Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл деректі фильм көрсеткендігі туралы мәлімет » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл деректі фильм көрсеткендігі туралы мәлімет
19
февраль
2024

Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл деректі фильм көрсеткендігі туралы мәлімет

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл деректі фильм көрсеткендігі туралы мәлімет

Мектеп оқушыларына Оралхан Бөкей туралы деректі фильм көрсетілді. Деректі фильмде Оралхан Бөкей – публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушы. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Әкесі Бөкей табиғатынан қатал, сөзге шешен, рухы биік, шыншыл жан болса, анасы Күлия ақкөңіл, ақжарқын мінезімен көпке үлгілі болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екендігі туралы айтты.
Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды. 1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды. 1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды. 1991 жылы «Аққұс» әдеби ұйымын құрды.
Оралхан Бөкейдің көптеген повестері – лиризмге толы туындылар. Бұл орайда жастықтың арманы мен іңкәрлігіне толы «Қайдасың, қасқа құлыным» поэмасын атауға болады. Ересектікке жол тартқан «Елең-алаң» шығармасы да адам жанының өзгеше бір күйінен сыр шертеді. Диалог, монологтерді құруға келгенде қаламгер шеберлігі мен қолтаңбасына қатысты ерекшелігі – жазушы кейіпкерлерді әрқилы сөйлете біледі. Образды ашатын, шығарманы шындыққа жанастыратын құрал кейіпкер сөзін жазушы өте орынды қолдана білген. Бұған жазушының «Қасқа құлында» төрт кейіпкердің монолог-ойын төрт түрлі етіп ұсынғаны әдемі мысал бола алады.
Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Жазушы шығармаларында ерекше энергетика бар. Ұлтының бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив