Жанұя бақыты тренинг ата-аналарға » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2021

Жанұя бақыты тренинг ата-аналарға

Ата-аналарға тренинг
Тренинг тақырыбы: «Жанұя бақыты»
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Барысы:
1.Танысу жаттығуы
2.«Жанұя бақыты» жаттығуы
3.“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
4.Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
5.Саусақ ойыны « Жұдырық-алақан -қабырға».
6.«Тілек шамы». (Қорытындылау)
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
І. «Танысу» жаттығуы
Ата-аналар өз есімдерін және баласының есімін айтып өз баласының бойындағы жақсы қасиеттерді атап айту.
2.«Жанұя бақыты» жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Жаттығудың шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
3 “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.
5. «Тілек шамы». (Қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Психолог:«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!





Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ

Ата-аналарға тренинг
Хаттамасы
Тренинг тақырыбы: «Жанұя бақыты»
Мерзімі: 11.10.2021ж
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Тренинг барысында: Ұйымдастырылу кезеңінде ата- аналармен сәлемдесіп, танысу жаттығуы орындалды. Ата-аналар өз есімдерін және баласының есімін айтып өз баласының бойындағы жақсы қасиеттерді атап айтты.
«Жанұя бақыты» жаттығуы орындалды.
«Бақытты жанұя» моделін құрылды. Ата-аналар өздерінің отбасының салып, көрсетті.
3 “Сөйлемді аяқта” әдістемесі. «Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….», «Отбасы бұл…», «Отбасым бақытты болу үшін…», « Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…», « Мен қалар едім отбасымның…» - деген сөйлемдер бойынша өз ойларымен аяқтады.
4. Тыныштық сәтінде баяу музыканың үнімен «Гүлдің оянуы» мәтіні оқылды. Ата- аналар алған әсерлерін айтты.
5. «Тілек шамы». Жаттығуы арқылы тренинг қорытындыланды.
Жаттығу барысында ата- аналар бір-біріне ізгі тілек, ыстық лебіздірін білдірді.



Педагог- психолог: М.Каблаш
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив