2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыстың жоспары » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2020

2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыстың жоспары

«БЕКІТЕМІН»

мектеп директоры

Г.А.Асылбекова


 «Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ


2020-2021  оқу жылындағы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша 

әдістемелік қызметінің  жылдық жұмыс жоспары  

 Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру   жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін    пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру

Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.


Міндеттері:

  •  Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
  • Оқытудың әдіс - формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
  • мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектесу;
  • ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту;
  • озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау;
  • аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру;
  • педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Жұмыс  нысандары: әдістемелік бірлестіктер 


Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:

 ұжымдық: пәндік, циклдық, тақырыптық әдістемелік бірлестіктер, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық зертханалар; 

топтық: педагогикалық қызмет бағыттары бойынша шығармашылық топтар; 

жеке: тәлімгерлік, тағылымдама, өз бетімен білім алу. 


Әдістемелік қызметтің функциялары мыналар: талдамалы, сараптамалық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-үйлестірушілік, консалтингілік (кеңес беру), инновациялық педагогикалық тәжірибені айқынлаушы және таратушы.


Күтілетін нәтиже:

• Оқушылардың білім сапасын көтеру;

• Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;

• Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;

• Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.




Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары

Іс -шаралар мазмұны

мерзімі

жауапты

1

Әдістемелік кеңестін  жұмысы

Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу, кеңесте білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау 

/ Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы/

Тамыз, қараша, қантар, наурыз, мамыр,маусым

Г.К.Танкакова


2

ӘБ жұмысы









 ӘБ отырыстарында әдістемелік нұсқау хатты талқылау,  мұғалімдердің КТЖ қарастыру, бекітуге ұсыну.  Жаңа оқу жылының жоспарын  қарастыру, түзетулер еңгізу, бекітуге ұсыну. Деңгейлік бағдарлама,пилоттық жоба бойынша жоспарларды бекітуге ұсыну. 

/ Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы/

Тамыз




ӘБ жетекшілері




3

Әдістемелік қызметінің жұмысы

Мұғалімдерді  «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау» ережелерімен таныстыру

/ Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы/

тамыз

Г.К.Танкакова


«Тілдер мерекесіне» арналған тілдер апталығын және «Тіл мерекесі»     фестивалін өткізу және өтілу сапасын талдау 

/Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы/

қыркүйек

ӘБ жетекшілері 

пән мұғалімдері

Әдістемелік нұсқаулар, электронды оқулықтармен, жаңадан келген оқулық, кітптармен таныстыру

/Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы/

қыркүйек 

Г.Танкакова Кітапхана меңгерушісі С.Шаикова


 Жоспарланған іс –шаралардың өткізілуін қадағалау.ӘБ өткізілген іс -шараларына қатысу, талдау жасау

жыл бойы


Г.К.Танкакова


 ӘБ және әдістемелік бірлестіктердің  жұмысына талдау жүргізу

қантар, мамыр

ӘБ жетекшілері  

 Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерінің  қалыптасуына  ықпал жасау, әдістемелік көмек көрсету

 жыл бойы

Г.К.Танкакова

ӘБ жетекшілері


 Әдістемелік күн, оқыту семинарлар, коучинг, шеберлік сыныптар өткізу/1-ші тоқсанда қашықтықтан  ZOOM платформасы арқылы/

жоспарға  сәйкес

Тәжірибелі ұстаздар

Психологиялық сағат: «Мектепке қалай тез бейімделуге болады?» /қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы/

қазан

Педагог-психолог М.Каблаш

Дарынды оқушыларды анықтау,тізімін жасау

қазан

Педагог-психолог М.Каблаш

4

Қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс

Пандемия кезеңінде  білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстыру. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, кері байланыс бойынша ұсынымдармен таныстыру.

тамыз, қыркүйек,қазан

Г.К.Танкакова

ӘБ жетекшілері


Пән мұғалімдерімен бірлесе отырып білім алушылардың қашықтықтан оқу қызметін ұйымдастыруды анықтау:оқытудың әдістері мен тәсілдерін.

 тамыз, қыркүйек,қазан

Г.К.Танкакова

Мектеп тренерлері


Пән мұғалімдерінің    интернет желісіне және байланыс құралдарына қосылуы туралы мәлімет жинақтау

тамыз

Г.К.Танкакова


Контентті әзірлеу және қашықтықтан сабақ өткізу алгоритмімен таныстыру.

тамыз-қыркүйек

Г.К.Танкакова


Интернет- платформаларды және цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша ұсынымдармен  таныстыру

тамыз-қыркүйек

Г.К.Танкакова


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды   ұйымдастыру 

тамыз-қыркүйек

Г.К.Танкакова

пән мұғалімдері


Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану(ішінара-іздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т.б.)  және       түрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану бойынша ұсынымдармен таныстыру (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, кестелер, инфографика және т. б.)

тамыз-қыркүйек

Г.К.Танкакова

Мектеп тренерлері

Пән мұғалімдері


5

Желілік  педагогикалық  қауымдастық жұмысын ұйымдастыру

 Табысты кәсіби қоғамдастық . Жоспарлау және оң өзгерістерді жүзеге асыратын жұмыс топтарын құру, даму жоспарын жасау


қыркүйек


Г.Асылбекова

Мектеп тренерлері

Р.И.Абилкаирова

Г.Т.Жакенова

Желілік қауымдастықтың  мақсат міндеттерін айқындау

қыркүйек


Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер

  Семинарлар, шеберлік сыныптар  өткізілуін қадағалау

бекітілген кестеге сай


Г.К.Танкакова

 Семинар      «Қашықтықтан оқытудың тиімді стратегиялары  арқылы      жұмысты ұйымдастыру әдіс – тәсілдері »

 / Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы/

қазан


Г.К.Танкакова

Г.Жакенова

Шебер -сынып « Қашықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады

қараша

Н.Ж.Турсунбаева




  Шеберлік сынып  «Диалогтік оқыту  арқылы     оқушылардың сыни  тұрғысынан ойлауын дамыту»

желтоқсан 


А.Н.Утенова


 Оқыту семинары «Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту » 

қантар

 А.К.Алпысбаева

 «Жаратылыстану пәндерді оқытудың заманауи әдіс- тәсілдері»  тақырыбында  семинар –практикум

(педагогикалық қауымдастық шеңберінде) 

сәуір

Мектеп тренерлері


Интернет желісінде тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдердің рейтингісін жүргізу 

қантар, мамыр


Г.Жакенова


  7 модуль және жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту  мәселелерін   «Шабыт» желілік қауымдастықтың   отырыстарында талқылау 

қараша,  қантар, наурыз, мамыр

Р.И.Абилкаирова

6

Педагог қызметкерлерді ттестаттау

Аттестаттаудан өтетін  мұғалімдердің өздігінен білім көтеру деңгейін бақылау

қараша

Г.Танкакова

 7

Білім жетілдіру курстары

1) Соңғы 5 жылда  курстан өткен  мұғалімдердің тізімін  жасау, кестесін толтыру

тамыз, қыркүйек

Г.К.Танкакова


2) 2020-2021 оқу жылы курстан өтетін мұғалімдердің тізімін белгілеу

 /пандемия кезінде қашықтықтан өткізілетін  біліктілік курстар /

қыркүйек


Г.К.Танкакова


3)  Аудандық ББ жоспарына сәйкес мұғалімдерді курсқа жіберу (пән бойынша, қысқа мерзімді т.б)

жыл бойы графикке сай


Г.К.Танкакова



4)Іс –тәжірибесімен алмасу мақсатында курстан өткен мұғалімдерді қатыстыру арқылы, презентация  шеберлік сыныптар, семинарлар өткізу,  шығармашылық есептерін тыңдау 

өткен мерзіміне сай


курстан өтіп келген мұғалімдер


5) Мұғалімдерді республикалық, облыстық, аудандық кәсіптік семинар, конференцияларға  т.б. іс-шараларға қатыстыру /пандемия кезінде қашықтықтан қатысу/

жоспарға сай


Г.К.Танкакова


6) Курстан өткен мұғалімдердің  есептері, үйренгендерін оқу үрдісінде қолдануын бақылау

Жыл бойы

Г.К.Танкакова


8

Іс-тәжірибе алмасу,тарату жұмыстары

2020-2021 оқу жылы  іс –тәжірибе зерттеу, тарату жұмыстарына талдау жасау

тамыз



Г.К.Танкакова


Озық тәжірибелі мұғалімдердің іс – тәжірибесін аудан көлемінде тарату 

жыл бойы

Г.К.Танкакова


Үлгілі сабақтарды баспа бетіне шығару

жыл бойы

Г.К.Танкакова


Тарих,құқық пәндер ӘБ апталығы

11.01-15.01.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі ӘБ апталығы 


18.01-22.01.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі

Аттестатталушылардың пән апталығы 


25.01-29.01.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшілері

Математика, информатика ӘБ апталығы

01.02.-05.02.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі

Бастауыш ӘБ апталығы  

08.02-12.02.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі

Дене тәрбиесі және АӘД ӘБ апталығы

15.02-19.02.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі

Жаратылыстану ӘБ апталығы 


22.02-26.02.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі

Жас мамандардың пән апталығы

01.03-05.03.2021

Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі,

тәлімгерлер

Өнер пәндері  ӘБ апталығы

06.03-09.03.2021


Г.К.Танкакова 

ӘБ жетекшісі

Озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына жас мамандарды қатыстыруы

ақпан

Г.К.Танкакова

Пән мұғалімдері

Дөңгелек үстел «Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырудағы топтық жұмыстың рөлі» 

наурыз

Г.К.Танкакова

Пән мұғалімдері

Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен ұстаздардың іс-тәжірибесін  аудан, облыс көлемінде тарату

қараша,  сәуір

Г.К.Танкакова


Озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстарын аудан көлемінде кітапша шығару

сәуір

Г.К.Танкакова


Жыл бойы істеген жұмыстың қорытынды есебі

мамыр

Г.К.Танкакова

9

Кәсіби байқаулар

Аудандық байқауларға қатысу 

уақытылы

Пән мұғалімдері

«Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауы  /пандемия кезінде қашықтықтан/ 

қазан 

пән мұғалімдері

«Педагогикалық олимп» байқауы  

уақытылы

пән мұғалімдері

Пән бойынша  байқаулар     /пандемия кезінде қашықтықтан/

қараша-желтоқсан 

 ӘБ жетекшілері

 «Үздік жыл мұғалімі -2021» байқауы

наурыз, сәуір

Г.К.Танкакова

ӘБ жетекшілері

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауы

наурыз, сәуір

 Г.К.Танкакова

ӘБ жетекшілері

Сырттай байқаулар

уақытылы

Г.Танкакова  

пән мұғалімдері

10

Жас маманмен жұмыс

1)  Жас мамандардың тізімін жасау, тәлімгерлерін бекіту

қыркүйек


Г.К.Танкакова


2) «Жас маман мектебінің » жұмыс жоспарын жасау, бекіту

қыркүйек айының 10 –на дейін

 Г.К.Танкакова



3) Жас мамандардың  тәлімгерлерінің сабақтарына қатысу графигін жасау, бекітуге ұсыну, қатысуын қадағалау      

қыркүйек айының 10 –на дейін


Г.К.Танкакова



4) Мектепішілік құжаттармен жұмыс,  оқушы дәптеріне, күнделікті  сабақ жоспарына  қойылатын әдістемелік талаптар (әдістемелік көмек презентация таныстырылым)

қыркүйек



Г.К.Танкакова



5)  Әдістемелік апталық   «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді  қолдану арқылы оқушылардың   оқуға  қызығушылығын  арттыру

қантар

Г.К.Танкакова

Жас мамандар

11

Жаңадан келген пән мұғалімдерімен жұмыс

1. Жаңадан келген мұғалімдердің сапалық құрамы туралы     мәлімет

2. Жаңадан  келген мұғалімдердің  сабақтарына қатысу, аналитикалық талдау жасау, жұмыс жұйесін зерделеу

қыркүйек


қыркүйек,қазан

Г.К.Танкакова


Әкімшілік 

ӘБ жетекшілері

12

Семинарлар, шеберлік сыныптар, әдістемелік фестиваль, педагоги-калық оқулар

1)  «Тиімді кері байланыс – білім алушыны жақсы нәтижеге жетуге ынталандыратын жол» /пандемия кезінде қашықтықтан/

2) Шеберлік сынып : «Белсенді жұмыс түрлеріндегі қалыптастырушы бағалау»

3) Семинар   «Сын тұрғысынан  ойлаудың тиімді  стратегияларын  қолдану арқылы  оқушылардың     құзіреттіліктерін дамыту»

4) «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» шебер- сынып

5) «Жаңа форматтағы сабақ»  педагогикалық фестиваль

6) «Білім  мазмұнын  жаңарту жағдайындағы әдістеме,тәжірибе, мәселелер» тақырыбындағы педагогикалық оқу     өткізу

қазан



қараша


желтоқсан




ақпан


наурыз



сәуір


Д.Д.Дуйсембаева



Р.И.Абилкаирова


Д.Д.Барлыбаева

А.К.Алпысбаева


Шығармашылық топ

Н.Ж.Турсунбаева


Мектеп тренерлері

Р.И.Абилкаирова

Г.Т.Жакенова


ӘБ жетекшілері

13

Критериалды бағалау бойынша   іс-шаралар

1)  критериалды бағалау жүйесін  оқу үрдісіне еңгізу жоспарын жасау,  бекітуге ұсыну

2)  КБ жүйесін еңгізу, жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құру, бұйрықпен бекіту.


Семинар «Критериалды бағалаудың  жүйесі  - білім алушыны табысты оқуға ынталандыратын тәсіл» /пандемия кезінде қашықтықтан/


Биология,физика, химия пәндерінің ағылшын тілінде жүргізілуі      /пилоттық жоба/ Құжаттарды жинақтау


ТЖБ,БЖБ тапсырмаларын әзірлеу жұмыстарын бақылау 


шебер-сынып  «Қалыптастырушы  бағалаудың тиімділігі» 

Шебер сынып«Саралау әдістерін тиімді қолдану»

Әдістемелік апталық    «Қалыптастырушы  бағалаудың тиімді әдістері арқылы  оқушы үлгерімін жақсарту»


«Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма әзірлеу» шебер-сынып


Оқу сауаттылығы: мәтінмен жұмыс

қыркүйек



қыркүйек






қазан




қыркүйек




желтоқсан


қараша



қантар 


ақпан


сәуір






мамыр

Г.К.Танкакова



Мектеп директоры





Г.К.Танкакова





Г.К.Танкакова 




Г.К.Танкакова 




Р.И.Абилкаирова


Ж.С.Салқынбаева


Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер




А.Қызырхан



А.Утенова

14

Әдістемелік жұмыстың қорытындысы

 2020-2021 оқу жылы бойынша әдістемелік жұмыстың қорытынды есебі

мамыр

Г.К.Танкакова





Похожие публикации:

07 июнь 2021 Отбасы күні
27 апрель 2017 Мектеп тарихы