Әдістемелік кеңес отырысы 2023-2024
«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп»КММ
Оқу-әдістемелік кеңесінің
№1 Хаттамасы
Өткен күні: 20.09.2023ж.
Қатысқандар:50
Күн тәртібінде:
1. Мұғалімдермен педагогикалық психологиялық тренинг «Өзіме -көршіме» мектеп психологы М.Қаблаш.
2.2023-2024 оқу жылына әдістемелік кеңестің жоспарын , мақсат, міндеттерді бекітуге ұсыну - директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай.
5.Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын қарастыру , бекітуге ұсыну- директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай ,ӘБ жетекшілері.
6.Аттестаттау – 2023.Өзгерістер мен толықтырулар, бұйрықтармен таныстыру- директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай.
7.Шебер сынып: «Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен Зерде бұзылыстары бар оқушыларға жеке оқу бағдарламасын құрастыру тәртібі және іске асыру» -арнайы мамандар Т.Абилова,А.Жұртбай.
Оқу-әдістемелік кеңестің отырысы кеңес төрағасы Ә.С.Көзтай ашты.Бүгінгі күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырды.
1. Мектеп психологы М.Қаблаш мұғалімдермен «Өзіме-көршіме» психологиялық тренинг өткізді.
2. Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай 2023-2024 оқу жылына әдістемелік кеңестің жоспарын , мақсат, міндеттерді бекітуге ұсынды.
3. 2023-2024 оқу жылына әдістемелік бірлестік жетекшілерін және әдістемелік кеңес, аттестаттау комиссиясының құрамын бекітуге ұсынылды . Жас мамандарға тәлімгерлерді, «Шабыт » шығармашылық топтың құрамын, пилоттық жоба бойынша шығармашылық топтың құрамын бекітуге,Жас мамандар мектебінің , «Дарын» қоғамдастығының жетекшілерін бекітуге ұсынылды.
2023-2024 оқу жылында пән мұғалімдері мен басқа қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестациялық комиссия құрамына төмендегі педагогтар ұсынылады:
1. Г.А.Асылбекова -аттестациялық комиссия төрағасы, директор
2. Ұ.М.Қасымбеков -төраға орынбасары, ОТІЖ орынбасары
3. Ә.С.Көзтай - төраға орынбасары, ОӘІЖ орынбасары
4. Ж.Салқынбаева-комиссия мүшесі, КК төрайымы
5. Е.Жаманқаранов- комиссия мүшесі, АӘД пәні мұғалімі
6. М.Қаблаш - комиссия хатшысы,педагог-психолог
2023-2024 оқу жылында жас мамандар саны 6: Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Басанова Арайлым; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүнісбеков Бағлан; биология пәнінің мұғалімдері Сарсембаев Қанат Саматұлы;дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы; орыс тілі пәнінің мұғалімі Есентаева Нурзия Бектемисовна; бастауыш сынып мұғалімі Тулесова Роза. Аталған жас мамандарға әдістемелік көмек көрсететін тәжірибелі ұстаздар қажет. Тәлімгер ретінде келесі пән мұғалімдері ұсынылады:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Басанова Арайлымға ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Абилкаирова,педагог-зерттеуші мұғалім, педагогикалық өтілі 17 жыл.
2. Биология пәнінің мұғалімдері Сарсембаев Қанат Саматұлына химия пәнінің мұғалімі К.Жұмабековна,педагог-модератор,педагогикалық өтілі 29 жыл.
3. Бастауыш сынып мұғалімі Тулесова Розаға бастауыш сынып мұғалімі С.Балғымбаева,педагог- сарапшы ,педагогикалық өтілі 35жыл.
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Отызбаев Рахат Қалдыбайұлына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Жексенбинов,педагог-сарапшы 35,6жыл.
5. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Есентаева Нурзия Бектемисовнаға орыс тілі пәні мұғалімі Г.Танкакова,педагог-сарапшы,педагогикалық өтілі 17 жыл.
6. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүнісбеков Бағланға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Оспанбаева,педагог-сарапшы педагогикалық өтілі 35 жыл.
«Жас мамандар» мектебінің жетекшісі ретінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.К.Танкакова, «Дарын» қоғамдастығының жетекшісі ретінде ДӘІЖО Ә.С.Көзтай ұсынылды.
4.2023-2024 оқу жылына ӘБ жетекшілері және ДӘІЖО, «Жас мамандар мектебінің », «Дарын » қоғамдастығының жұмыс жоспарларын бекітуге ұсынды.
5. Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары қарастырылып , директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай ,ӘБ жетекшілері бекітуге ұсынды.
6.Аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдер «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» 2023-2024 жылғы ережесінің толықтыруларымен таныстырылды.Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің тізімі анықталып бекітілді:
- Асылбекова Гулжанат Акболатовна,география пәнінің мұғалімі –кезекті аттестаттау
- Канапиянова Айгерим Нургалиевна, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Рахимбаева Назымгул Ақанайқызы, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Тулесова Роза Ганнибаловна , бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы ,дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі-кезекті аттестаттау.
- Жеңісбеков Бағлан Серікұлы ,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Көзтай Әзиза Сәрсенқызы ,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Жакенова Гүльмира Темерхановна , тарих пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Сәрсембаев Қанат Саматұлы ,биология пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Қасымбеков Ұлан Мұқанұлы, тарих пәнінің мұғалімі-кезектен тыс аттестаттау.
7.Мектебіміздің арнайы мамандары Т.Абилова,А.Жұртбай пән мұғалімдеріне: «Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен Зерде бұзылыстары бар оқушыларға жеке оқу бағдарламасын құрастыру тәртібі және іске асыру» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Ұсыныс:
- 2023-2024 оқу жылына әдістемелік кеңестің жоспары, мақсат, міндеттері бекітіліп жоспар бойынша жұмыс жүргізілсін.
- Әдістемелік бірлестік жетекшілерін және әдістемелік кеңес, аттестаттау комиссиясының құрамы анықталып бектілсін.
- Жас мамандар тәлімгерлері, «Шабыт » шығармашылық топ құрамы, пилоттық жоба бойынша шығармашылық топ құрамы,Жас мамандар мектебінің , «Дарын» қоғамдастығының жетекшілері жұмыс жоспарларын бекітіп жоспар бойынша жұмыстар атқарылсын.
- Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары қаралып бекітілсін.
- 2023-2024 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімі анықталып бекітілсін.
- Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен Зерде бұзылыстары бар оқушыларға жеке оқу бағдарламасын пән мұғалімдері құрастырып іске асырылсын.
ДӘІЖО: Ә.С.Көзтай