Мектепті дамыту жоспары бойынша атқарылған жұмыстары » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
декабрь
2020

Мектепті дамыту жоспары бойынша атқарылған жұмыстары

Мектепті дамыту жоспары бойынша атқарылған жұмыстары

2020- жылдың қыркүйек айында Мектепішілік шығармашылық топ мүшелері бас қосып, мектептің дамыту жоспарын талқылап, мақсат, міндеттері мен күтілетін нәтижелерін талқылады. Оқу жылынныңың І- ІІ жарты жылдығына атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Шығармашылық топта басқарушы, үйлестіруші және дамытушы топ мүшелері   айқындалып, олардың міндеттері   бекітілді.  

Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт»  кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді.  Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт»  кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді.  Кәсіби қоғамдастықтың басқарушы тобы мүшелері боп мектеп директоры Г. Асылбекова, мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Т. Абилов, Г, Танкакова , үйлестіруші топ құрамына тәрбие ісі   жөніндегі орынбасары Н. Рахимова, мектеп психологы Қаблаш Манар, әлеуметтік педагог –Джауыншиева Рима, завуч ұйымдастырушы  Л. Бакиева, Р. Абилкаирова және дамытушы топ құрамына деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған 7 мұғалім бар.  Топ отырысында өткен жылға атқарылған жұмыстар сараланып, білім сапасы мониторингі жасалынып, 2020-2021 оқу жылына мектепті «Кәсіби қоғамдастықты дамыту арқылы   мектепті дамыту жоспары» жоспарланды.   Мектепті дамыту жоспарының тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.  Мақсаты: - Жаңартылған білім мазмұны аясында мұғалім мен оқушылардың бірлескен жұмысында, оқыту мен оқуда жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері мен функционалдық сауаттылықты дамыту 

- Оқыту үрдісінде білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзырлылықтардың біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру 

-Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың  функционалдық дағдыларын қалыптастыру және арттыру арқылы оқу сапасын жақсарту. Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары:  

  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында  педагогикалық үдерістерді тиімді ұйымдастыру, мектеп тәжірибесінде   бөлінген көшбасшылықты дамыту, жұмыс топтарын мен зерттеу топтарының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру   
  • Мұғалімдерді кәсіби қолдау, кәсіби қоғамдастық аясында тиімді қарым-қатынас орнату, тәжірибені тарату 
  • Мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, бірлескен оқу мен командалық  жұмысты ұйымдастыру арқылы  оқушыларды дербестікке баулу, танымдық қабілеттерін арттыру
  • Оқыту мен оқу үрдісіне замануи озық педагогикалық технолгияларды қолдану арқылы  оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тетіктерін дамыту 

Мектепті дамытудың жоспарының  күтілетін нәтижесі мен табыс критерийлері анықталды. Жоспар бойынша жылдық атқарылатын 39 іс шара жоспарланды.  Сонымен қатар, ағымдағы жылда мектептің басымдықтары мен дамыту жоспарына сәйкес сыни ойлауды дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, Оқыту мен оқуда АКТ қолдану, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау яғни критериалды бағалу, бағалау тапсырмаларын әзірлеу, Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу, Дарынды және талантты балаларды оқыту және оқу, АКТ модульдерін енгізуді жалғастыру жоспарланды.  

Барлық мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде Ұзақ және орта мерзімді жоспарларды қолданады.  2020 жылғы 6 сәуірдегі 130 бұйрық борйынша  қысқа мерзімді жоспарларында жаңартылған білім мазмұнына және 7 модуль бойынша сай әдіс-тәсілдер  ықпалдастырылған. Жаңартылған бағдарлама сыныптарында Күнтізбелік жоспарларында Оқу мақсаттары ҰМЖ және ОМЖ  пәннің оқу бағдарлама бойынша жоспарланған. Әр сабақта формативті бағалау, кері байланыс беріліп, оқу жетістіктерін арттыру жолға қойылған.  

Мұғалімдердің мектепті дамыту жоспарына сай жылдық жұмыс жоспарлары  бекітілген. Мектепте жоспар бойынша  Zoom платформасы бойынша мектепішілік семинарлар өткізіліп, тәжірибелі, сертификатталған мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөліседі.   Мектепте «Жас мамандар мектебі» «Дарынды оқушылармен жұмыс мектебі»   жұмыс істейді. Мұғалімдер тоқсанына 1 рет ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын, іскерлік ойын,  дөңгелек үстелдер ұйымдастырып,  өз тәжірибесімен алмасу жоспарланды. 

Мектептегі әдістемелік бірлестік жетекшілерімен отырыс өткізіліп, мектеті дамыту жоспарымен таныстырылып, бірлестік бойынша жоспарға сай ортақ іс шаралар кешені талқыланды.  Тәлімгерлік үрдісі жоспарланып, тәлім алушылар мен фокус тобы мұғалімдері анықталды, тәлім алушылармен  жұмыс жоспралары бекітілді. 

Мектептің әдістемелік бірлестіктері  жетекшілерімен, мектеп әкімшілігімен  дөңгелек үстел өткізіліп, мектептің даму жоспарымен таныстырылып, талқыланып, кәсіби қоғамдастықты дамыту, мектеп тәжірибесін түрлендіру мақсатындағы іс шаралар кешенін талқыланып, бірлестік жетекшілерінің жоспарларына енгізіліп, сабақты зерттеу топтары мен нысаналы сыныптарды анықталды. 

Мектеп тәжірибесін дамыту, кәіби қолдауды дамыту мақсатында тәлімгерлік үдерісі жоспарланды. Тәлім алушылардың қажеттіліктері мен тәлім алушы мұғалімдер анықталады.  Мектепте 3 жас маманға тәлім алушылар бекітіліген. Тәлім алушылар мен фокус тобындағы мұғалімдерді бекіту, жұмыс жоспарларын бекіту. Тәлім алушылардың қажеттіліктері анықталып,  жұмыс бағыты анықталды.  Тәлім алушылармен жұмыс жоспарын №130 бұйрық бойынша мақсат, міндеттерін анықтау, ұйымдастыру көзделді.  Тәлім алушыларды  ұйымдастырлыған коучинг, шебер сыныптарға қатыстыру, тәжірибемен бөлісу жолға қойылды. Тәлім алушымды қолдау, кәсіби даму бағытында сабақтарына қатысып, кәсіби сұхбат жүргізіп отырдым. Тәлім алушыма кері байланыс жасалып, рефлексия жасап отыру ұсынылды. 

Оқу жылының бірінші тоқсанында  әдістемелік отырыста Р. Абилкаирова

«Жаңартылған   білім беру мазмұны-  сапалы білім негізі» атты баяндама оқыды. Баяндамада «Білім беру бағдарламасының негізгі мақсатымен  критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін мен ерекшеліктерімен»  таныстырды. 

Қыркүйек айында Р. Абилкаирова «№  1   коучинг «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер»  атты коучингі өткізіліп, мұғалімдерге  Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарлама аясында жаңа-әдістерді тиімді қолдану және олардың маңызы туралы түсінеді.   көрсетті. 

Сертификаатлған мұғалімдер Ж.  Салқыбаева, А Утенова «Жаңартылған білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары мен стратегиялары» атты  тренинг өткізіп, жаңартылған білім мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары, стратегиялары бойынша тәжірибесімен таныстырды

Жаңартылған білім мазмұны бойынша қашықтықтан оқыту нысанында озық педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру мақсатында ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған Д. Барлыбаева  және А.Алпсыбаева  Қашықтықтан білім беру жағдайында оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдары атты тренинг өткізді.   Тренинге онлайн оқытудағы қолдануға тиімді озық педагогокалық технологиялар мен әдістермен таныстырды. 

Н. Тұрсынбаева және Д.Дуйсембаева   «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қашықтықтан оқу үрдісінде оқу жетістіктерін бағалаудың  ерекешлігі мен тиіділігі »  атты презентациясында   қашықтықтан оқыту аясында бағалауды тиімді жүргізу жолдарымен таныстырды.Қатысушылар «Қашықтықтан оқыту жағдайында»  білім сапасын арттыруда бағалаудың рөлін түсінді

І тоқсан көлемінде өткізілген коучинг сабақтары, шебер сыныптары, презентация, тренингтерден соң  соң мұғалімдерге қашықтықта оқыту жағдайында өз сабақатарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары мен әдістерін және бағалауды қолдану ұсынылды. Мұғалімдер сонымен қатар жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде бағалау әдістерін де қолдана бастады.  Содан соң сертификатталған мұғалімдер тәлім алушылардың сабақтарын тиімді жоспарлауға  қатысып, олардың шығармашылығын арттыру мақсатында  тәжірибе алмасты. Тәлім алушылармен кәсіби сұхбат жүргізіліп, оларды қолдау, бағыттау, тәжірибесін түрлендіру жолға қойылды.  

           Желілік қоғамдастықты дамыту бойынша Г. Жакенова Желілік қоғамдастықты дамыту жоспарын бекітті. Сертификаталған мұғалімдер онлайн жүйесінде өткізілген курстарға, аудандық, қалалықб облыстық мектептердің  семинарларына қатысып, оқыту мен оқуда қолданылатын тиімді әдістерді қолдану, жңартылған бағдарлама негізінде оқыту үрдісін жүргізу, бағалау бойынша тәжірибе алмасты.

Тоқсанның соңында атқарылған жұмыстар нәтижесіне  СВОТ талдау жасалынып, Нәтижелер мен кемшіліктер, кедергілер мен мүмкіндіктер сараланды. Алға қойылған мақсатқа жету жоспарланды.






Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары            Г.Танкакова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив