Мектепішілік семинар » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
апрель
2022

Мектепішілік семинар

2021-2022 оқу жылының 08 сәуір күні Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес мектепішілік семинар өткізілді. Семинарда деңгейлік курстан өткен сертификатталған пән мұғалімдері таныстырылым, шеберлік сыныптарын ұсынды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Барлыбаева Динара Досжановна «Оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс жасаудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: Оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс жасауда тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну, тәжірибелік алаң құру. Динара Досжановна мәтіннің түрлері, мәтінді оқу стратегияларымен таныстытырып, оқу сауаттылығы бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утенова Айткуль Нурахметовна мен математика пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Дина Базарбаевна «Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныптарын ұсынып, критериалды бағалаудың тиімділігі, артықшылдығы, тапсырмаларға критерийлер қойып, бағалау бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-дефектолог Абилова Тамила Сарсенбековна «Ерекше білім беруді қажет ететін жеке тұлғаның танымдық құзіреттілігін дамыту» тақырыбында таныстырылым ұсынып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.