«Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі» тақырыбында онлайн вебинар
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп
2020 жылдың 13 қараша күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жоспарына сәйкес «Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі» тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты: оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру. Вебинар аясында мектептің педагог - психологі Каблаш Манар мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу мақсатында «Сіз ғажайыпсыз» атты психологиялық тренинг өткізді. Мектебіміздің үшінші деңгейлі математика пәнінің мұғалімі Салкынбаева Жазира Сагадиқызы сабақтарында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетіп, әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесімен бөліссе, мектеп тренері Жакенова Гульмира Темірханқызы «Қашықтықтан оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдері» тақырыбында шеберлік сыныбын ұсынды. Вебинар соңында ұйымдастырылған кері байланыс нәтижесінде мұғалімдер өткен шараның тиімділігін, тәжірибеге бағытталғанын және қажеттілігін атады.
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Танкакова