-2021 оқу жылында аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда мектебіміздің мәртебесін көтеріп, спортта жетістіктерге жеткен оқушыларды ортаға қошеметпен қарсы алды. Келесі сөз дене шынықтыру пәні бірлестігінің жетекшісі Уалиев Азаматқа беріліп, оқушыларды «Денсаулық күні» фестивалінің өту ретімен таныстырып өтті. Оқушылар сайыстың алдында денелерін қыздыру үшін флешмоб биін билеп, жаттығулар жасады.Денсаулық күніне 1-4 сынып оқушылары қатысып,жүлделі орындарға ие болды.3-4 сынып Ұлдарының арасында 400 метр қашықтыққа жүгіріп 4 сынып оқушылары Манап Жарқын 1 орынды,Оразымбек Исмайл 2 орын,Тәңірберген Әділ 3 орын,Сағади Сұлтан 3 орын ды иеленді. 3 сынып ұлдары арасында 400 метр қашықтыққа жүгіруден Қырғызбай Сұлтанбейбарыс 1 орынды,Талас Арнат 2 орынды,Салтанатұлы Сабырлы 3 орынды,Үмбетұлы Ерасыл 3 орынды иеленді.
2 сынып оқушылары арасында 30метрге ұлдар арасында Тоқтасын Әмірлан 1 орынды,Бақыт Аман 2 орынды,Жомарт Айсер 3 орынды, Қажықұмар Азамат 3орынды иеленді.Қыздар арасында 30 метр ге жүгіруден Қырғызбай Кәусар 1 орын,Бекен Халима 2 орынды,Маусымбек Іңкәр 3 орынды, Есмұрат Еркежан 3 орынды иеленді.1 сынып оқушылары арасында 30метрге жүгіруден ұлдар арасында 1 орынды Елемес Дәулет,2 орынды Серікбол Әлихан,3 орынды Кеңшілік Мансұр,Бақытнұрұлы Ерқанат иеленді.Қыздар арасынды 1 орынды Амангелді Айша,2 орынды Дәуітбек Аружан,3 орынды Шалданбек Айым,Садық Дильназ иеленді.
3 сынып оқушылары арасында 60 метр қашықтыққа жүгіруден 1 орынды Қонақпай Жігер,2 орынды Қырғызбай Сұлтанбейба
рыс,3 орынды Талас Арнат,Жексенбинов Жанаділ иеленді.Қыздар арасында 60 метрге жүгіруден 1 орынды Шалданбек Назым,2 орынды Адалбекқызы Нұрсауле,3 орынды Шаріпхан Айзере,Бекеш Айару иеленді.
4 сынып оқушылары арасында 60 метрге жүгіруден ұлдар арасында 1 орынды Манап Жарқын,2 орынды Сағади Сұлтан,3 орынды Ғабди Нұрбақыт,Құсайын Бақберген иеленсе Қыздар арасында Шәріпхан Бейбінұр 1 орын, Есмұрат Асылай 2 орын, Абай Ақерке,Қалибек Іңкәр 3 орынды иеленді.Барлық оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша 6-11 сынып оқушыларына Педикулез ( биттеу )- кең таралған балалардың арасындағы паразиттік сырқаттанушылық, педикулездің қоздырғышы - биттер.
Биттерден жұғу жолы;
-Биттеген адаммен қарым- қатынаста болғанда;
Биттер –құртымдай жәндіктер,тері және киімде өмір сүреді.
Педикулездің белгілері;
Биттің тістеген орнының қышуы және олардың жұмыртқалары мен биттердің болуы.
Биттердің 3 түрі бар;
- Бастың педикулезі (биттер шашта )болады,
- Шап педикулезі (биттер шаптың шаштарында ) болады,
- Киім педикулезі (биттер адамдардың киімдерінде) болады.
Шашта сірке болу – педикулездің белгісі. Сіркелер тек бас және шап биттеріне тән болады. Сіркелер - кішкене 2-3мм жылтыр көпіршіктей болып шашка жабысады. Сіркелер тірі және өлі болады. Биттер тарақпен, шашқа арналған щеткалар арқылы жұғады. Адамнан адамға паразиттер жұғуы мүмкін. Бас биттері биік секіре алады және өте шапшаң болады.

Қазақстан Республикасы «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы облысының фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2021 жылы наурыздың 03 –ні №169 шығыс құжат негізінде 2021 жылғы 24 ақпанда бүкіл әлемде «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай туберкулездің алдын алу бойынша айлық» өткізілді.
9-11 сынып оқушыларына «Туберкулез туралы не білу керек» тақырыбы бойынша мазмұндама алу жұмыстары жүргізілді. Мектеп медбикесі оқушыларға штатық режимде оқуына байланысты «Туберкулез туралы не білу керек» тақырыбында түсіндірме сабағын өткізді, 39 оқушы толық қатысты,4оқушы интернат оқушылары болғандықтан қашықтықтан түсіндірме жұмысы жүргізілді.11 сынып оқушылары 28 оқушы толығымен мазмұндамаға қатысты.Мектеп оқушылары толығымен туберкулез туралы білді.Туберкулездың жұқпалы ауру екенін, жөтелу,түшкіру кезінде сөйлеу кезінде бір –біріне жұғатынын түсінді.Балалар туберкулездың алдын алу үшін БЦЖ вакцинасы салынатынын білді.Жасөспірімдер мен ересектер өкпе флюорографиясынан өтетінін жақсы біледі.Өзін туберкулез ауруынан қорғау үшін дұрыс тамақтану,спортпен айналысу,таза ауада көп уақыт өткізу,темекі шекпеу,үй-жайларды жиі желдетіп тұру керек екенін жазған.Туберкулез ауруын бастан өткерген адамдар оқуды және жұмыс істеуді жалғастыра алады екенін барша оқушылар жазған. 10-сынып оқушылары қашықтық режимде оқуына байланысты WhatsApp месенджер арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді оқушылар толық мағұлмат алды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жәніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы шеңберінде жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын бос уақытын ұйымдастыру,сондай ақ балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырылып онда су айдындарында балалардың өлімінің алдын алу мақсатында мектепшілік жоспар құрылып бекітілді.
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп оқушыларымен «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы » сынып сағаттары WhatsApp желісі арқылы өткізілді.Сынып сағаты барысында балаларға «Судағы қауіпсіздік» ережелері түсіндірілді.Сынып жетекшілердің Шомылу науқанындағы қауіпсіздік ережелері туралы видео ролиіктері көрсетілді.Сынып жетекшілер ата-аналарға zoom платформасы арқылы түсіндіру жымыстарын жүргізіп,хаттамалары толтырылып өткізілді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты аттестат алу салтанатты жиынның мәліметі
Іс-шараның мақсаты : Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау,білім құндылықтарын қалыптастыру,білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі маңыздылығы,патриотизмге тәрбиелеу,жастардың бойында жоғары әлеуеттік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау,Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
1.Өткен орны: Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп алаңы
2.Өтетін уақыты: 14.06.2021ж сағат 10.00-10.40
3.Қатысатын сыныптар. 11 –сынып
4.Безендірілуі: ҚР-нің Мемлекеттік Туы,дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, гүлдер, банер
2020-2021 оқу жылында 11 сынып бойынша 28 шәкірт білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.Соның ішінде 4 оқушымыз «Алтын белгіге» бітіріп отыр 1.Назарқұл Аружан 2. Абдұрзақ Айнұр 3. Қабдолдаева Тоғжан 4. Оралбай Назерке
Алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Асылбекова Гүлжанат Ақболатқызына берілді
Жас түлектердің ата-анасы Мұхаметқалиева Айым Қабайқызына берілді.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып,жамандығын жасыра білген сынып жетекшісі Салқынбаева Жазира Сағадиқызына сөз кезегі беріліп ізгі тілегін жолдады.Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Асылбекова Гүлжанат Ақболатқызына және директордың оқу тәрбие ісінің орынбасары Абилов Төлентай Жанайбекұлына тапсырылады.Мектеп бітіргелі отырған 28 жас түлектерге аттестат тапсырылды.Балалық бал дәурен шақты артқа салып,үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі Қабдолдаева Тоғжан Ерікқызына берілді.Жас түлек өз достарына деген ізгі тілегін білдірді.
1. Қоштасу Вальсі
2. Флешмоб биі
3. «Қош бол мектебім » әнін Қабаева Гүлназ Қабаева Дильназ қыздардың орындауында .
4. Шар ұшыру рәсімі
ІІ кезең «Ағаш отырғызу» акциясына 11 сынып оқушылары толығымен қатысып Ағаштарын отырғызып,тілектерін айтты.

Мықты жақтары:
1) Мектепте мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық ортаның қалыптасуы
2) Негізгі 8 бағыт бойынша жұмыстардың толық қамтылып,ұйымдастырылуы
3) Барлық іс –шаралардың мәліметтері әлеуметтік желілерге уақытылы жүктелуі
4) Сынып сағаттарының кесте бойынша уақытылы өткізілуі
5) Іс-шаралардың материалдық базаларының жинақталуы
Әлсіз жағы:
1) Патриоттық сезімнің жекелеген оқушының бойында әлсіздігі
2) Азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиедегі оқушыларға тағы да қамтылуы аз болғандығы.
3) Оқушылардың өткізілген іс-шараларға толық қамтылмауы.
4) Сынып жетекшілердің толығымен ат салыспауы.

Мүмкіндіктері:
1) Атаулы даталарға оқушылардың көптеп қатысуы.
2) Ашық сынып сағаттарын жиі өткізу.
3) Ұл балалармен жұмыс жүргізу
4) Ата-аналармен тренингтер,оқыту семинарын ұйымдастыру
5) Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысу Қауіптері:
1) Сапасы төмен бұқаралық ақпаратқа және интернет-сайттарға жақын болуы.
2) Отбасы тәрбиесінің төмендеуі.
3) интернет желісінің нашар болуы




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.А.Рахимбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив