Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет. » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет.
06
январь
2021

Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет.

Мұғалімдердің   тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі  туралы мәлімет.

    Мектеп мұғалімдері облыс, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған семинар, конференцияларға қатысып отырады. Семинарларда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу, оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, электронды оқыту жүйесін енгізуде білім беру ресурстарын қолдану мәселелері бойынша үлгілі сабақтар мен шебер сыныптар, тренингтер өткізіп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтарға талдау жүргізіліп, кері байланыс жасалды.

    24.10.2020 жылы мұғалімдердің қашықтықтан оқыту жағдайында интернет мүмкіндіктерін қолданудағы кәсіби дағдысын арттыру мақсатында «Bilimlend платформасы арқылы ТЖБ-тапсырмаларын құру тақырыбында шебер-сынып өткізді.

       Іс-шара барысында қатысушыларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда BILIMLEND платформасының мүмкіндіктерін тиімді қолданудың жолдары көрсетіліп, ТЖБ құру-қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған жүйелерде оқушылармен кері байланыс жасаудың түрлері ұсынылды. Іс-шара мазмұнымен толығырақ танысу мақсатында  тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.


       Шебер-сынып қорытындысы бойынша пікірталас алаңы жүргізіліп, кері байланыс жасалды.

            2020 жылдың 13 қараша күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жоспарына сәйкес «Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі»   тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты:    оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім  сапасын көтеру.  Вебинар аясында мектептің педагог - психологі Каблаш Манар мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу мақсатында «Сіз ғажайыпсыз» атты  психологиялық тренинг өткізді. Мектебіміздің  үшінші деңгейлі  математика пәнінің мұғалімі Салкынбаева Жазира Сагадиқызы  сабақтарында қолданатын  тиімді әдіс-тәсілдерді  көрсетіп, әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесімен бөліссе, мектеп тренері   Жакенова Гульмира Темірханқызы «Қашықтықтан оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдері» тақырыбында шеберлік сыныбын  ұсынды.   Вебинар  соңында ұйымдастырылған кері байланыс нәтижесінде мұғалімдер өткен шараның тиімділігін, тәжірибеге бағытталғанын және қажеттілігін атады.



        2020 жылдың 14 желтоқсан күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің  әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Білім сапасын арттырудағы  тиімді әдіс-тәсілдерді  қолдану»   тақырыбында  онлайн-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты:    оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім   сапасын көтеру.   Вебинар аясында мектептің тренері, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі   Р.И.Абилкаирова «Сабақта тапсырмаларды  саралау тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: сабақ барысында қолданылатын саралау түрлері мен тапсырмаларды саралау әдістерімен таныстыру. Р.И.Абилкаирова  тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтатыны, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттыратыны түсіндіріп өтіп, өзінің сабақтарында қолданатын   тиімді әдіс-тәсілдерін  көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.   Үштілділік бойынша мұғалімдермен әдіс-тәсілдерімен   тәжірибе алмасу мақсатында  мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Қызырхан Азат «Пилоттық бағдарлама бойынша физика сабағында пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Білім саласындағы үштілділік жүйесі ел болашағының жарқын кепілі. Сондықтан да бұл бағытта  жұмыс жүргізілуде. Мектебіміздің педагог-психологі М.Каблаш және   педагог-логопеді  А.Журтбаева «Инклюзивті білім беру және үйден оқыту жағдайында педагогтың кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында баяндама және таныстырылым ұсынды. Мақсаты:білім беру үрдісінде  инклюзивті оқыту   мәселелері бойынша кеңестер беру. Ұсынылған жұмыстарда  инклюзивті білім берудің негізгі принциптері, білім алушылардың ерекшеліктері   туралы айтылды, сонымен қатар оларды қолдау, қызықтыру мақсатында берілген тапсырмалардың   көлемін ескеру, қиын тапсырмаларды жеңілдетіп  берілуі және т.с.с кеңестер берілді. Вебинар соңында қатысушылар   пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.