ҰБТ ға арналған кеңестер » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2024

ҰБТ ға арналған кеңестер

Ж.Егінбаев атындағы интераты бар орта мектеп КММ
ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес
Құрметті ата-аналар!Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?
- Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.
- Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.
- Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.
- Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.
- Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.
- Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.
- Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.
- Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.
- ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
- Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.
- Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
- Тамақтануына көңіл бөліңіз: баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.
- Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.
- Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.
Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.
Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:
· Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына сендіріңіз.
· Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.
· Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.
· Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.
· Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.
· Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.
· Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.
· Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.
· ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.

Ж.Егінбаев атындағы интераты бар орта мектеп КММ
Қорытынды емтиханға дайындық бойынша ата-аналарға берілген кеңес
Хаттамасы №
Мерзімі: 12.12.2023 жыл
Қатысқандар: 11 сынып оқушыларының ата- аналары
Барлық ата- аналар саны: 15
Қатысқан ата- аналар саны: 12
Тақырыбы: «Қорытынды емтиханға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес»
Мақсаты: 11 сыныптың ата- аналарына қорытынды емтиханға байланысты балаға отбасында психологиялық қолдау көрсету, дайындық жұмыстары кезінде баланың моралық және материалдық жағдайын жасау, қадағалау.
Кеңес беру барысында:
ата-аналарға психологиялық қолдау– баланы қорытынды емтиханды сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы ата- ана екендігі түсіндірілді.
Баланы қалай қолдау керек? Оның күшті жақтарына сүйену, нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болу,үйде достық жағдай қалыптастыру, үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындау, балаға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесу, бір уақытта қатал әрі мейірімді болу және баланы үйде үнемі қолдау, оның уайымдап жүргенін түсіістікпен қарау емтихан алдында баланың үрейін жоғарылатпау, дайындық режимін бақылау, қадағалау, тамақтануына көңіл бөлу бос уақытын тиімді пайдалану, демалуын қамтамасыз ету, көңіл-күйіне бақылап отыру, сияқты тағда басқа көптеген кеңестер берілді.
Қорытынды: ата- аналар кеңеске толық қатысты. Өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тиесілі жауаптарын алды.
Емтиханға дайындық жұмыстарын жүргізуге отбасында дұрыс қадағалауға ат салысатындықтарын айтып, пікірлерін білдірді.

Педагог- психолог: М.Каблаш

Похожие публикации:

04 декабрь 2023 Коучинг
19 сентябрь 2022 мәлімет
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив