5 сынып ата-аналарына тренинг » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2024

5 сынып ата-аналарына тренинг

"Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Тақырыбы: "Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.
Жүргізілу барысы:
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
1. «Танысу» жаттығуы
Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс дауыс арқылы, Көк түс мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.( доп лақтыру арқылы)
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

3. Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
4. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
1-топ:
Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол –
2-топ:
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол –
3-топ:
Ұстаз бақыты, ол –
Отбасы бақыты, ол-
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет.
5. «Балама қандай жылулық беремін?»
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.
4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.












Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ
5 сынып оқушыларының ата- аналарына өткізілген тренинг
Хаттамасы №

Мерзімі:
Қатысқандар:5 сыыныптың ата- аналары
Тақырыбы:"Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы
түсіндіру.
Жүргізілу барысы:
1. «Танысу» жаттығуы: Алдымен бір бірімімен амандасып алды. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс дауыс арқылы, Көк түс мимика арқылы амандасты.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны жүргізілді. Мұнда жіптің бір ұшын бір- біріне беру арқылы с қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылады.

Жаттығу«Бақыт деген не өзі», Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем», «Балама қандай жылулық беремін?» , Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы» тақырыптарында жаттығулар орындатылды.

Қорытынды: тренингке қатысушы ата- аналар өз ойларымен бөлісті. Тенинг жоғары деңгейде өткендігін айтты. қызықты ойын- жаттығулардан алған әсерлерімен бөлісті.
Алдағы уақытта да осындай тренингтер ұйымдастырылса деген ұсыныс, тілектерін де айтты.




Педагог – психолог: М.Каблаш
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив