Оқу-әдістемелік кеңесінің №1 Хаттамасы » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2023

Оқу-әдістемелік кеңесінің №1 Хаттамасы

«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп»КММ
Оқу-әдістемелік кеңесінің
№1 Хаттамасы
Өткен күні: 20.09.2023ж.
Қатысқандар:50

Күн тәртібінде:
1. Мұғалімдермен педагогикалық психологиялық тренинг «Өзіме -көршіме» мектеп психологы М.Қаблаш.
2.2023-2024 оқу жылына әдістемелік кеңестің жоспарын , мақсат, міндеттерді бекітуге ұсыну - директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай.
3. Әдістемелік бірлестік жетекшілерін және әдістемелік кеңес, аттестаттау комиссиясының құрамын бекітуге ұсыну . Жас мамандарға тәлімгерлерді, «Шабыт » шығармашылық топтың құрамын, пилоттық жоба бойынша шығармашылық топтың құрамын бекітуге,Жас мамандар мектебінің , «Дарын» қоғамдастығының жетекшілерін бекітуге ұсыну- директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай,ӘБ жетекшілері.
4. 2023-2024 оқу жылына әдістемелік бірлестіктер, «Жас мамандар мектебінің », «Дарын » қоғамдастығының жұмыс жоспарларын бекітуге ұсыну - директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай , ӘБ жетекшілері.
5.Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын қарастыру , бекітуге ұсыну- директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай ,ӘБ жетекшілері.
6.Аттестаттау – 2023.Өзгерістер мен толықтырулар, бұйрықтармен таныстыру- директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай.
7.Шебер сынып: «Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен Зерде бұзылыстары бар оқушыларға жеке оқу бағдарламасын құрастыру тәртібі және іске асыру» -арнайы мамандар Т.Абилова,А.Жұртбай.
Оқу-әдістемелік кеңестің отырысы кеңес төрағасы Ә.С.Көзтай ашты.Бүгінгі күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырды.
1. Мектеп психологы М.Қаблаш мұғалімдермен «Өзіме-көршіме» психологиялық тренинг өткізді.
2. Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай 2023-2024 оқу жылына әдістемелік кеңестің жоспарын , мақсат, міндеттерді бекітуге ұсынды.
3. 2023-2024 оқу жылына әдістемелік бірлестік жетекшілерін және әдістемелік кеңес, аттестаттау комиссиясының құрамын бекітуге ұсынылды . Жас мамандарға тәлімгерлерді, «Шабыт » шығармашылық топтың құрамын, пилоттық жоба бойынша шығармашылық топтың құрамын бекітуге,Жас мамандар мектебінің , «Дарын» қоғамдастығының жетекшілерін бекітуге ұсынылды.
2023-2024 оқу жылында пән мұғалімдері мен басқа қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестациялық комиссия құрамына төмендегі педагогтар ұсынылады:

1. Г.А.Асылбекова -аттестациялық комиссия төрағасы, директор
2. Ұ.М.Қасымбеков -төраға орынбасары, ОТІЖ орынбасары
3. Ә.С.Көзтай - төраға орынбасары, ОӘІЖ орынбасары
4. Ж.Салқынбаева-комиссия мүшесі, КК төрайымы
5. Е.Жаманқаранов- комиссия мүшесі, АӘД пәні мұғалімі
6. М.Қаблаш - комиссия хатшысы,педагог-психолог
2023-2024 оқу жылында жас мамандар саны 6: Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Басанова Арайлым; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүнісбеков Бағлан; биология пәнінің мұғалімдері Сарсембаев Қанат Саматұлы;дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы; орыс тілі пәнінің мұғалімі Есентаева Нурзия Бектемисовна; бастауыш сынып мұғалімі Тулесова Роза. Аталған жас мамандарға әдістемелік көмек көрсететін тәжірибелі ұстаздар қажет. Тәлімгер ретінде келесі пән мұғалімдері ұсынылады:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Басанова Арайлымға ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Абилкаирова,педагог-зерттеуші мұғалім, педагогикалық өтілі 17 жыл.
2. Биология пәнінің мұғалімдері Сарсембаев Қанат Саматұлына химия пәнінің мұғалімі К.Жұмабековна,педагог-модератор,педагогикалық өтілі 29 жыл.
3. Бастауыш сынып мұғалімі Тулесова Розаға бастауыш сынып мұғалімі С.Балғымбаева,педагог- сарапшы ,педагогикалық өтілі 35жыл.
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Отызбаев Рахат Қалдыбайұлына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Жексенбинов,педагог-сарапшы 35,6жыл.
5. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Есентаева Нурзия Бектемисовнаға орыс тілі пәні мұғалімі Г.Танкакова,педагог-сарапшы,педагогикалық өтілі 17 жыл.
6. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүнісбеков Бағланға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Оспанбаева,педагог-сарапшы педагогикалық өтілі 35 жыл.
«Жас мамандар» мектебінің жетекшісі ретінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.К.Танкакова, «Дарын» қоғамдастығының жетекшісі ретінде ДӘІЖО Ә.С.Көзтай ұсынылды.
4.2023-2024 оқу жылына ӘБ жетекшілері және ДӘІЖО, «Жас мамандар мектебінің », «Дарын » қоғамдастығының жұмыс жоспарларын бекітуге ұсынды.
5. Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары қарастырылып , директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай ,ӘБ жетекшілері бекітуге ұсынды.
6.Аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдер «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» 2023-2024 жылғы ережесінің толықтыруларымен таныстырылды.Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің тізімі анықталып бекітілді:
1. Асылбекова Гулжанат Акболатовна,география пәнінің мұғалімі –кезекті аттестаттау
2. Канапиянова Айгерим Нургалиевна, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
3. Рахимбаева Назымгул Ақанайқызы, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
4. Тулесова Роза Ганнибаловна , бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
5. Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы ,дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі-кезекті аттестаттау.
6. Жеңісбеков Бағлан Серікұлы ,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
7. Көзтай Әзиза Сәрсенқызы ,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
8. Жакенова Гүльмира Темерхановна , тарих пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
9. Сәрсембаев Қанат Саматұлы ,биология пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
10. Қасымбеков Ұлан Мұқанұлы, тарих пәнінің мұғалімі-кезектен тыс аттестаттау.
7.Мектебіміздің арнайы мамандары Т.Абилова,А.Жұртбай пән мұғалімдеріне: «Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен Зерде бұзылыстары бар оқушыларға жеке оқу бағдарламасын құрастыру тәртібі және іске асыру» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Ұсыныс:
1. 2023-2024 оқу жылына әдістемелік кеңестің жоспары, мақсат, міндеттері бекітіліп жоспар бойынша жұмыс жүргізілсін.
2. Әдістемелік бірлестік жетекшілерін және әдістемелік кеңес, аттестаттау комиссиясының құрамы анықталып бектілсін.
3. Жас мамандар тәлімгерлері, «Шабыт » шығармашылық топ құрамы, пилоттық жоба бойынша шығармашылық топ құрамы,Жас мамандар мектебінің , «Дарын» қоғамдастығының жетекшілері жұмыс жоспарларын бекітіп жоспар бойынша жұмыстар атқарылсын.
4. Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары қаралып бекітілсін.
5. 2023-2024 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімі анықталып бекітілсін.
6. Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен Зерде бұзылыстары бар оқушыларға жеке оқу бағдарламасын пән мұғалімдері құрастырып іске асырылсын.

ДӘІЖО: Ә.С.Көзтай


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив