Мектепішілік семинар » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2022

Мектепішілік семинар

«Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ
2021-2022 оқу жылының 17–ші ақпан күні «Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Функционалдық сауаттылық – білім сапасының жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: функционалдық сауаттылық бойынша пән мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және тәжірибе алмасу. Семинар аясында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Танкакова халықаралық зерттеулердің мақсат, міндет, құрылымымен таныстырып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.С.Сулейменов «PISA: оқу сауаттылығы:мәтінмен жұмыс» тақырыбында таныстырылым ұсынды. Мақсаты:оқушылардың мәтін мазмұның түсіне білуі үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйрету, оқу сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар Д.Сулейменов Google формаларды қолданудың тиімділігі туралы айтып өтті. Вебинарға қатысушылар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру дағдысы мен шығармашылық қабілеттерін дамытудағы белсенді әдістерді талқылап, өзіндік тәжірибелерін ортаға салды.