«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында өткен с » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында өткен с
11
март
2022

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында өткен с

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында өткен семинар туралы мәлімет
2021 жылы 13 –ші қазан күні «Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: ерекше білімді қажет ететін оқушылардың сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, кеңес беру. Мектептің педагог-логопеді А.Б.Журтбаева «Мектептегі педагогикалық консилиумді ұйымдастыру» тақырыбында баяндама оқып, педагогикалық- психологиялық консилиумның мақсат-міндеттерімен және оның ұйымдастырылуы туралы мәлімет берді. А.Журтбаева консилиум мүшелерінің әр баланы оқыту мен тәрбиелеуде анықталған проблемаларды жою бойынша іс шараларды ұйымдастыратыны туралы айтып өтті.
Мектептің педагог-дефектологі Т.С.Абилова пән мұғалімдерін оқушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс барысында толтырылатын құжаттар туралы, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға №469 бұйрықтан оқу бағдарламасын алатыны жайлы айтылды
Мектептің педагог-психологі Манар Каблаш пән мұғалімдерімен тренинг өткізді. Тренинг барысында тақырыпқа байланысты ситуациялық жағдаяттарды талдау карталары ұсынылды. Қатысушылар өз ой- пікірлерін ортаға салып, тақырыпқа байланысты ойларын айтты. Сонымен қатар педагогтарға ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізуде бірлесіп жұмыс жүргізу, ұжым болып ат салысу мақсатында тренингтік жаттығу ұйымдастырылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив