Ата -аналар жиналысы » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2023

Ата -аналар жиналысы

Х А Т Т А М А №1.

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебі бойынша білім алушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы бойынша ата-аналардың қатысуымен жиналыс болып өтті.

Қатысқандар: 03.09.2022ж.
Мектеп директоры - Г.А.Асылбекова
ДОІЖО - Т.Ж.Абилов
ДТІЖО - Н.А.Рахимбаева
Ата-аналар,
Сынып жетекшілер – 22
Күн тәртібінде:
1. Қ.Р.Білім және Ғылым министрлігі 2016ж.14қаңтардағы №26 бұйрығымен таныстыру. /мектеп директоры Г.А.Асылбекова /
2. Мектеп формасының бірыңғай стандартының сақталуы және білім беру мекемелерінің мектеп формасын киюі туралы талаптармен таныстыру. /ДТІЖО Н.А.Рахимбаева

Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін Г.А.Асылбекова алып, бірінші мәселе бойынша ата-аналарды Қ.Р.білім және Ғылым министрінің 2016ж.14қаңтардағы №26 бұйрығымен «жалпы білім беретін мекемеге» мектеп формасын кию туралы талаптармен таныстырды. Ата-аналар комитетінің төрайымы А.Чамчикбаева қатысуымен және мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша мектеп оқушыларының формасы көк түс екені белгілі. Оған 2017-2018оқу жылында көшкенін білесіздер, мектеп формасы келісілгендей міндетті түрде қыздарға қанық көк юбка, жакет, ақ кофта, ақ бантик, ұлдарға қанық көк шалбар, классикалық костюм, ақ рубашка кию керектігін айтып өтті.
Келесі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Рахимбаева сөз алып, мектеп формасы қандай болу керек екенін тағы қайталап өтті. Ұл балаларға көк түсті костюм-шалбар, ақ кофта кию керек. Мектепте хиджап, никаб, паранджа, қалпақ, әр түрлі-түсті орамалдар салуға, алқа, крест тағы басқа заттарды тағуға тиым салынатындығын айтып өтті. Төменгі қабатта мектеп ережесі мен мектеп формасының ілініп тұрғанын айта келіп және әр ата-ана балаларын мектеп формасымен қамтамасыз етуіне көңіл бөлуін талап етті. Егер жоғарыдағы айтылған талаптарды орындалмаған жағдайда
- Ата-ана құқықты жауапкершілікке тартылып, аудандық білім және ішкі саясат бөліміне хабарлайды.
- Екі жұмыс күн ішінде талаптар орындалмаса, онда құқық қорғау мекемелері және психологиялық қызмет көрсету орталығы сол ата-аналармен жұмыс жүргізілетіндігін;
- Ата-аналар мектеп талабын және мектеп формасы туралы талаптарды орындамаған жағдайда аудандық, облыстық құқық қорғау мекемелеріне жауапқа тартылатындығы туралы тағыда ескертті.
Қ.Р.білім туралы заңының 47 бабының 1-15пунктінде оқушыларға міндетті түрде мектеп формасын кию, Қ.Р.Заңының 49бабы 2,6,7,пункітінде ата-аналар осы талаптарды орындауын талап ету, және ата-аналар балаларын мектеп формасымен қамтамасыз ету айтылды. Жалпы ата-аналар жиналысы қаулы етеді:
Шешім:

1. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2016жылғы 14 ақпандағы бекітілген мектеп формасының стандартқа сай сақталуы қадағалансын.
2. Жалпы білім беретін мектептердегі мектеп формасының талаптарының орындалуы әрбір сынып жетекшісінен және ата-аналардан талап етілсін.
3. Мектепке хиджаб, никаб, орамал т.б.заттарды тағуға тыйым салу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Рахимбаеваға жүктелсін.
4. Менктеп психологы М.Қаблаш пен мектептің әлеуметтік педагогы С.Мусанов мектеп оқушыларымен жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылсы.


Жиналыс төрағасы: Г.А.Асылбекова
Хатшысы: Г.Камзина.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив