«Білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында онлайн-семинар » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында онлайн-семинар
14
декабрь
2020

«Білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында онлайн-семинар

2020 жылдың 14 желтоқсан күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің  әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Білім сапасын арттырудағы  тиімді әдіс-тәсілдерді  қолдану»   тақырыбында  онлайн-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты:    оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім  сапасын көтеру.   Вебинар аясында мектептің тренері, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі   Р.И.Абилкаирова «Сабақта тапсырмаларды  саралау тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: сабақ барысында қолданылатын саралау түрлері мен тапсырмаларды саралау әдістерімен таныстыру. Р.И.Абилкаирова  тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтатыны, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттыратыны түсіндіріп өтіп, өзінің сабақтарында қолданатын   тиімді әдіс-тәсілдерін  көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.   Үштілділік бойынша мұғалімдермен әдіс-тәсілдерімен   тәжірибе алмасу мақсатында  мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Қызырхан Азат «Пилоттық бағдарлама бойынша физика сабағында пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Білім саласындағы үштілділік жүйесі ел болашағының жарқын кепілі. Сондықтан да бұл бағытта  жұмыс жүргізілуде. Мектебіміздің педагог-психологі М.Каблаш және   педагог-логопеді  А.Журтбаева «Инклюзивті білім беру және үйден оқыту жағдайында педагогтың кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында баяндама және таныстырылым ұсынды. Мақсаты:білім беру үрдісінде  инклюзивті оқыту   мәселелері бойынша кеңестер беру. Ұсынылған жұмыстарда  инклюзивті білім берудің негізгі принциптері, білім алушылардың ерекшеліктері   туралы айтылды, сонымен қатар оларды қолдау, қызықтыру мақсатында берілген тапсырмалардың   көлемін ескеру, қиын тапсырмаларды жеңілдетіп  берілуі және т.с.с кеңестер берілді. Вебинар соңында қатысушылар   пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив