2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәлімет » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәлімет
19
июнь
2021

2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәлімет

 Ж.Егінбаев атындағы интернат бар орта мектеп

2020-2021 оқу жылында    жазғы мектепті  ұйымдастыру бойынша

  жүргізілген   жұмыс  туралы мәлімет


       2020-2021 оқу жылы мектеп директоры Г.А.Асылбекова педагогикалық  ұжымды       «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 11 мамыр күнгі  № 88 б н/к   бұйрығымен  таныстырып, түсіндірме жұмыстарын  жүргізді, ұсынымдармен таныстырды. 2021 жылғы № 59 мектепішілік бұйрық шығарылып,«Жазғы мектеп»  ұйымдастыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды: 

       Оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру бағытында атқарылатын жұмыс жоспары бекітіліп, сабақ кестесі құрылып, санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтай отырып, жұмыстар   ұйымдастырылды. Мектеп бойынша жалпы 162 оқушы қамтылды. Пән мұғалімдері бекітіліген   күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бойынша  жұмыстарын жүргізді.  

        Жазғы мектеп  жұмысы  08.40 таңғы жаттығудан /флешмоб  билерінен/ басталды.  Оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін  дамытуға, функционалды сауаттылықты қалыптастыруға, қосымша ойын-сауық материалдары, аудиовизуалды құралдар, сараланған оқу тапсырмалары пайдаланылды, таза ауада сабақтар өткізілді. Әр сабақтың соңында оқушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында  қосымша 20-30 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Мектептің кітапханашысы   С.Болатбаева кітаптарды толық талқылап, түсіну, талдау, салыстыру жұмыстарын оқушылармен жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері тарапынан жаттығулар, қозғалмалы ойындар, волейбол, футбол, баскетбол және т.б   ұйымдастырылды. Сабақтың соңында қызығушылықтар бойынша фильмдер көрсетілді.

        Бекітілген жоспарға сәйкес кезектен тыс әдістемелік бірлестіктер отырыстары өткізіліп, пәндер бойынша ең күрделі тақырыптары таңдалынып,   олардың саны талқыланды.  

       Пән мұғалімдеріне оқытудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін таңдау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.  Мектеп тренерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары, шеберлік сыныптар өткізілді:  

PISA тапсырмаларын сабақтарда белсенді қолдану. Шеберлік сынып /Мектеп тренері Г.Жакенова/.

Оқу сауаттылығы  дағдыларын дамыту («Оқитын мектеп»). Шеберлік сынып /Мектеп тренері Р.И.Абилкаирова/.

        Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, практикалық-бағдарланған тәсілдерді қолдану. Шеберлік сынып /мектеп тренері  Д.Б.Дуйсенбаева.

         Мәтінмен жұмыс, практикалық тапсырмаларды орындау. Шеберлік сынып /мектеп тренері А.Алпысбаева/.

Мектептегі психологиялық қызметінің  жазғы мектеп жұмыстарының   жоспарына   сәйкес бес бағыт бойынша,   мектеп психологінің мақсат міндетін басшылыққа ала отырып, әр түрлі әдістерін қолдана  келе, төмендегі жұмыстар  жүргізілді. Жазғы маусымда  оқып, білім алуына байланысты оқушылардан сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды. Оқушылардың жазғы  мектепте оқуын бақылау жұмыстардың нәтижесінде төменгі деңгей көрсеткен оқушыларға жекелей және топпен тренингтер ұйымдастырылды.  Мұғалімнің сұраныстары бойынша жеке бақылау  есебіне  оқушылар алынды.  Оқушылардың көңіл – күйін көтеру, белснділігін арттыру, сабаққа деген ынтасын көтеру  мақсатында тренингтік жаттығулар  жүргізілді. Жалпы  оқушылардың    бейімділіктері  өз деңгейінде қалыптасты. Ата- аналарға жекелей    кеңестер беріліп, тіркеліп отырды. Сынып жиналыстарына қатысып,  ата-аналардың, сынып жетекшілердің ұсыныс, сұраныстарына  тиесілі жауаптар беріліп отырды. Оқушылардың өмірде кездесетін қиындықтардың алдын алу  мақсатында    психологиялық бейімдеуін  анықтау суретті тест,  ауызша сауалма қою бойынша  анықтап қорытындысы шығарылды. Оқушыларының психологиялық өзгерістердің қалыптасуын бақылау мақсатында мектептің даму бағдарламасына сәйкес  психологиялық жұмыстар мен бақылаулар жүргізілді.    Сонымен қатар  ата- аналардың  пікірлері,   ұсыныстары  тыңдалып, тиесілі жауаптар дер кезінде беріліп отырды.Үлгерімі төмен оқушыларға, әр сыныптың үлгермеуші оқушылар «Оқуға деген қызығушылығы»,   «Графикалық  тест», «Аяқталмаған сөйлем» , «Менің отбасыт суретт», “Әңгіме құрастыру” т.б ойындар мен жаттығулар өткізілді.Мұғалімдерге  арналған «Менің кәсібім», т.б тақырыптарда  тренингтер ұйымдастырлып, өткізілді. Жас мамандарға арналған кеңестер, жадынамалар беріліп отырды.   Ата–аналарға   арналған жадынамалар, кеңестер WhatsApp желісі арқылы өткізіліп отырды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив