Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебіндегі педагог – ұйымдастырушының 2025 – 2026 оқу жылында атқарған іс-шаралардың орындалу есебі » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебіндегі педагог – ұйымдастырушының 2025 – 2026 оқу жылында атқарған іс-шаралардың орындалу есебі
02
июнь
2026

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебіндегі педагог – ұйымдастырушының 2025 – 2026 оқу жылында атқарған іс-шаралардың орындалу есебі

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебіндегі педагог – ұйымдастырушының 2025 – 2026 оқу жылында атқарған іс-шаралардың орындалу есебі

2025 жылғы 2 қыркүйек күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Шара сағат 8:00-де мектеп алаңында басталып, оған 1-сынып оқушылары, олардың ата-аналары және ұстаздар қатысты.

Жиын барысында алғашқы мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттік Туды алып шығу және Әнұранды орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдер мен полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында білімге құштарлықты арттыру, отансүйгіштікке, азаматтық сана мен құрметке тәрбиелеу, сондай-ақ өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру болды.



Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ж.Егінбаев атындағф интернаты бар орта мектеп кітапханасында «Тіл – бабалар мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттың рухани байлығы мен мәдени мұрасын насихаттау, жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру болды.

Көрмеге қазақ тілі мен әдебиетінің тарихы, тіл мәдениеті, ұлы тұлғалардың тіл туралы еңбектері мен қанатты сөздері, сондай-ақ қазақ жазуының даму жолдары туралы кітаптар қойылды. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов сынды зиялы қауым өкілдерінің еңбектері ерекше орын алды.

Көрме барысында келушілерге қазақ тілінің байлығы мен көркемдігі туралы мәліметтер беріліп, кітаптарға шолу жасалды. Қатысушылар ана тіліміздің қадір-қасиеті жайлы өз ойларын ортаға салып, өлеңдер оқыды.

Шара соңында ұйымдастырушылар тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы екенін атап өтіп, әр азаматтың мемлекеттік тілді құрметтеу мен дамыту ісіне өз үлесін қосуының маңыздылығын жеткізді.


2025 жылғы 24 қыркүйек күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептебінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Жұмыс нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуға болады?» тақырыбында MI (Mind Intellectual) батл ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру, өз пікірін дәлелдей білуге үйрету, еңбек нарығындағы заманауи талаптар туралы түсініктерін кеңейту болды.

MI батл барысында қатысушылар топтарға бөлініп, түрлі жағдаяттық сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Әр команда өз көзқарасын аргументтермен дәлелдеп, пікірталас мәдениетін көрсетті. Талқылау барысында оқушылар XXI ғасыр дағдыларының — жауапкершілік, бастамашылдық, креативтілік пен көшбасшылық қасиеттердің — маңыздылығын түсінді.

Қазылар алқасы қатысушылардың ой ұшқырлығын, сөйлеу мәдениетін және командамен жұмыс істеу дағдыларын бағалады. Нәтижесінде үздік деп танылған топ пен белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бұл шара оқушыларды болашақ кәсіби бағыттарын анықтауға, өзін-өзі дамыту мен бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға ынталандырды.




Қазан айының 1-і – Қарттар күніне орай Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп  ұжымы мен оқушылары «Қамқор» жобасы аясында ауылдың қарттарына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, оларға қамқорлық танытып, жастардың бойында мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыру болды.

Акция барысында оқушылар мен сынып жетекшілер ауылдағы жалғызбасты және көмекке мұқтаж қариялардың үйлеріне барып, тұрмыстық көмектер көрсетті: аулаларын ретке келтіріп, үй шаруасына қолғабыс жасап, жылы лебіздері мен мерекелік тілектерін жеткізді.

Қарттар оқушылардың ықыласына ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Мұндай игі шаралар жас ұрпақтың бойына адамгершілік, қайырымдылық және үлкенге құрмет көрсету сезімін сіңіруге бағытталған.

Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі осындай әлеуметтік бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасын табатынын атап өтті.


2025 жылғы 3 қазан күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп  базасында Ұстаздар күніне орай «Ұстаз — ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұстаздар еңбегін құрметтеу, оларға алғыс білдіру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Мерекелік кеш барысында оқушылар ұстаздарына арналған өлеңдер оқып, әндер шырқап, би билеп, түрлі көріністер қойды. Әр сынып ұстаздарына деген ыстық ықыластарын білдіріп, жылы сөздері мен алғыстарын жеткізді.

Сонымен қатар оқушылар өз қолдарымен әзірлеген шығармашылық сыйлықтарын ұстаздарға табыс етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара барысында мектеп әкімшілігі педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім беру ісіндегі еңбектері үшін алғыс хаттар табыс етті.

Кеш соңында ұстаздар оқушылардың ықыласына ризашылықтарын білдіріп, осындай жылы шараның ұйымдастырылғанына алғыс айтты.

Мерекелік іс-шара ұстаздарға қуаныш пен шабыт сыйлап, мектеп ұжымында мейірім мен ризашылық рухын қалыптастырды. 


 «Ұстаздар күні» мерекесіне орай мектепте «Дублер күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға бағыттау, өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту болды.

Бұл күні мектептің 10–11 сынып оқушылары әкімшілік пен пән мұғалімдерінің рөлін атқарып, ұстаздардың қызметін өздері орындап көрді. Дублерлер сабақтарды қызықты өткізіп, түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, төменгі сынып оқушыларының қызығушылығын арттырды.

Оқушыларға алдын ала міндеттері түсіндіріліп, мектеп қызметкерлері тек бағыт-бағдар беріп отырды. Жауапкершілікті сезінген оқушылар өздеріне тапсырылған міндеттерді белсенді әрі тыңғылықты атқарды.

Шара соңында дублерлер алған әсерлерімен бөлісіп, ұстаздық қызметтің қызығы мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Мұғалімдер мен әкімшілік мүшелері де оқушылардың еңбегіне оң бағасын берді.
 «Дублер күні» оқушыларға мектеп өмірін жаңа қырынан танып, көшбасшылық пен жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді. 

https://www.instagram.com/reel/DPeWOvRiE23/?igsh=MTcyanBzd281dnZlbg==

https://www.instagram.com/reel/DPeUIdcCJOB/?igsh=OXowcWp6MGZiY3Nl


6 қазан күні жұмыс жиынында «Дублер күнін» жоғарғы денгейде өткізгендері үшін «Өзін – өзі басқару» ұйымымен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірім ұйым мүшелерін мектеп директоры Г.А.Асылбекова Алғыс хатпен марапаттады.

https://www.instagram.com/p/DPeagVMCG2k/?igsh=MWljODIwOXg1NTRweA==


Іс-шараға 1–10 сынып оқушылары, сынып жетекшілер мен ата-аналар белсенді түрде қатысты.
 Жәрмеңке алаңында күзгі өнімдерден дайындалған түрлі тағамдар, қолдан жасалған бұйымдар мен тәттілер ұсынылды.
 Оқушылар өз қолдарымен әзірлеген тағамдарын сату арқылы қарым-қатынас мәдениетін, еңбекке баулу дағдыларын көрсетті.Әр сынып өз бұрышын күзгі безендірумен әрледі; Ата-аналар мен оқушылардың бірлескен еңбегі көрініс тапты;Түскен қаржы мектептің қайырымдылық қоры мен сынып қажеттіліктеріне жұмсалды.
 Күзгі жәрмеңке — оқушылар мен ата-аналардың бірлескен еңбегін ұштастырған, бірлік пен еңбектің мерекесіне айналды.
 Іс-шара оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік берді.


https://www.instagram.com/reel/DPMXVAPiLvn/?igsh=MjF4ajYxZWF2MDM3

25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде бастауыш сыныптар 1–4 сыныптар арасында «Менің Қазақстаным» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды.

Оқушылар өз суреттерінде еліміздің әсем табиғатын, бейбіт өмірін, Тәуелсіздік пен бірліктің нышандарын бейнеледі. Әрбір жұмыс ерекше мән-мағынаға толы болып, кішкентай суретшілердің Отанға деген ыстық ықыласын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды 4 Ә сынып оқушысы Аманжол Жанель, ІІ орынды 3 А сынып оқушысы Мұнайтпас Айсұлу, ІІІ орындарды 2 А сынып оқушысы Бексұлтан Мансұр, Жандосқызы Раяна иеленді


Ж.Егінбаев атныдағы интернаты бар орта мектеп базасында өткізілген мектепішілік жұмыс жиынында «Мектеп ережесі» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерімен танысуы, білім алушылардың жауапкершілігін арттыру және оқу ордасында бірлескен тәртіп пен мәдениетті сақтау болды.

Жиын барысында мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер оқушыларға мектептің ішкі тәртіп қағидаларын, оқушының құқықтары мен міндеттерін, сабаққа қатысу, киім үлгісі, сабақ кезінде және үзілісте өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар оқушыларға мектеп мүлкін ұқыпты пайдалану, достық қарым-қатынас сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және оқу ордасының беделін арттыру бағытында насихат жұмыстары жүргізілді.

Жиын соңында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, мектеп ережесін бұлжытпай орындауға уәде берді. Мұндай шаралар мектеп ұжымында тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға, тату орта қалыптастыруға ықпал етеді.



Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Еңбек түбі – береке» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, ата-ананың еңбегін құрметтеуге, адал еңбек етуге баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Сайысқа 1–4 сынып оқушылары белсене қатысып, өз еңбегімен және ата-анасының кәсібімен байланысты түрлі тақырыптарда суреттер салды. Балалардың еңбекте табандылық пен ынта-жігерді бейнелеген туындылары көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Қазылар алқасы суреттердің мазмұны мен көркемдік сапасына назар аудара отырып, үздік жұмыстарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.

Іс-шара оқушылардың еңбекке деген құрметін арттырып, шығармашылық ынтасын дамытуға зор ықпал етті.




Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп базасында 5–8 сынып оқушылары арасында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Менің армандаған мамандығым» атты эссе байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке деген құрметін арттыру, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға баулу және оқушылардың ойлау мен жазу мәдениетін дамыту болды.

Эссе жазу барысында оқушылар өз армандарындағы мамандықтар туралы ойларымен бөлісіп, таңдаған кәсібінің қоғамға пайдасы мен маңыздылығын сипаттады. Көптеген шығармаларда ұстаз, дәрігер, инженер, әскери қызметкер, ІТ-маман сынды кәсіп иелеріне деген құрмет ерекше көрініс тапты.

Қазылар алқасы жұмыстарды мазмұны, сауаттылығы және шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағалап, үздік эсселерді анықтады. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, алғыс білдірілді.

Байқау оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, өз болашағына жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыруға бағытталды және жас буынды мақсатқа ұмтылуға шабыттандырды.


Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп  базасында төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын пысықтау мақсатында эвакуация бойынша жаттығу жұмысы өткізілді. Іс-шараға мектептің барлық ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде (өрт, жер сілкінісі және басқа да қауіп-қатер туындаған сәттерде) мектеп ұжымы мен оқушылардың дұрыс және жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.

Жаттығу барысында дабыл сигналы берілгеннен кейін оқушылар мен мұғалімдер белгіленген эвакуация бағыттары арқылы мектеп ғимаратынан ретімен, тәртіп сақтай отырып шықты. Эвакуация уақыты мен тәртібі жауапты комиссия мүшелері тарапынан бақыланды.

Іс-шара соңында мұғалімдер мен оқушыларға қауіпсіздік ережелері тағы бір рет түсіндіріліп, төтенше жағдай кезінде сабыр сақтау мен бір-біріне көмек көрсетудің маңызы айтылды.

Мұндай жаттығулар мектеп ұжымының қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету қабілетін нығайтуға бағытталған.


Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп базасында оқушылар арасында білім мен шығармашылықты дамыту мақсатында «Смарт бала» жобасымен таныстыру және қатысушыларды тіркеу жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, білімге қызығушылығын арттыру және дарынды балаларға қолдау көрсету болды. Кездесу барысында ұстаздар мен ұйымдастырушылар жобаның мазмұны, кезеңдері мен бағалау талаптары жөнінде толық ақпарат берді.

Оқушыларға «Смарт бала» жобасының пәндік олимпиадалар, шығармашылық байқаулар және зияткерлік жарыстар арқылы білім мен логикалық ойлау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретіні түсіндірілді.

Таныстырудан кейін қатысуға ниет білдірген оқушылар тіркеуден өтті. Белсенді оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес бағыттарды таңдап, жобаға қатысуға дайындықтарын білдірді.

Іс-шара оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, жаңа білім белестерін бағындыруға шабыт берді.


Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп базасында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Болашақ маман иесі болу үшін не істеу керек?» тақырыбында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа еңбекқорлықтың, білім мен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру болды.

Кездесу барысында мұғалімдер мен арнайы шақырылған қонақтар оқушыларға өз мамандықтары, еңбек жолдары және жетістікке жету құпиялары туралы әңгімелеп, пайдалы кеңестер берді. Оқушылар «таңдаған мамандыққа қалай дайындалу керек?», «еңбекқор болудың маңызы неде?» деген сұрақтарға жауап алып, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

Шара барысында оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды. Кездесу соңында ұйымдастырушылар табысты болудың негізі — адал еңбек пен үздіксіз ізденіс екенін атап өтті.

Бұл кездесу оқушылардың өмірлік мақсаттарын айқындап, мамандық таңдауға деген жауапкершіліктерін арттыруға ықпал етті.



Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп базасында 2025 жылғы 9 қазан күні «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында жергілікті учаскелік полиция инспекторымен Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен  кездесу өткізілді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.

Кездесуге Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары Тасболатова А, Тойбазаров Қ қатысып, оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, темекі, ішімдік, және басқа да зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсері жайында мысалдар келтіріп, алдын алу шаралары талқыланды.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Инспектор оқушыларды тәртіпті, жауапкершілігі жоғары азамат болып өсуге шақырды.

Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және салауатты өмір салтына бейімделуіне ықпал етті.


2025 жылғы 24 қазан күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп базасында Республика күніне орай «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 9–11 сыныптар  арасында «Әр қолдың өнері ерекше» тақырыбында қолөнер байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, еңбексүйгіштік пен эстетикалық талғамды қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар өз қолдарымен жасалған бұйымдарын ұсынды. Көрмеге киіз, жіп, ағаш, қағаз және тұрмыстық қалдық материалдардан жасалған түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды. Әр жұмыс оқушының еңбегі мен өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Қазылар алқасы жұмыстарды көркемдік безендірілуі, шығармашылық идеясы және орындау шеберлігі бойынша бағалады. Байқау қорытындысында үздік деп танылған сыныптар мақтау қағаздарымен  марапатталды.

Бұл шара оқушылардың еңбекке, ұлттық мәдениетке және шығармашылық ізденіске деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті.


2025 жылғы 24 қазан күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп базасында Республика күніне орай «Шабыт» жобасы аясында «Республика күні - намысты ұландар» тақырыбында мектепішілік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тәуелсіздігінің қадірін ұғындыру және жас ұрпақтың бойында намыс, рух пен бірлік қасиеттерін қалыптастыру болды.

Шара барысында оқушылар Республика күні мерекесінің тарихымен танысып, еліміздің жеткен жетістіктері жайлы мәліметтер алды. Сонымен қатар, оқушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдер мен әндер орындап, викториналық сұрақтарға жауап берді және «Намысты ұландар» атты топтық жарыстарға белсене қатысты.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға мақтау қағаздары табыс етіліп, ұйымдастырушылар ел ертеңі – білімді де намысты жас ұрпақ екенін атап өтті.

Бұл іс-шара оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін нығайтып, отаншылдық рухты арттыруға зор ықпал етті.


2025 – 2026 оқу жылына «Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубы құрылып, жылдық жоспарлары жасалды. 

Мақсаты:Оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру 

Клубтың негізгі мақсаты – оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдікті насихаттау, қоғамға пайдалы істер атқару және еріктілік қызметті дамыту болып табылады.

Клуб құрамына белсенді, қоғамдық өмірге бейжай қарамайтын, өз үлесін қосуға ниетті оқушылар мен жетекші педагогтар енді. Кездесу барысында клубтың ережесі мен жұмыс жоспары таныстырылып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар мен бағыттар талқыланды.

«Адал Ұрпақ» клубы мектептің тәрбие жұмысы жүйесінде маңызды рөл атқарып, жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке және отансүйгіштікке баулуға бағытталған жобалар мен акцияларды жүзеге асыратын болады.

Мектеп дәлізінде және мектеп кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы жоспарға сай безендіріліп жұмыстар жүргізілуде.

https://www.instagram.com/p/CjP0bhPr33E/?igshid=MDJmNzVkMjY=



2025 жылғы 22 қазан   күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Ұлттық код – менің бойымда» тақырыбында MI (Mind Intellectual) батл ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту және елжандылық сезімін нығайту болды.

Батл барысында қатысушылар топтарға бөлініп, ұлттық дәстүрлер, салт-санамыз, тіл мен мәдениет, ұлттық бірегейлік жайлы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізді. Әр топ өз көзқарасын дәлелдеп, ұлттық болмысты сақтаудың маңыздылығын мысалдар арқылы көрсетті.

Қазылар алқасы оқушылардың тапқырлығын, ой жүйелілігін, сөйлеу мәдениетін және командалық жұмысын бағалады. Нәтижесінде үздік деп танылған топ пен белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Іс-шара оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, өз халқының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиеледі.


2025 жылдың қараша айында мектепте «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылар арасында интернеттегі және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Кездесу барысында полиция инспекторы оқушыларға құмар ойындардың зияны, интернеттегі қауіпті контенттен қорғану жолдары, заңдық жауапкершілік туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ойын мен уақытты тиімді өткізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу соңында мектеп әкімшілігі тарапынан полиция қызметкерлеріне алғыс білдірілді.


Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектепте дәстүрлі «Әке мен бала» спорттық ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Әке мен баланы қатыстыра отырып, бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету; Қимыл-қозғалыс қабіллетерін дамыту; Балаларды шапшаңдыққа,төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың әкелері белсенді қатысып, түрлі эстафеталық жарыстарда өз шеберліктерін көрсетті.
 Жарыстар қызықты әрі көңілді форматта өтті:

1. «Таныстыру»

2. «Эстафеталық таяқшамен жарыс»
 3. «Доппен жарыс.» 
 4. «Обручтің ортасымен жүгіріп өту»
 5. «Кортоп теру»

6. «Допты кедергілер арасынан алып өту»

     7. «Бұқа тартыс»  (капитандар сайысы) эстафеталары ұйымдастырылды.

Балалар әкелерімен бірге бір команда болып, қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күйде жарысты.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ескеркіш сыйлықтар табысталды;

Шара достық атмосферада өтіп, отбасыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

І орынды «Сұлтановтар» отбасы, ІІ орынды «Жебегендер» отбасы, ІІІ орынды «Сағымбековтар» отбасылар иеленсе, «Сейдахметовтар» отбасы Алғыс хатпен марапатталды.


Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін дамыту, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттау мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымы аясында «Менің әділ әрекетім» тақырыбында мектепішілік сурет байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларды әділ болуға, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу; Адалдық, шыншылдық және ізгілік құндылықтарын түсіндіру; Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; Әлеуметтік жағдайларда әділ әрекеттің маңызын көрсету.5 – 8 сынып оқушылары өз ойларын сурет арқылы жеткізді.
 Балалардың жұмыстарында әділдік, достық, адал еңбек, көмектесу, шындықты айту сияқты тақырыптар кеңінен көрініс тапты.
         Жеңімпаздардың жұмыстары мектептің «Адалдық бұрышында» орналастырылды. «Менің әділ әрекетім» сурет байқауы оқушылардың әділдік туралы түсінігін кеңейтіп, адал болуға тәрбиелеген мәнді іс-шара болды.
 Бұл байқау балалардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.


Мектебімізде 2–4 сынып оқушылары арасында “Ақылды бала” атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, жылдам ойлау қабілеттерін шыңдау және зияткерлік әлеуетін көтеру болды.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: логикалық сұрақтар, мәтінді түсіну, математика саласындағы жылдам есептер, сурет арқылы ой қорыту және есте сақтау қабілетін тексеруге арналған тапсырмалар. Әр кезең оқушылардың жан-жақты білімін анықтауға мүмкіндік берді.

Іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар өздерінің тапқырлығын, зеректігін, ұқыптылығын және білімге деген ынтасын көрсетті. Қатысушылар бір-бірімен достық қарым-қатынаста жарысып, өз күшін сынап, жаңа тәжірибе жинады.

Ойын нәтижесінде үздік шыққан сыныптар марапатталды І орынды 4 «А» сынып «Білімділер» командасы, ІІ орынды 3 «Ә» сынып «Тапқырлар» командасы, ІІІ орынды «Ұшқын» командасы иеленсе, Алғыс хатпен  2 «А» сынып «Алғырлар», 2 «Ә» сынып «Болашақ», 3 «А» сынып «Білгірлер» командалары марапатталды.
 Шара оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.



2025 жылғы қараша айында мектебімізде оқушылардың қатысуымен «Жауапкершілік – баланың таңдау құқығын шектей ме?» тақырыбында пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылып өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін дәлелді түрде қорғауға үйрету, баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту болды.

Дебат барысында қатысушылар берілген тақырып аясында екі тарапқа бөлініп, өз ұстанымдарын нақты деректер мен өмірлік мысалдар арқылы қорғады. Командалар жауапкершілік пен таңдау еркіндігінің арақатынасы, баланың құқықтары мен қоғам алдындағы міндеттері туралы өз көзқарастарын білдіріп, қызу пікірталас жүргізді.

Пікірсайыс соңында қазылар алқасы үздік аргументтер келтірген командаларды және белсенді қатысушыларды атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады.

Аталған дебат оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге үйреткен тағылымды шара болды.


Мектебімізде қараша айында оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сауалнама ұйымдастырылып, оның нәтижелері диаграммалар арқылы сарапталып, таныстырылды.

Сауалнаманың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы түсініктерін бағалау, тәртіп сақтау мен жауапкершілікке қатысты көзқарастарын зерделеу болды.

Сауалнама барысында оқушыларға құқықтық нормалар, мектеп ішкі тәртібі, заң алдындағы жауапкершілік, зиянды әдеттер мен құқық бұзушылықтың салдары туралы сұрақтар қойылды. Жиналған мәліметтер арнайы диаграммалар арқылы көрсетіліп, нәтижелері талданды.

Диаграмма қорытындылары бойынша оқушылардың басым бөлігі құқықтық талаптарды білетінін және тәртіп сақтаудың маңызын түсінетінін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір бағыттар бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі анықталды.

Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.


Мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты сурет байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселелеріне назар аударту, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Іс-шара барысында оқушылар өз қиялдарын, ой-толғамдарын, қоғамдағы маңызды мәселелерге деген көзқарастарын түрлі техникада орындалған суреттер арқылы жеткізді. Бағдарламада бейбітшілік, мейірімділік, достық, қауіпсіз орта қалыптастыру тақырыптары кеңінен көрініс тапты.

Қатысушылардың жұмыстары мазмұнының тереңдігімен, көркемдік шешімімен, ойды дәл жеткізуімен ерекшеленді. Әсіресе балалар зорлық-зомбылыққа жол бермеу, бір-бірін құрметтеу және қолдау көрсету идеяларын ерекше мәнмен бейнеледі.

Байқау қорытындысы бойынша үздік шығармалар анықталып, жеңімпаздар мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың санасында қауіпсіз және мейірімді қоғам құрудың маңызын терең түсінуге ықпал етті.


Лабасы ауылдық округіне Рахат Санатұлы мен Асанханов Сағи келіп «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің мәңгілік белгісі» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын терең түсіндіру, олардың мағынасы мен тарихына құрмет сезімін қалыптастыру, жастардың елжандылық рухын арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы, авторлары, әрбір элементтің астарлы мәні жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік рәміздердің қолданылу тәртібі мен оларды қастерлеудің маңыздылығы ерекше аталып өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Тәуелсіздік пен ұлттық бірліктің нышаны болып табылатын рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін баса айтты.

Кездесу соңы мемлекеттік Әнұранды орындаумен және рәміздерге деген құрметті насихаттауға шақырған үндеумен қорытындыланды. Іс-шара оқушыларға отаншылдық сезім сыйлап, ел тарихы мен құндылықтарын мақтан тұтуға бағытталды.


Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай, 2025 жылғы ___ күні мектебімізде 2–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында ауылдық амбулатория қызметкерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, ЖИТС/ВИЧ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары мен одан сақтану тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет беру, сондай-ақ денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.

Кездесу барысында амбулаторияның медицина қызметкерлері ЖИТС ауруының адам ағзасына тигізетін кері әсері, жұғу жолдары, қауіп факторлары және аурудың алдын алу жолдары туралы түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы атап өтілді.

Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, денсаулыққа байланысты пайдалы кеңестер алды. Кездесу соңында салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасалып, қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Аталған кездесу оқушылардың денсаулық туралы білімін арттырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.



15 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру болды.

Салтанатты жиын барысында «Жас Ұлан» ұйымының қатарына жаңадан қабылданған оқушылар ант қабылдап, ұйымның куәлігі мен төсбелгілерін иеленді. Ұйым жетекшілері мен мектеп әкімшілігі жас ұландарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, ел болашағы жолында белсенді болуға шақырды.

Рәсім барысында Тәуелсіздік туралы патриоттық әндер орындалып, оқушылардың әдеби-музыкалық композициялары ұсынылды. Бұл шара қатысушыларға ерекше рух беріп, елге деген мақтаныш сезімін нығайтты.

Аталған қабылдау рәсімі жас ұландардың жүрегінде патриоттық сезімді оятып, жауапкершілік пен бірлікті дәріптеген тағылымды іс-шара болды.



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челлендж ұйымдастырылып өтті.

Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, өз жетістіктерін бағалай білуге үйрету, елге деген мақтаныш пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ дарынды, белсенді оқушыларды қолдау болды.

Іс-шара барысында оқушылар өздерінің оқу, спорт, өнер, қоғамдық жұмыстардағы жетістіктерін таныстырып, бейнероликтер, презентациялар және фотоколлаждар арқылы көпшілікке ұсынды. Әрбір қатысушы өз жетістігін ел болашағымен байланыстырып, «Менің жетістігім – елімнің игілігі үшін» тақырыбында ой бөлісті.

Челленджге белсене қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды.

Аталған челлендж оқушылардың өз-өзіне сенімін арттырып, отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталған тағылымды шаралардың бірі болды.


2025 жылғы желтоқсан айында мектебімізде оқушылардың қатысуымен «Бірлік пен ынтымақ бар жерде әділеттілік орнайды» тақырыбында пікірсайыс (дебат) ұйымдастырылып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету, қоғамдағы әділеттілік, бірлік пен ынтымақ ұғымдарының маңызын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу болды.

Дебат барысында қатысушылар берілген тақырып аясында өз көзқарастарын ортаға салып, нақты мысалдар мен дәлелдер келтіре отырып, бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлін жан-жақты талқылады. Командалар белсенділік танытып, қарсы тараптың пікіріне сауатты түрде жауап беріп, пікір алмасу мәдениетін көрсете білді.

Іс-шара соңында қазылар алқасы үздік аргументтер мен белсенді қатысушыларды атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады.

Аталған дебат оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал еткен тағылымды шара болды.


2025 жылғы 23 желтоқсан күні мектебімізде 0–4 сынып оқушылары арасында «Сиқырлы сағаттың құпиясы» атты жаңа жыл мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мерекелік дәстүрлерді насихаттау және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болды.

Шара барысында балалар түрлі кейіпкерлердің қатысуымен ұйымдастырылған ертегі желісіндегі қойылымдарды тамашалап, көңілді ойындар мен би билеп, ән айтып, тақпақтар оқыды. «Сиқырлы сағаттың» көмегімен балалар жаңа жыл әлеміне саяхат жасап, сиқырлы тапсырмаларды орындау арқылы мейірімділік, достық және бірлік туралы түсініктерін кеңейтті.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – Аяз ата мен Ақшақардың келуі болды. Олар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, белсенді қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар табыстады.

Аталған жаңа жылдық кеш бастауыш сынып оқушыларының жүрегінде ұзақ сақталатын жарқын әсер қалдырды.


2025 жылғы желтоқсан айының 24 күні мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында «Кел, Жаңа жыл ортаға!» тақырыбында жаңа жылдық мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Іс-шараның мақсаты – балаларды ертегі әлеміне еліктіре отырып, Жаңа жыл мерекесінің шынайы мәнін түсіндіру, кейіпкерлер арасындағы оқиға желісі арқылы мейірімділік пен достықтың маңызын көрсету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және мерекелік көңіл күй қалыптастыру болды.

Мереке барысында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар сахналанып, түрлі қызықты ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, би билеп, көріністер арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Кейіпкерлер арасындағы оқиғалар арқылы бір-біріне қолдау көрсету, татулық пен сыйластықтың құндылығы насихатталды.

Мерекенің шарықтау шегі – Аяз ата мен Ақшақардың келуі болып, олар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, белсенді қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтар табыстады.

Аталған мереке оқушыларға ерекше әсер сыйлап, жарқын көңіл күй мен ұмытылмас естеліктер қалдырды.


2025 жылғы желтоқсанның 26 күні мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Уақыт бойынша саяхат» тақырыбында балмаскарад кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды түрлі дәуірлердің мәдениетімен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және мектеп оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру болды.

Кеш барысында қатысушылар 80-жылдар, 90-жылдар, 2000-жылдар, 2024-жылдар, қазіргі заман және болашақ кезеңдерін қамтыған қойылымдар мен сахналық көріністер арқылы уақыт кеңістігінде саяхат жасап, әр дәуірдің ерекшеліктерін айқын көрсете білді. Әр кезеңге сай музыкалық нөмірлер, би баттлдары және ойындар ұйымдастырылып, кеш көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Оқушылардың креативті костюмдері мен ерекше сахналық образдары балмаскарадтың сәнін кіргізіп, көрермен тарапынан жоғары бағаланды.

Іс-шара соңында белсенді қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Аталған балмаскарад кеші оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ұмытылмас әсер қалдырды.


Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі басты назарда. Осы орайда, мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында «Эко-Әлем» атты танымдық үстел ойыны ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, экологиялық білімдерін сарапқа салу.

Ойын барысында оқушылар бірнеше командаға бөлініп, арнайы әзірленген ойын алаңында бақ сынасты. Үстел ойынының шарты бойынша, қатысушылар текше лақтыру арқылы алға жылжып, әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берді.7-8 сынып оқушылары ерекше белсенділік танытты. 

Тартысты өткен ойын нәтижесінде үздік шыққан командалар арнайы марапаттармен  марапатталды. 

«Эко-Әлем» ойыны – бұл жай ғана жарыс емес, таза болашаққа бағытталған маңызды қадам. Табиғатты қорғау өз табалдырығымыздан басталатынын ұмытпайық!






        Заң және Тәртіп айлығы аясында Өзін – өзі басқару ұйымы мен Жас Ұлан ұйым мүшелері бірлесіп «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында блиц сұхбат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – әкенің отбасыдағы рөлі мен жауапкершілігін айқындау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңызын насихаттау.

Блиц сұхбат барысында қатысушыларға қысқа әрі мазмұнды сұрақтар қойылып, әкенің тәрбиедегі орны, отбасы құндылықтары, үлгі-өнеге туралы ойлары тыңдалды. Қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, отбасындағы татулық пен сыйластықтың негізі әке мен ананың бірлігінде екенін атап өтті.




7 – 8 сыныптар арасында  «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Флешмоб барысында қатысушылар тақырыптық ұрандар айтып, плакаттар мен көрнекі белгілер арқылы жемқорлыққа қарсы көзқарастарын білдірді. Шараға белсенді қатысқан жастар қоғамның дамуы адал еңбек пен заңға құрметтен басталатынын атап өтті.

Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі форматта өтіп, қатысушыларды жауапкершілікке, азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге ықпал етті.



Мекеме/мектепте «Сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында бейнероликтер көрсету іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке және жеке тұлғаға тигізетін кері әсерін түсіндіру, заңға бағыну мен адалдық құндылықтарын қалыптастыру.

Бейнероликтерде жемқорлықтың әлеуметтік әділетсіздікке, сенімнің төмендеуіне және болашаққа кері ықпал ететіні нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуға ықпал етті.

Мектепте 2–4 сынып оқушылары арасында «Заң қызметкері болғым келеді» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және болашақ мамандыққа қызығушылығын дамыту.

Байқау барысында оқушылар өз қиялымен заң қызметкерінің бейнесін суреттеп, әділдік, тәртіп пен жауапкершілік ұғымдарын көркем түрде жеткізді. Ұсынылған жұмыстар мазмұндылығымен, шығармашылығымен және идеялық ерекшелігімен көзге түсті.

Іс-шара қорытындысында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, байқау тәрбиелік мәні жоғары, қызықты форматта өтті.


Ұшқыр ой алаңы жобасы аясында 7–11 сынып оқушылары арасында «Заң – тәртіптің айнасы» тақырыбында MI BATTLE зияткерлік ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, логикалық ойлау мен пікір таластыру қабілеттерін дамыту.

Зияткерлік ойын барысында қатысушылар заң, құқық, азаматтық жауапкершілік және қоғамдағы тәртіп мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын дәлелді түрде қорғады. Ойын тартысты әрі қызықты форматта өтіп, оқушылардың белсенділігі мен білім деңгейі жоғары деңгейде көрінді.

Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізіп, тәрбиелік мәні жоғары мазмұнда өтті.

Мектепте 7–10 сынып оқушылары арасында «Қысқы дода: заң мен тәртіп сақта!» тақырыбында қысқы спорттық ойындар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды тәртіпке, жауапкершілікке және заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу.

Спорттық ойындар барысында оқушылар түрлі қысқы эстафеталар мен қимыл-қозғалысқа негізделген сайыстарға қатысып, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті. Әр кезеңде әділдік пен қауіпсіздік ережелерін сақтау басты назарда болды.

Іс-шара көңілді әрі белсенді форматта өтіп, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.




Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің  «Өзін – өзі басқару» ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Жарнамаға алданба!» тақырыбында букмекерлік кеңселер мен блогерлердің агрессивті жарнамасына қалай сын көзбен қарау керек мәселесіне арналған бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың медиа сауаттылығын арттыру, жарнамалық манипуляцияларды ажырата білуге үйрету және құмар ойындардың зияны туралы түсінік қалыптастыру.

Бейнероликте агрессивті жарнаманың негізгі белгілері, эмоцияға әсер ету тәсілдері, «оңай табыс» туралы жалған уәделер мен блогерлер арқылы сенім қалыптастыру әдістері нақты мысалдармен көрсетілді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, жарнамаға сын көзбен қараудың маңызын талқылады.

Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың саналы таңдау жасауына және ақпаратты жауапкершілікпен қабылдауына оң ықпал етті.

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің  Өзін-өзі басқару ұйымының ресми парақшасының ашылуы — бұл ұйымның ашықтығы мен белсенділігін көрсететін маңызды қадам.

«Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! 

Біздің мектебіміздің  Өзін-өзі басқару ұйымының ресми Instagram/Tik Tok парақшасы ашылғанын қуана хабарлаймыз!

Бұл парақша не үшін қажет?

 Мектеп өміріндегі ең қызықты жаңалықтар мен іс-шаралардан хабардар болу;

 Оқушылардың ұсыныстары мен идеяларын тыңдау;

 Белсенді жастардың жетістіктерін бөлісу;

 Алдағы жоспарлар мен жобалар туралы мәлімет беру.

Біз әрбір оқушының дауысы маңызды екеніне сенеміз. Бізге жазылыңыздар, пікір қалдырыңыздар және мектеп өмірін бірге қызықты етейік! 


«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектепте 2–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Шын жүректен кітап сыйла!» тақырыбында мектепішілік челлендж өтті.

Челлендждің мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды насихаттау және кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне және мектеп кітапханасына өздері таңдаған кітаптарын сыйлап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойларымен бөлісті.

Челлендж оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті және оқу мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.


Мектебімізде ұстаз еңбегін насихаттау, мұғалімдерге құрмет көрсету және шәкірттердің алғыс сезімін арттыру мақсатында «Құрмет» челленджі ұйымдастырылды.

Челлендж барысында оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына арнап жылы лебіздерін білдірлғыс хаттар жазып, бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желі арқылы эстафета жолдады. Сонымен қатар сыныптарда ұстаздарға арналған құттықтау бұрыштары безендіріліп, шағын мерекелік шаралар өткізілді.

Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықты арттыруға ықпал етті.

«Ұшқыр ой» дебат клубының жоспарына сәйкес, мектебімізде жоғары сынып оқушылары арасында өзекті тақырыптардың бірі – жасампаздық мәселесіне арналған пікірсайыс өтті.

Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту; Өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білуге баулу; Жасампаздық (креативтілік) ұғымының табиғатын түсіну.

Пікірсайыс барысында екі тарап – «Үкімет» және «Оппозиция» фракциялары келесідей дәлелдерді алға тартты:

Жасампаздық – туа бітетін қасиет (Үкімет тарапы):

Көрегендік пен ерекше шығармашылық түйсік гендік деңгейде беріледі.

Тарихтағы ұлы тұлғалардың (композиторлар, суретшілер) ерте жастан байқалған ерекше қабілеттері – табиғи таланттың дәлелі.

Ішкі түйсік пен шабытты жасанды жолмен жасау мүмкін емес.

Жасампаздық – жүре келе қалыптасатын дағды (Оппозиция тарапы):

Кез келген қабілет 10 000 сағаттық жаттығу мен еңбектің нәтижесі (М. Гладуэлл теориясы).

Заманауи білім беру әдістері (Design Thinking, TRIZ) кез келген адамның шығармашылық ойлауын дамыта алады.

Жасампаздық – бұл қоршаған ортаның, тәрбиенің және үздіксіз ізденістің жемісі.

Дебат өте тартысты өтті. Спикерлер шешендік өнерлерін көрсетіп, логикалық сұрақтар қою арқылы тақырыпты жан-жақты ашты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, жасампаздықтың бастауы табиғи нышан болғанымен, оны жүзеге асыру үшін орта мен талпыныстың маңызы зор деген ортақ мәмілеге келді.


1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздар мен кіші қызметкерлерге арналған ашық хаттар таратып, шынайы алғыстарын білдірді.

Іс-шараның мақсаты – білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздарға, сондай-ақ мектептің тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп жүрген кіші қызметкерлерге құрмет көрсету, еңбектеріне ризашылық білдіру.

Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері өз сөздерінде олардың еңбегі мен қамқорлығы үшін алғыстарын айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады.


Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойында анаға деген құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Мектебімізде өткен бұл челленджге бастауыш және жоғары сынып оқушылары мен олардың аналары белсене қатысты. Шара бірнеше бағытты қамтыды:

Оқушылар өздерінің ең ыстық лебіздері мен алғыстарын қағаз бетіне түсіріп, аналарына деген шынайы сезімдерін білдірді.

Ананың алақаны – әлемдегі ең жылы орын. Осы іс-шара арқылы біз әрбір баланың жүрегіндегі анаға деген шексіз алғыстың бір парасын көрсете алдық. Белсенділік танытқан барлық ата-аналар мен оқушыларға алғыс айтамыз!


Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Наурыз мейрамы аясында ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ««Dastur челленджі» тақырыбында мектепішілік челленджі.

мақсаты: Оқушыларға қазақ қызының әдептілігін, ибалылығын және отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын шашбау арқылы түсіндіру. https://www.instagram.com/reel/DWEHd2aiCcN/?igsh=MXZlMGM1MXFuMGRsbQ== 


Наурыз мерекесінің ажарын ашқан қолөнер көрмесі мектеп фойесінде арнайы жабдықталған этно-аймақта өтті. Көрмеге 1-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары бірлесе дайындаған бірегей туындылар қойылды.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, халықтық қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын үйрету және ұлттық мұраны қадірлеуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/DWF5qw0CM7g/?igsh=MXJqZThtdzc3aDgzNg==


Бүгін бүкіл әлем назары — «Жер сағаты-2026» жаһандық акциясында. Жетісу облысының мектеп парламенттері бұл бастаманы бір ауыздан қолдайды! 

Біз үшін бұл жай ғана жарықты сөндіру емес, бұл — туған өлкеміздің табиғатын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген нық қадамымыз. Аймағымыздың жүздеген мектебі мен мыңдаған оқушысы осы игі іске атсалысуда.

 Біз не ұсынамыз?

* Сағат 20:30-да электр жарығын өшіріп, табиғатқа үлес қосу;

* Экологиялық фракциялардың бастамасымен «Үнемділік — ертеңгі күннің кепілі» атты челленджді қолдау;

* Күнделікті өмірде жауапты тұтыну қағидасын ұстану.

Жетісу — біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау — біздің парызымыз! Ортақ іске сен де қосыл, замандас! 


 «Адал еңбек» тақырыбында ұйымдастырылған бейнеролик барысында оқушыларға адалдық пен еңбекқорлықтың маңызын түсіндіру мақсатында бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте қарапайым еңбек адамдарының өмірі, олардың адал еңбегі арқылы жеткен жетістіктері бейнеленді.

Шара барысында оқушылар бейнероликтен алған әсерлерімен бөлісіп, адал еңбек етудің қоғамдағы рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл жұмыс оқушылардың еңбекке деген құрметін арттырып, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті. 

 Мақсаты:Оқушыларға адал еңбектің мәнін түсіндіру; Еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу; Қоғамдағы еңбек адамының рөлін насихаттау 

Бейнеролик көрсету арқылы оқушылар адал еңбек ету – табыс пен абыройдың негізі екенін түсінді. Сонымен қатар, еңбек адамына құрметпен қарау қажеттігін ұғынды.


Мақсаты:Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; Ғарыш саласына қызығушылықты арттыру; Жаңа технологияларды таныстыру 

Мектепте «Ғарыштық технологиялар және болашақ» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушыларға ғарыш саласындағы заманауи технологиялар туралы түсінік беру және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ барысында оқушылар ғарышты игеру тарихымен, қазіргі кездегі ғарыштық зерттеулермен және болашақтағы мүмкіндіктермен танысты. Сонымен қатар, жасанды жер серіктері, зымырандар және ғарыш станциялары туралы бейнематериалдар көрсетіліп, қызықты мәліметтер ұсынылды.

        Сабақ өте қызықты әрі танымдық түрде өтті. Оқушылар ғарыштың құпияларымен танысып, болашақта ғылым мен технология саласында білім алуға деген ынталары артты.


Мектебімізде «Ғарыш әлемі» тақырыбында плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш тақырыбына қызығушылықтарын арттыру және ғылымға деген ынталарын қалыптастыру.

Байқауға әр сыныптан оқушылар белсене қатысып, өздерінің қиялындағы ғарыш әлемін түрлі бояулармен, суреттермен және идеялармен бейнеледі. Плакаттарда ғаламшарлар, жұлдыздар, зымырандар мен болашақтағы ғарыштық технологиялар көрініс тапты.

Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыту; Ғарыш туралы білімдерін кеңейту; Эстетикалық талғам қалыптастыру


Бастауыш сыныптар арасында «Ғарыш – шексіз әлем» тақырыбында макеттер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш туралы түсініктерін кеңейту және қиялын ұштау.

Іс-шара барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған макеттерін ұсынып, ғарыш әлемін ерекше қырынан бейнеледі. Жұмыстарда түрлі ғаламшарлар, жұлдыздар, зымырандар және болашақтағы ғарыш станциялары көрініс тапты. Әрбір макет оқушылардың ізденісі мен еңбегінің нәтижесін көрсетті.

Бастауыш сыныптар арасында «Ғарыш – шексіз әлем» тақырыбында макеттер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш туралы түсініктерін кеңейту және қиялын ұштау.

Іс-шара барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған макеттерін ұсынып, ғарыш әлемін ерекше қырынан бейнеледі. Жұмыстарда түрлі ғаламшарлар, жұлдыздар, зымырандар және болашақтағы ғарыш станциялары көрініс тапты. Әрбір макет оқушылардың ізденісі мен еңбегінің нәтижесін көрсетті.


Мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында «Қолымнан келсе – табиғатты сақтаймын» тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласын тазалап, ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптау жұмыстарына белсенді қатысты. Сонымен қатар, табиғатты қорғау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны ластамау, қоқысты сұрыптау туралы пайдалы ақпараттар берілді.

Мектебімізде «Шебер қолдар табиғатты сақтайды» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Көрмеге қатысушылар табиғи және қайта өңделетін материалдарды пайдалана отырып, түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды. Оқушылар қағаз, пластик, картон, жапырақтар мен басқа да материалдардан ерекше композициялар жасап, өздерінің шеберліктері мен қиялдарын көрсете білді.


Мектебімізде 9–11 сынып түлектері арасында «Түлектердің ағаш егуі» атты эко-челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялауға тәрбиелеу және мектеп аумағын көгалдандыру.

Челлендж барысында түлектер мектеп ауласына және белгіленген аумақтарға ағаш көшеттерін отырғызып, оларды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Бұл игі бастама түлектердің мектепке деген құрметі мен табиғатқа деген жанашырлығын көрсетті.


Мектебімізде «Өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында 5–11 сынып оқушылары робототехника, кодтау және жасанды интеллект бағыттары бойынша өздерінің қызықты жобаларын таныстырды.

Оқушылар дайындаған робот модельдері, түрлі бағдарламалар, чат-боттар мен ойын жобалары көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Әр қатысушы өз жобасының жұмыс істеу принципін түсіндіріп, цифрлық технология саласындағы білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ІТ саласына қызығушылығын арттыру, олардың инновациялық ойлауын дамыту және болашақ цифрлық мамандықтарға бағыт беру.

Көрме жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге үлкен әсер қалдырды. https://www.instagram.com/reel/DV8gGT1iHch/?igsh=bWVlc252NXZkajM



«Отан қорғау – қасиетті борыш» тақырыбында мектепте ерлік сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елін, жерін қорғаудың маңызын түсіндіру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.

Ерлік сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Қарулы Күштері туралы мәліметтер беріліп, Отан қорғаған батырлардың ерлігі насихатталды. Сонымен қатар, әскери қызметтің маңызы, ел тыныштығын сақтаудағы сарбаздардың еңбегі туралы бейнероликтер көрсетіліп, тәрбиелік әңгімелер айтылды.

Іс-шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, әндер орындады. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Түлектердің ағаш егуі» атты эко-челлендж ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялауға тәрбиелеу және мектеп ауласын көгалдандыру.

Эко-челлендж барысында түлектер мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Оқушылар ағаш егу жұмыстарына белсенді қатысып, экологиялық мәдениеттің маңызын түсінді.

Шара барысында ұстаздар оқушыларға ағаштың адам өміріндегі маңызы, табиғатты қорғаудың қажеттілігі туралы тәрбиелік әңгімелер айтты. Түлектер өз қолдарымен еккен ағаштарын болашаққа қалдырған естелік әрі игі іс ретінде қабылдады.

«Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырған тәрбиелік мәні зор шара болды


Мектебімізде «Үздіктер шеруі – 2026» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Шараның мақсаты – оқу озаттарын, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан және түрлі байқаулар мен жарыстарда жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау, олардың жетістіктерін насихаттау.

Іс-шара барысында оқу жылы бойы үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, өнер, спорт және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан білім алушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Мерекелік кеш ән-бимен әрленіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар үздік оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, болашақтарына сәттілік тіледі.

«Үздіктер шеруі – 2026» шарасы оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білім мен еңбекке деген ынталарын арттырған тағылымды кеш болды.


Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өткізілді. Мерекелік жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында мектеп директоры оқу жылының қорытындысын жасап, білім мен тәрбие жолында жетістікке жеткен оқушыларды құттықтады. Сонымен қатар, оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

Мерекеде түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, ән мен жырдан шашу шашты. Мектеп қабырғасындағы қызықты сәттер еске алынып, жүрекке жылы әсер сыйлаған көріністер қойылды.

Салтанатты шараның ең әсерлі сәті – соңғы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл – түлектер үшін жаңа өмірге бастар маңызды қадамның белгісі.

«Соңғы қоңырау» мерекесі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.



Мектеп директоры:    Г.А.Асылбекова        
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив