Дарынды оқушылармен жұмыс » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
декабрь
2021

Дарынды оқушылармен жұмыс

Дарынды балалармен жұмыс, оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарын тарту бағытында атқарылған жұмыс нәтижесі.

2021-2022 оқу жылында «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамынының жұмыс жоспары бекітілді.
Мектептік ғылыми қоғамның мақсаты:
- оқушылар тарапынан шығармашылық есептерді стандартты емес, өзіндік амалмен шешуді анықтау;
- оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- шығармашылық ізденісі және зерттеу жұмыстарын орындау үрдісі кезінде оқушылардың аналитикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру;
- кәсіптік бағдарлауда көмек көрсету;
- оқушылардың іс-әрекет барысында мақсат қоя білуді және жүйелікті дамыту;
- қойылған мақсатқа жету арқылы және қол жеткен нәтижелердің басылуына орай оқушылардың өз орындарын таба білуі.

Оқушылардың ғылыми қоғамының міндеті:
- ғылыми білімнің кеңінен танылуына жәрдемдесу;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті мен таным белсенділігін дамыту;
- мектеп оқушыларды ғылыми ізденістегі әдіспен және амалмен таныстыру;
- ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауды, іріктеуді, сараптауды, ақпаратты жүйелеуді үйрету; зерттеу барысындағы мәселелерді анықтап және тұжырымдау; ғылыми жұмысты сауатты ресімдеу;
- оқушылардың кәсіби тұрғыдан өздігінен таңдау жасауға жәрдемдесу.

Қыркүйкек айында мектептің педагог-психологы М.Каблаш сауалнама алу арқылы дарынды және қабілетті оқушыларды анықтады.
Оқушылардың зерттеу жұмысы кезеңмен ұйымдастырылады:
I-даярлық (3-7- сыныптар);
II-дамытушылық (8-9- сыныптар);
III-өзіндік зерттеушілік (10-11- сыныптар).
Бірінші, даярлық кезеңі балаларды оқулықтармен және сөздіктермен жұмыс жасауды, жылдам оқуды, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды үйретуін қалыптастыруды көздейді. Осы кезеңде оқушы тарапынан оқу іс-әрекетіне белсене қатысуы басталады, сонымен қатар шығармашылық қабілеті бар оқушылар анықталып және туған өлкені қызыға танушылық әрекеті қалыптасады.
Екінші, дамытушылық кезең оқушылардың ғылыми жұмысты ұйымдастыру қабілетінің жетілуін қарастырады, олардың көзқарасын белсенді кеңейтуге бағытталған. Осы кезеңдегі қызығушылықтың артуын мектептегі сыныптан тыс бірлестіктердің дамуы маңызды рөл атқарады. Балалардың зерттеушілік қабілетінің қалыптасуына арнайы курстар әсерін тигізеді.
8-9 сыныптың оқушылары қалаудары бойынша оқушылардың ғылыми қоғамына кіреді, онда олар жоғары буын оқушыларымен ғылыми-зерттеу іс-әрекет түсінуге тырысады.
Үшінші, өзіндік зерттеу кезеңі оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тікелей кезеңі болып табылады, оның барысында жалпы мекетптік тақырыптар қалай әзірленсе дәл солай балалардың жеке жобалары да әзірленеді. Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті мектепте үнемі болашағы бар болуы үшін осы жұмыстың сабақтастығы қамтылуы қажет. Осы мақсатпен жоғары сыныптың оқушылары кіші буын, орта буын оқушылары арасында тілдесулер, сынып сағаттар, әлеуметтік зерттеулер жүргізе алады.

Ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген оқушылардың тізімі
№Оқушының аты-жөнісыныбы
1.Тұрсынбай Ықылас11 сынып
2.Кеншілік Айым10 сынып
3.Елемес Ақбота11 сынып
4.Ерболат Әділет9 сынып
5.Тәттіғали Даулет10 сынып
6.Алыбай Ерсултан11 сынып
7.Темирсеитова Зере10 сынып
8.Жанайбекова Диана10 сынып
9.Жанайбеков Алдияр 6 сынып
10.Серік Нурай8 сынып
11.Табысбекқызы Елжан10 сынып


2021-2022 оқу жылында қыркүйек айында аудандық ғылыми жоба байқауында химия пәні бойынша 10 сынып оқушысы Табысбек Елжан 3-ші орынды иеленді, жетекшісі Жумабекова Каргаш Сериковна. Биология пәні бойынша 10 сынып оқушысы Темирсейіт Зере қатысып, 1-ші орынды иеленді, облстық байқауға жолдама алды. Жетекшісі Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы.

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: даму мен қалыптасудың 30 жылы» Халықаралық жас ғалымдар форумына қатысып, ІІІ орынды иеленді.

2021-2022 оқу жылының 07 қазан күні 10 сынып оқушысы Кеншілік Айым Бейсен Құранбек атындағы мақала жазу бойынша олимпиадасында 3-ші орынды иеленді.
2021 жылдың 21 қазан күні 11 сынып оқушылары Елемес Ақбота мен Тұрсынбай Ықласты «ЕЛ ҮМІТІ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» республикалық антологиялық жинағына енгізуге сұраныс берілді.
22 –қазан күні математика пәні бойынша «Алтын сақа» республикалық олимпиадасына 6 оқушы қатысты: Ғабди Нұрбақыт, Тәңірберген Әділ, Сағади Сұлтан, Тұрарұлы Дінаман, Сейілхан АңсарСалтанатқызы Раян. Нәтижесі белгісіз.

2021 жылдың 01 қараша күні 8 сынып оқушысы қызылбай Дильназ республикалық «Айқанат» олимпиадасына қатысты, нәтижесі белгісіз. 2021 жылдың 04 қараша күні 9-10 сынып оқушылары арасында Кемел Тоқаевтың өмірі мен еңбектері туралы «Мен таныған жазушы» тақырыбында эссе байқауына 9 сынып оқушысы Елемес Нұрай қатыстырылды. Нәтижесі белгісіз.