Жас мамандармен жұмыс » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2020

Жас мамандармен жұмыс

Жас мамандармен жұмыс

 Мектепте жаңадан келген жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жас маман» мектебі құрылған.2020-2021 оқу жылында  «Жас маман» мектебінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. «Жас маман» мектебінің жетекшісі   тәжірибелі мұғалім Оспанбаева Жамила Омаргазиевна бекітілді, педагог-сарапшы, еңбек өтілі 31 жыл.

Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау,оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін меңгерту; жаңа сабақты меңгерту барысында тиімді әдістерді пайдалануды үйрету. 


 Міндеттері:
 
1.Әрбір жас маманның педагогикалық шеберліктерін дамыта отырып,технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру.
 2.Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
 3.Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы ролін арттыру, олардың құзырлығын дамыту.
 4.Жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, оларды қолдану және ынталандыру.
 5.Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарын, мемлекеттік білім стандартын, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыстарын жүргізу.
 6.Оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру.
 7. Әдістемелік апталықтар  ұйымдастырып, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.
 
8.Жас мамандарға жеке бас ерекшелігін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми –әдістемелік көмектер көрсету.

9. Мектептің жалпы ішкі жұмыс жүйесіне дағдыландыру,  жұмыс уақытын мақсатты тиімді пайдалануға баулу, кәсіби жағынан толысып және әдістемелік жағынан шеберліктерінің жетілуіне бағытталған шараларды мазмұнды да тиімді өткізу.

        «Жас маман» мектебіне жас мамандар мүше болып, оларға тәлімгерлер тағайындалып, жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасайды. Жас мамандарға әрдайым әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында жоспарға сәйкес педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, семинарлар өткізіледі. «Жас маман мектебі» мектептің кітапханасымен, мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. 

2020-2021 оқу жылында жас мамандар саны 4:  Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сулейменов Досым Султангазыевич; география пәнінің мұғалімдері Бейсеке Жұлдыз,     ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абай Абылай; технология пәнінің мұғалімі Ұзақбаева Бибі. Аталған  жас мамандарға әдістемелік көмек көрсететін      тәлімгерлер ретінде  келесі   пән мұғалімдері бекітілді: 

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.С.Сулейменовке  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Досжанқызы Барлыбаева,   І санатты мұғалім, педагогикалық өтілі   13 ж.
  2. География пәнінің мұғалімі Жұлдыз Бейсекеге   химия пәнінің мұғалімі Жумабекова Каргаш Сериковна, жоғары  санатты мұғалім, педагогикалық өтілі 27 жыл.
  3.  Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абылай Абайға  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Роза Исаковна Абилкаирова,  жоғары санатты мұғалім /педагог-зерттеуші/, педагогикалық өтілі  14 жыл.
  4.  Технология пәнінің мұғалімі Б.Ұзақбаеваға   технология пәнінің мұғалімі Замзагүл Азарбековна Абдрасилова, ІІ санатты мұғалім, педагогикалық өтілі  9 жыл.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив