Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша мәлімет » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша мәлімет
08
февраль
2021

Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша мәлімет

Ж.Егінбаев атындағы интернат бар орта мектеп

   Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын   толықтыру бойынша   жүргізілген  жұмыстар бойынша  мәлімет


2020-2021 оқу жылы    педагогикалық  ұжымға   мектеп директоры Г.А.Асылбекова   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 15 желтоқсан № 527 бұйрығымен және  №  548    бұйрығына енгізілген өзгерістермен   таныстырды, түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.

        БЖБ, ТЖБ барысында   пәндер   бойынша оқушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізілді. 2020-2021 оқу жылындағы қашықтықтан білім беру кезіндегі кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды жою және білім сапасын арттыру бағытында атқарылатын жұмыс жоспары бекітіліп,    оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша қосымша сабақтарды, шағын топтармен  қосымша сабақ кестесі бойынша жұмыс  ұйымдастырылды.

      2020-2021 оқу жылында  қаңтар айыннан бастап пән мұғалімдерімен БЖБ,ТЖБ   жұмыстарының нәтижесі бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын   толықтыру бойынша  келесі    жұмыс түрлері жүргізілді:

  1. әдістемелік бірлестіктері оқу пәндері бойынша  білім алушылардың (1-11 сыныптар) оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау бойынша отырыстар  өткізілді;
  2. цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану /edu.kz, «Өрлеу» БАО, үздік педагогтардың авторлық сабақтары, «Үздік педагог» республикалық конкурсы   жеңімпаздарының тәжірибесін қолдану ұсынылды;
  3.  пән мұғалімдеріне   арналған тегін ресурстарының сілтемелері берілді, сабақ барысында пайдалануда.  /Сілтемелері: «Өрлеу» on-line, https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g./;
  4. оқыту уәждемесін арттыру үшін пәндік апталықтар жүргізілуде.  Қазіргі уақытта  5 әдістемелік пән бірлестігінің апталықтары өткізілді. Ашық сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға үлгерімі төмен оқушылар қатыстырылды;
  5. 2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес семинар, коучингтер өткізілуде. Оқыту әдістемесі бойынша «Саралау әдістері», «Цифрлық ресурстарды пайдалану», «Оқытудың тиімді әдістерін қолдану» тақырыптары бойынша семинарлар ұйымдастырылды;
  6. үлгерімі төмен оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша онлайн оқыту тренингтер, вебинарлар өткізілді; 
  7. пән мұғалімдері онлайн мектеп платформа  контентін пайдалануда.

 Мектептің педагог-психологі мен әлеуметтік педагог  білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын  толықтыру мақсатында  жоспар құрып, төмендегідей  жұмыстар жүргізді. 

  1. Жалпы сыныптағы психологиялық ахуалды дұрыс қалыптастыру, сынып жетекшілерге кеңестер онлайн түрінде ұйымдастырылды.

2. Әлеуметтік жағдайларын зерделеу. 

3.  Педагогтардың  олқылықтарды жою және олардың орнын  толықтыру жұмыстарына  байланысты кеңестер, ұсыныстар берілді. Сонымен қатар  жас мамандарға «1-5 сыныптың бейімделуіне байланысты кеңестер»,   «Үлгерімі төмен оқушылармен  жұмыс жүргізуге арналған кеңестер», «Жұмыста кездесетін қиындықтарды жеңу»  тақырыптарындағы жұмыстары    директордың   әдістемелік  ісі жөніндегі  орынбасарымен бірлесе ұйымдастырылып өткізілді.

Педагогикалық колледждер мен   үлгерімі жақсы жоғары сынып оқушылары қатарынан тьюторлердің жұмысы  ұйымдастырылды. Кесте бойынша онлайн режимінде қосымша сабақтар жүргізілуде. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив