ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
“Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 12 желтоқсан күні 6-10 сыныптар арасында “Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу” бойынша “Театр-тәрбие бастауы” атты байқаудың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Байқауға 6-10 сынып оқушылары, сынып жетекшілер, ата-аналар қатысты.
Байқаудың мақсаты, әділ бағасын беретін әділқазы мүшелері таныстырылды.
Әділқазы мүшелері ДТІЖО А.Х.Сагимбетов, ата-аналар комитетінің төрайымы С.Нуримова, мектеп дефектологы К.Джакыпбекова болды.
Жеребе тарату арқылы оқушылардың шығу реті анықталды.
Оқушылар өздерінің қойылымдарында нашақорлық қазіргі таңдағы ғасыр дерті, отбасының шырқын бұзатын дерт, болашақ ұрпаққа төніп тұрған қатер екенін көрсетті.
Байқау соңында әділқазы мүшелері өздерінің әділ бағаларын берді. Бауйқау бойынша 10-сынып оқушылары 1-орын, 8-сынып оқушылары 2-орын, 9-сынып оқушылары 3-орын иеленсе, 7-сынып оқушылары “Талантты актерлар”, 6-сынып оқушылары “Көрермендер көзайымы” номинацияларын иеленді.