Мектеп тәжірибесіне инновацияларды енгізу бойынша 07 – 24. 11. 2022 ж. аралығында шығармашылық топпен жүргізілген жұмысының есебі » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тәжірибесіне инновацияларды енгізу бойынша 07 – 24. 11. 2022 ж. аралығында шығармашылық топпен жүргізілген жұмысының есебі
30
ноябрь
2022

Мектеп тәжірибесіне инновацияларды енгізу бойынша 07 – 24. 11. 2022 ж. аралығында шығармашылық топпен жүргізілген жұмысының есебі

Сындарлы оқыту теориясы – оқыту теорияларының ішінде өмірлік маңызы бар, алған білімді өмірде қолдануға тәрбиелейтін теория. Осыған байланысты елімізде Қазақстан Республикасы педагаг қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында деңгейлік курстар ұйымдастырылғаны баршамызға мәлім.
Біздің мектепте осы бағдарламаның 1 деңгей сертификатын иеленген мұғалімдер саны – 4. Мектебімізде осы мұғалімдермен қатар осы бағдарламаның идеясына қызыққан бастауыш сынып мұғалімдерінен «Өзгеріс тобы» атты фокус топ құрылды. Осы топ мүшелерінің ықпалымен мектеп тәжірибесіне біраз өзгерістер енгізе бастадық.
        Осы өзгерістер барысында мектебімізде мектеп тәжірибесіне инновацияларды енгізу бойынша 07 – 24. 11. 2022 ж. күндер аралығында шығармашылық топпен екі апта бойы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұл жоспардың бір ыңғайлы және тиімді жері – жасалынған іс-әрекеттің қатып қалған қағидасы жоқ. Бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, мектептің, оқушының және мұғалімнің мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолжетімді, тиімді қадамдар жасауға болатынына көз жеткіздік.
      Осы екі апталық жұмыс барысында Фокус тобындағы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, «Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағы барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. 
       Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибемізбен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинар-сабағымыздың тақырыбы: «Оқу мақсатына бағытталған пәндік тапсырмалар». 
Коучинг: “Әріптестік сабақтастық: сабақ мақсатына жетудегі тиімді әдіс-тәсілдер” 
Шебер сынып “ Сабақ мақсатына жетудегі пәндік тапсырмалардың маңызы”
 Мақсаты: Зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив