2021-2022 оқу жылындағы «Шабыт» желілік қоғамдастығы бойынша мәлімет » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы «Шабыт» желілік қоғамдастығы бойынша мәлімет
02
март
2022

2021-2022 оқу жылындағы «Шабыт» желілік қоғамдастығы бойынша мәлімет

«Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылындағы «Шабыт» желілік қоғамдастығы бойынша мәлімет

2021-2022 оқу жылында мектептегі педагог қызметкерлер жаңа форматтағы сабақтар өткізіп, желілік қоғамдастықты дамыту бағытында жұмыстар жүргізіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруда. Мектепаралық ынтамақтастықты арттыра отырып, жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру арқылы кәсіби дағдыларды дамыту және бағдарламаның жүзеге асырылуына ықпал ету мақсатында серіктес мектеп aрacындa оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іc-әрекеттер жоcпaрын іcке acыру және оның мониторингін жүргізу мaқcaтындa мектебімізде «Шабыт» желілік қауымдасытығы құрылды.
Құрылған желілік қоғамдастықтың жұмысын әрі қарай жандандыру үшін топ мүшелері болып, аудандық мектептердің әріптестеріммен желілік қауымдастық құрылған. 2020-2021 оқу жылынан бастап жетекші мектеп ретінде Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі бекітілген. 2021-2022 оқу жылында желілік қауымдастықтың жұмыс жоспарына сәйкес қаңтар айында жетекші мектеп пен серіктес мектептің мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта мектепте қауымдастықтың жұмысы коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы жүзеге асырылуда. Желілік қауымдастықта мұғалімдер күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөліседі. Алдымызға міндеттер қойылды: идеялармен бөлісу, проблемаларды анықтау, шешу, шынайы қарым-қатынас жасау, өзара сенімділік орнату, тәжірибе алмасу, кәсіби білімін жетілдіруге ықпал ету.
Ең алдымен мектептердегі әріптестеріммен өзара түсіністік пен ынтымақтастықта құрылған кездесуімізде атқарып жатқан іс-шараларымыз, таныстырылымды қалай өткізу керектігі, жалпы мектептің басымдықтырды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру жайында ой бөлісіп, тәжірибе алмастық.
Оқу жылының басында желілік қоғамдастықты дамыту бойынша мектеп тренерлері Р.Абилкаирова, Г.Жакенова Желілік қоғамдастықты дамыту жоспарын ұсынды.
Мақсаты:
-Мектептердегі ортақ проблемаларды шешу үшін мектеп аясында және аудан мен географиялық жақын орналасқан мектептер арасында тәжірибе алмасу.
-Мектептердің мұғалімдерінің арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету, деңгейлік бағдарлама меңгерген мұғалімдердің іс -тәжірибесімен бөлісу арқылы жаңа әдістемелердің таралуына мүмкіндік беру, мұғалімдерге педагогикалық әдістемелерді зерделеу мен жетілдіруге жағдай жасау.
-Бірлесіп жұмыс істеу, өзара тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы оқушыларымыздың білім сапасының оң нәтижеге жетуіне ықпал ету
-Мектептерде семинар, коучингтер әр тоқсанда аудан көлеміндегі желілік қоғамдастық орнату.
Міндеттері:
•Қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру,
•қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру,
•қауымдастықтың ережесін жасау,
•қоғамдастықтың шеңберін кеңейтіп отыру.
Сертификаталған мұғалімдер өткізілген біліктілік курстарға, аудандық, облыстық мектептердің, жетекші мектептердің семинарларына қатысып, оқыту мен оқуда қолданылатын тиімді әдістерді қолдану, жаңартылған бағдарлама негізінде оқыту үрдісін жүргізу, бағалау бойынша тәжірибе алмасуда. Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы педагогикалық қоғамдастық және көшбасшылықтың маңызы зор. Бағдарлама аясында жұмыстану барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткізілді:біріншіден, бұрын мұғалімдер қауымы жоғарыдан нұсқау күтіп, соны орындау арқылы ғана жұмыстанып, жетістіктерге жетсе, қазір өз бетімен, шығармашылықпен жұмыстану арқылы жетістікке жетуде;екіншіден, бағдарламаны дамытуда, өз іс-тәжірибесін таратуда әлеуметтік желінің маңызын түсініп, тәжірибе алмасуда;үшіншіден, жаңа форматтағы сабақтар өткізуде жеті модульді пайдаланып, кәсіби дамуда.
Тоқсанның соңында атқарылған жұмыстар нәтижесіне СВОТ талдау жасалынып, нәтижелер мен кемшіліктер, кедергілер мен мүмкіндіктер сараланды.
І жартыжылдық бойынша кәсіби қоғамдастық аясында
атқарылған жұмыстарға SWOT талдауы.
КритерийНәтижені талдау

S.(Strengths) «сильные стороны» күшті жақтары- Мектептің кәсіби қоғамдастық аясында іс -шаралардың жоспарға сәйкес жүргізілуі.
- Жүргізілген оқыту іс-шараларында функционалдық сауаттылықты дамыту әдістерінің тәжірибеге тиімді енгізілуі.
- Мектепішілік семинарлар мен шығармашылық топтың бірлескен жұмысы, коучинг, шебер сыныптарының , тәлімгерлік үрдісінің жүргізілуі.
-Мұғалімдердің сабақтарында сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін белсенді әдістерді қолдануы
W.(Wefrnesses) «слабые стороны» әлсіз жақтары АКТ тиімді қолдану, озық педагогикалық әдістер мен инновациялық үдерістердің белсендендірілуі
O.(Opportunities) «возможности» мүмкіндіктер- Мұғалімдердің тәжірибесін дамыту,
оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
арқылы сыни ойлауын дамыту және функционалдық сауаттылығы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік бар , желілік қоғамдастық арқылы тәжірибені тарату
T.(Threats) «угрозы» қауптер, кедергілер- Өзара тәжірибе алмасу, сабақтарға қатысуда сабақ кестесінің сай келмеуі, қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану

SWOT талдау нәтижесінде нәтижелер мен кедергілер анықталды.
Келесі тоқсанда жүргізілетін жұмыстардың тиімді жүргізу жолдары анықталды.









2021 -2022 оқу жылының деңгейлік бағдарлама бойынша
мектепішілік кәсіби қоғамдастық аясында атқарылған
жұмыстары туралы мәлімет

2021-2022 оқу жылының тамыз айында мектепішілік шығармашылық топ мүшелерімен өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар сараланып, білім сапасы мониторингі жасалынып, мақсат, міндеттері мен күтілетін нәтижелері талқыланды, 2021-2022 оқу жылына мектептің «Кәсіби қауымдастықты дамыту арқылы мектепті дамыту жоспары» жоспарланды. Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт» кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып, бекітілді. Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған 10 мұғалім: басшылық-1 мұғалім, І деңгей- 2 мұғалім, ІІІ деңгей-7 мұғалім. Мектепті дамыту жоспарының тақырыбы: білім беру үрдісінде білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру және мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін арттыру
Мақсаты:
1.Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен жұмысында озық педагогикалық технологияларды тиімді қолдану, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, өзара әрекеттестік жұмыстарын жетілдіру
2.Жаңартылған білім мазмұны аясында мұғалімдердің мен оқушылардың бірлескен жұмысында, оқыту мен оқуда заманауи технологияларды тәжірибеге енгізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері мен пәндік құзіреттілігін, функционалдық сауаттылықты дамыту
3.Тәлімгерлік пен коучинг үрдісін қолданып, мұғалімдердің кәсіби қабілеттері мен тәжірибелік кәсіби құзіреттілігінің артуын жолға қою мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету, кәсіби тәжірибені жетілдіру,
4.Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту әдістерін, технологияларын жаңарту, педагогикалық жаңа технолгияларды енгізу және инновациялық үдерістерді белсендіру, критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану,
5.Оқушылардың пәндік құзіреттілігі мен функционалдық дағдыларын арттыру арқылы оқу сапасын жақсарту,
6.Кәсіби құзіреттілігін арттыру барысында мұғалімдерге психологиялық көмек көрсету,
7.Білім алушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау арқылы білім алуға қолайлы орта туғызу.

Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары:
-Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық үдерістерді тиімді ұйымдастыру, мектеп тәжірибесінде бөлінген көшбасшылықты дамыту, жұмыс топтарын мен зерттеу топтарының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
-Мұғалімдерді кәсіби қолдау арқылы кәсіби құзіреттілігін арттыру, кәсіби қоғамдастық аясында тиімді қарым-қатынас орнату, тәжірибені тарату
-Мұғалімдердің кәсіби дамуы мен құзіреттілігінің артттыру жолдарын жоспарлау, бірлескен оқу мен командалық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін, пәндік құзіреттілігін, фуннкционалдық сауаттылығын
-Оқыту мен оқу үрдісіне замануи озық педагогикалық технолгияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен пәндік құзіреттілігін дамыту

Мектепті дамытудың жоспарының күтілетін нәтижесі мен табыс критерийлері анықталды. Жоспар бойынша жылдық атқарылатын 38 іс- шара жоспарланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылда мектептің басымдықтары мен дамыту жоспарына сәйкес сыни ойлауды дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, Оқыту мен оқуда АКТ қолдану, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау яғни критериалды бағалу, бағалау тапсырмаларын әзірлеу, Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу, Дарынды және талантты балаларды оқыту және оқу, АКТ модульдерін енгізуді жалғастыру жоспарланды.
Барлық мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде Ұзақ және орта мерзімді жоспарларды қолданады. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі 472 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспарларында жаңартылған білім мазмұнына және 7 модуль бойынша сай әдіс-тәсілдер ықпалдастырылған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларында оқу мақсаттары ҰМЖ және ОМЖ пәннің оқу бағдарлама бойынша жоспарланған. Әр сабақта формативті бағалау, кері байланыс беріліп, оқу жетістіктерін арттыру жолға қойылған.
Мұғалімдердің мектепті дамыту жоспарына сай жылдық жұмыс жоспарлары бекітілген. Мектепте жоспар бойынша бойынша мектепішілік семинарлар өткізіліп, тәжірибелі, сертификатталған мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөліседі.
Мектептегі әдістемелік бірлестік жетекшілерімен отырыс өткізіліп, мектепті дамыту жоспарымен таныстырылып, бірлестік бойынша жоспарға сай ортақ іс -шаралар кешені талқыланды. Тәлімгерлік үрдісі жоспарланып, тәлім алушылар мен фокус тобы мұғалімдері анықталды, тәлім алушылармен жұмыс жоспарлары бекітілді.
Мектептің әдістемелік бірлестіктері жетекшілерімен, мектеп әкімшілігімен дөңгелек үстел өткізіліп, мектептің даму жоспарымен таныстырылып, талқыланып, кәсіби қоғамдастықты дамыту, мектеп тәжірибесін түрлендіру мақсатындағы іс-шаралар кешенін талқыланып, бірлестік жетекшілерінің жоспарларына енгізіліп, сабақты зерттеу топтары мен нысаналы сыныптар анықталды.
Мектеп тәжірибесін дамыту, кәсіби қолдауды дамыту мақсатында тәлімгерлік үдерісі жоспарланды. Тәлім алушылардың қажеттіліктері мен тәлім алушы мұғалімдер анықталады. Мектепте 7 жас маманға тәлімгерлер бекітіліген. Тәлім алушылар мен фокус тобындағы мұғалімдерді бекіту, жұмыс жоспарларын бекіту. Тәлім алушылардың қажеттіліктері анықталып, жұмыс бағыты анықталды. Тәлім алушылармен жұмыс жоспарын № 472 бұйрық бойынша мақсат, міндеттерін анықтау, ұйымдастыру көзделді. Тәлім алушыларды ұйымдастырлыған коучинг, шебер сыныптарға қатыстыру, тәжірибемен бөлісу жолға қойылды. Тәлім алушыларды қолдау, кәсіби даму бағытында сабақтарына қатысып, кәсіби сұхбат жүргізіп отырды. Тәлім алушыларға кері байланыс жасалып, рефлексия жасап отыру ұсынылды.
Қазан айында Р. Абилкаирова «Оқыту үдерісінде фунционалдық сауаттылықтың маңызы» атты коучингі өткізіп, мұғалімдерге функционалды сауаттылық бойынша жаңа әдістерді тиімді қолдану және олардың маңызы, функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары, стратегиялары бойынша тәжірибесімен таныстырды .
Сертификатталған мұғалімдер Г.Жакенова мен Б.Сарыбаева «PISA оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халқаралық бағдарламасы», «PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында таныстырылым, шеберлік сынып өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.
ІІІ деңгейлі мұғалім Ж.С.Салкынбаева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда тиімді технологияларды қолдану» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Қараша айында сертификатталған мұғалімдер Д.Барлыбаева мен А.Алпысбаева «Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Н.Турсунбаева, Д.Дуйсенбаева «Мектеп оқушыларының функциоаналдық сауаттылығын қалыптастырудың тетіктері» тақырыбында таныстырылым,баяндама ұсынды.
Мектеп тренері Г.Жакенова «Заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту» коучинг өткізді. Г.Танкакова «Оқытудың интерактивті технологиялары мен оларды қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында таныстырылым ұсынды. Д.Барлыбаева, А.Алпысбаева «Оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамыту жолдары» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Мектеп психологі М.Каблаш «Сабақ барысында оқушы тұлғасының дара ерекшеліктерін анықтау, психологиялық көмек көрсету» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, оқушыларға психологиялық сипаттама беру, дара ерекшеліктерін оқытуда ескеру жолдарымен таныстырып өтті. Г.Танкакова «Оқытуда басшылыққа алынатын құзіреттілік түрлері» тақырыбында таныстырылым ұсынып, оқытуда басшылыққа алынатын негізгі құзіреттілік түрлерімен таныстырып өтті. Н.Турсунбаева «Оқушылардың АКТ құзіреттілігін дамытудың маңызы» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Желтоқсан айында мектеп тренерлері «Дарынды оқушылардың танымдық құзіреттілігін дамыту» тақырыбында коучинг өткізіп, дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту бойынша жұмыс түрлерін түсінідіріп өтті.
І жартыжылдық көлемінде өткізілген коучинг, шебер сыныптары, презентация, тренингтерден соң мұғалімдерге оқыту жағдайында өз сабақатарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары мен әдістерін және бағалауды қолдану ұсынылды. Сертификатталған мұғалімдер тәлім алушылардың сабақтарын тиімді жоспарлауға қатысып, олардың шығармашылығын арттыру мақсатында тәжірибе алмасты.