11 сыныптармен жұмыстар » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2024

11 сыныптармен жұмыстар

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ
11 сынып оқушыларынан алынған тест нәтижесі бойынша жүргізілген түзету- дамыту жаттығулары
Тақырыбы: «Біз үрейден құтыла аламыз ба?»
Мақсаты: Жағымсыз уайымды жеңу, бойдағы үрей мен қорқынышыты төмендету техникасын меңгерту, эмоциялық қобалжуды басу, дене қымысын түсіру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында қобалжу деңгейі төмендейді, сенімді мінез-құлық дағдылары дамиды;
Жетістікке ұмтылу қабілеттері қалыптасады;
Өз-өзіне деген сенімділігі артады;
Жағымды психологиялық ахуал орнап, көңіл-күйлері көтеріледі.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу , топқа бөлу, ахуал қалыптастыру.
Сұрақтар.
Қобалжу дегеніміз не?
Қобалжыған адам қалай көрінеді?
Қандай жағдайда адам қобалжиды?
Ал үрей дегеніміз не?
Қандай адам қорқады?
Үрей мен қобалжуды жеңуге бола ма?
Тапсырма беру:
І топқа - Үрей дегеніміз не және оның адамдарға әсері қандай?
ІІ топқа - Үрейден шығу жолдарын жазып, кеңес беру.
«Маған ұнайды қай кезде.....?» жаттығуы
Мен ашуланамын, егер.....
Мен өзімді ұстай алмамын, қай кезде.....
Маған ешнәрсе ұнамайды......
Мен қатты ызаланамын, қай кезде......
Мен шыдай алмаймын......
Мен үрейленемін егер.....
Мен үрейден құтыламын, қай кезде......
«Емтиханда мен неден қорқамын ?» жаттығуы
Мен неден қорқамын? Еске түсіріп, сол сезімде болу. Ал сол жазған нәрсе болады дейік сонда не болмақ. Біз неден қашсақ, не ойласақ сол болмақ. Қашпайық қорқынышты қабыл алайық. Енді не болмақ? ҰБТ тапсыру соңғы баспалдақ па? Бізде сондай жағдайды болдыртпауға толық мүмкіндік бар. Күнделікті қандай жағымсыз ой келсе, соны тоқтатып: «Мен күш-жігерімді сала отырып дайындалып, қалаған балды тестен алып шығуға лайықпын» деп аяқ астына тастап, оны мыжып тастаңдар.
«Уақытты сезіну» жаттығуы
Талқылау:
- Сен үшін осы уақыт ұзақ созылды ма, әлде тез өтіп кетті ме?
Уақытты қабылдау адамның дәл қазіргі көңіл күйімен байланысты екендігі анықталады. Жалығу, көңіл толмау, қобалжу осы шақтың созыла түсуімен байланысты. Қуаныш, қызығушылық, уақыттың тез өтуімен сипатталады.
«Екі қолмен бірге» жаттығуы
Нұсқау: Әрбір бала екі қолына бір қаламсаптаң ұстайды. Белгі берілгеннен бастап, оқушылар екі қолыммен бірге параққа еркін сызады. Уақыт өткен сайын сызу барысы жылдамдатылып тұрады, солай шаршаған ша.
«Проблемаларды жою» жаттығуы
Оқушылар қорқыныш пен үрейді сурет етіп бейнелеп, салып болған соң «мен қорқыныш пен үрейді жеңе аламын» деп урнаға тастайды
«Жылы лебіздер» жаттығуы
Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін жүрекшелерге жазып шынжыр әдісімен беріп шығады.
«Шеңбер» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құрып «Мен қорқпаймын, мен өзіме сенімдімін» деп айтады








Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ
11 сынып оқушыларынан алынған тест нәтижесі бойынша жүргізілген түзету- дамыту жұмыстарының
Хаттамасы №
Мерзімі:
Қатысқандар: 11 сынып оқушылары
Барлығы 15 оқушы
Қатысқаны: 15 оқушы
Тақырыбы: «Біз үрейден құтыла аламыз ба?»
Мақсаты: Жағымсыз уайымды жеңу, бойдағы үрей мен қорқынышыты төмендету техникасын меңгерту, эмоциялық қобалжуды басу, дене қымысын түсіру.
Тренинг барысында: оқушылар ортаға шығыап шаттық шеңберінде психологиялық ахуал қатыптастыра отырып топтарағ бөлінді.
Келесі кезеңде ой қозғау оқушыларға сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға оқушылар дұрыс жауаптар беріп ойларын айтты.
Келесі кезеңде оқушыларға тапсырмалар берілді.
І топқа - «Үрей дегеніміз не және оның адамдарға әсері қандай?» ІІ топқа - «Үрейден шығу жолдарын жазып, кеңес беру» екі топтың оқушылары да дұрыс әрі нақты жауаптарын берді
Келесі кезеңдерде қатысушыларға. «Маған ұнайды қай кезде.....?» жаттығуы, емтиханда мен неден қорқамын ?» жаттығуы, «Уақытты сезіну» жаттығулары рет ретімен орындалды
Талқылау жұмысынан соң да бірнеше жаттығулар орындалды. «Екі қолмен бірге», жаттығуы «Проблемаларды жою» жаттығуы «Жылы лебіздер» жаттығуы, «Шеңбер» жаттығулары ойнатылды.
Қорытынды: бүгінгі өткен тренингке оқушылар белсене қатысты. Тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Адам бойындаға үрей, қорқыныш, қобалжу сезімдерін қалай оңай жеңе алатындықтарын үйренді

Педагог- психолог: М.Каблаш

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив