Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша 2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың мақсат, міндеттері » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша 2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың мақсат, міндеттері
02
сентябрь
2020

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша 2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың мақсат, міндеттері

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша

 2020-2021 оқу жылындағы    әдістемелік жұмыс   

 

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру    жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін   пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру.

Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.

Міндеттері:

  •  Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
  • Оқытудың әдіс - формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
  • мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектесу;
  • ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту;
  • озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау;
  • аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру;
  • педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Жұмыс  нысандары:  әдістемелік бірлестіктер 


Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:

 ұжымдық: пәндік, циклдық, тақырыптық әдістемелік бірлестіктер, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық зертханалар; 

топтық: педагогикалық қызмет бағыттары бойынша шығармашылық топтар; 

жеке: тәлімгерлік, тағылымдама, өз бетімен білім алу. 


Әдістемелік қызметтің функциялары мыналар: талдамалы, сараптамалық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-үйлестірушілік, консалтингілік (кеңес беру), инновациялық педагогикалық тәжірибені айқынлаушы және таратушы.


Күтілетін нәтиже:

• Оқушылардың білім сапасын көтеру;

• Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;

• Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;

• Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.


     Мектептегі әдістемелік  жұмыс жүйесі   педагогтардың шығармашылық потенциалын дамытуға         бағытталған озат іс-тәжірибелердің өзара байланысты  іс-шаралар жүйесіне, оның шеберлігіне,білім беру деңгейінің өсуіне,оқушының    дамуы мен тәрбиесіне негізделіп құрылған. 

     Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

             Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер өз жұмысында мынандай міндеттер қойды:

  1. педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру;
  2. мұғалімдердің педагогикалық шығармашылық жұмыстарын дамыту;
  3. оқытудың мазмұнын жетілдіру, олардың нысандары,әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз ету;
  4. оқытуды оқу-әдістемелік әдебиеттермен және басқа құралдармен қамтамасыз ету;
  5. оқу-тәрбие үрдісінде ғылыми-зерттеу нәтижелерін және педагогикалық-ақпараттық технологияны,озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және пайдалану.

          Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру шаралары төмендегідей бөлімдерден құралады:

  • Әдістемелік кеңес, әдістемелік семинарлар.
  • Әдістемелік бірлестіктер жұмысы.
  • Пәндік онкүндіктер.
  • Пәндік олимпиадалар мен байқаулар.
  • «Жас маман» мектебінің жұмысы.
  • «Озат  тәжірибе» мектебінің жұмысы.
  • «Дарын» мектебінің жұмысы
  • Педагог кадрлардың аттестаттау  бойынша жұмысы.
  • Білім жетілдіру шаралары.


       Әдістемелік кеңес пен әдістемелік семинарларда жоспарға сәйкес    баяндамалар, коучингтер өткізіліп, пікір       алмасулар  ұйымдастырылды.


Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс 7 бірлестік арқылы жүзеге асырылады. 

  1. Бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігі-  А.Н.Канапиянова
  2. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі   пәндер  бірлестігі- А.Н.Утенова
  3. Математика, информатика пәндер бірлестігі- Ж.С.Салқынбаева
  4. Тарих, құқық, дінтану,өзін-өзі тану  пәндер бірлестігі- Г.Т.Жакенова
  5. Химия, биология, география, физика пәндер бірлестігі-Б.Д.Сарыбаева
  6. Технология және өнер  пәндері бірлестігі-З.А.Абдрасилова
  7. Дене шынықтыруАӘ ж ТД пәндер бірлестігі- А.Р.Уалиев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив