«Жас мамандар» мектебінің кезекті отырысы » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сентябрь
2021

«Жас мамандар» мектебінің кезекті отырысы

2021 жылдың 28 қыркүйек күні Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде «Жас мамандар» мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Ж.Абилов, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Танкакова, «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Ж.О.Оспанбаева, мектеп психологі М.Каблаш қатысып, жас мамандарға сабақта қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер, бағалаудың түрлері туралы мәліметтер берді. Мектептің педагог-психологі М.Каблаш жас мамандармен психологиялық тренинг өткізіп,сауалнама алды. Сонымен қатар «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Ж.О.Оспанбаева жас мамандарға электронды портфолио жинақтау туралы ұсыныстар берді.