Дарынды оқушылармен жұмыс/интернат тәрбиеленушілеріі/ » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дарынды оқушылармен жұмыс/интернат тәрбиеленушілеріі/
15
апрель
2022

Дарынды оқушылармен жұмыс/интернат тәрбиеленушілеріі/

Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің психологының мектеп жанындағы интернат оқушыларының дарынды балалармен жұмысы

«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті
жаңалықты ашуға көмек беру қажет»
Г. Галилей
Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», - деп атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың да дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл ұстаз-парызы.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Міндеттері:
- Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау;
- Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету
Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:
- Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады;
- Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі;
- Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті;
- Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы;
- Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.
Дарынды баланың сипаттамасы:
- Интелектуалды сферасы;
- Білімділік өрісі;
- Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.

Дарындылық үш параметрмен анықталады:
- Танымдық жеке дамуы;
- Психологиялық жеке дамуы;
- Физикалық дамуы.

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:

№ Өткізілетін іс-шаралар Өткізетін уақыты Жауапты мұғалім
1 Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу кыркүйек Пән мұғалімі
2 Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту Жыл бойы
3 Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу Жыл бойы
4 Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Жыл бойы
5 Мектепішілік және қалалық, обдыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру Кезеңінде
6 Спорттық жарыстарға қатыстыру Кезеңінде
7 Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту Жыл бойы
8 Пән мұғалімдері дарынды оқушылардың шығармашылығын жинақтайтын портфолио жасау Жыл бойы
9 Өлең жаза алатын оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, өлеңдерін басылымдарға беру Үнемі
10 «Дарынды балалармен жұмыс таныстырылымы» айлығы. Пән әдістемелік бірлестіктерінің дарынды балалармен жұмысы Сәуір

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру.
ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)
1. Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу
2. Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу
3. Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)
4. Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау

«Дарынды балалар» бағдарламасының жұмыс бағыттары:
І. Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест тапсырмаларын және түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.
ІІ. Диагностика жүргізу
ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу
IV. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
V. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу

р/с Оқушының аты-жөні Сыныбы
1 Айдынқызы Толқын 8 «Ә»
2 Бекен Алихан Берікұлы 4 «А»
3 Бекен Әділет Берікұлы 8 «А»
4 Бекен Зере Берікқызы 3 «А»
5 Әубәкір Мерей Русланұлы 8 «Ә»
6 Жабықбай Саяжан Серғалиқызы 10 «Ә»
7 Жұмабек Сағынай Оразханұлы 6 «Ә»
8 Жұмабек Айша Оразханқызы 10 «Ә»
9 Масқұт Бақжол 11
10 Серікбай Жалын 8 «Ә»
11 Түгелбай Айжан 5 «А»
12 Ускембаева Қаракөз Нұрланқызы 7 «А»

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша аудандық спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз төмендегі кесте бойынша көрсетілген:

№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Алған орны Пән мұғалімі
1 Әубәкір Мерей 9 «А» ІІῙ Базаралин Ғани
2 Ускембаева Қаракөз 7 «А» Мектепішілік Шалбаев Жарқынбек
3 Бекен Әділет Берікұлы 8 «А» Мектепішілік Шалбаев Жарқынбек

Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау:
1. Айдынқызы Толқын 8 «Ә» сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиетінен қабілетті. Мәтінді мәнерлеп оқуы, эссенің құрылымын сақтап жазуы, көптеген өлеңдерді жатқа айтуы мен алдыңғы қатарлы оқушылардың тізімінде.
2. Бекен Алихан Берікұлы 4 «А» сынып оқушысы математика сабағында алғырлық танытады. Есептерді тез орындайды, ойлау қабілеті өте жақсы дамыған.
3. Бекен Әділет Берікұлы 8 «А» сынып оқушысы спорттық ойындарға қабілеті өте жақсы. Футбол, баскетбол, волейбол ойындарына үнемі қатысады.
4. Бекен Зере Берікқызы 3 «А» сынып оқушысы барлық пәндерге зерек. Өз сыныбының алды, мәнерлеп оқу, есеп шығару, шығарма, мазмұндама жазудан алғыр, озат оқышы.
5. Әубәкір Мерей Русланұлы 8 «Ә» сынып оқушысы футбол үйірмесіне қатысады. Спорттық ойындарға деген қабілеті жоғары.
6. Жабықбай Саяжан Серғалиқызы 10 «Ә» сынып оқушысы. Аудандық Ілияс оқуларына қатысады. Өлең жаттауға өте қабілеті зор.
7. Жұмабек Сағынай Оразханұлы 6 «Ә» оқушысы. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында өзінің алғырлығымен көзге түскен оқушы. Ойлау қабілеті өте жоғары, барлық пәнге қызығушылығы жақсы.
8. Жұмабек Айша Оразханқызы 10 «Ә» оқушысы. Бейнелеу өнеріне қабілеті өте жақсы. Өз бетінше сурет салуды жақсы көреді.
9. Масқұт Бақжол 11 сынып оқушысы. Математика сабағына өте зерек, есептерді тез шығарады. Домбыра үйірмесіне қатысып сертификат алған.
10. Серікбай Жалын 8 «Ә» оқушысы. Әдебиет сабағына жақсы. Өлең мен әдеби кітаптарды оқуды жақсы көреді.
11. Ускембаева Қаракөз Нұрланқызы 7 «А» сынып оқушысы. Спорттық ойындарға әуес. Футбол үйірмесіне қатысады. Салауатты өмір салтын ұстанғанды жақсы көреді.
12. Түгелбай Айжан 5 «А» сынып оқушысы. Өте зерек, білімді, көпшіл, кітапты көп оқиды. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерін жақсы меңгерген.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив