Мектепішілік олимпиада.Мәлімет. » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2022

Мектепішілік олимпиада.Мәлімет.

2022-2023 оқу жылының 30 қараша мен 01 желтоқсан аралығында мектепішілік бақылаудың № 282 бұйрығына сәйкес мектепішілік пән олимпиадасының жүргізілуі бақылауға алынды.
2022-2023 оқу жылының 30 қараша күні оқу-тәрбие жоспарына сәйкес мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
Пән олимпиадасының ұйымдастырудың және өткізудің мақсаты:
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын жақсарту, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен барлық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.
Міндеттері:
•Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
•ғылыми көзқарасын, танымын кеңейту;
•шығармашылық қабілеттерін, ғылыми ізденісін дамыту;
•оқушы бейіні мен қабілетін анықтау, интеллектісін дамыту;
•білімді жасты даралау,ынталандыру;
•қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап, іріктеу және қолдау көрсету;
•мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту.
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) қазақстан тарихы;
3) орыс тілі мен әдебиеті;
4) ағылшын тілі;
5) математика;
6) физика;
7) информатика;
8) химия;
9) биология;
10) география;
11) құқық негіздері
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатыстырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталып, алдағы кезеңдерге пән мұғалімдері дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мектепішілік олимпиадаға берілген тапсырмалар аудандық, облыстық олимпиада тапсырмаларына сай екенін, сонымен бірге жеке пәндер бойынша қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз тұстарын қарастыру ұсынылады.Сабақтарда қабілетті оқушылармен күрделі материалдармен дайындық жұмыстарын жүргізуге көңіл бөліну қажет.
Аудандық кезеңге 25 оқушы өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив