18
октябрь
2024
«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ Кезектен тыс «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты тақырыпта өткізілген педагогикалық ке
2024 жылдың 26 қыркүйек күні мектеп ұжымымен кезектен тыс «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты тақырыпта педагогикалық кеңес өткізілді.
Мектеп басшысы Асылбекова Г.А педагогикалық кеңестің күн тәртібімен таныстыра отырып, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін айтып өтті. Сонымен қатар бұл мәселе бізді алаңдатып отырғанын, желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін екендігін ескертті. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап ететіндігін, бала тәрбиесі баршамызға ортақ екенін атап өтті.
Біз, педагогтер, оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауаптымыз. Бұл – біздің ортақ мақсатымыз. Сонымен қатар мектеп ұжымының бала тәрбиесіндегі еңбектерінің жемісті болатынына сенім білдірді.
Бүгінгі жиналыста сіздерге пайдалы ақпарат алып, оқушыларыңыздың болашағына оң әсер ететін маңызды шешімдер қабылдайсыздар деп үміттенетінін атай отыра, ұстаздарға бірлескен жұмыста сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ДТІЖО Сагимбетов А.Х сөз алып: 2024 жылы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылдың 30 шілдедегі №194 бұйрығымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бекітілгенін, қазіргі уақытта бағдарлама мектебімізде тәрбие саласы бойынша іске асырылуда.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде келесі құндылықтарға негізделген іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру көзделген:
- Тәуелсіздік және Отаншылдық;
- Бірлік пен ынтымақ;
- Әділдік пен жауапкершілік;
- Заң мен тәртіп;
- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
- Жасампаздық пен жаңашылдық
Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін «Заң және тәртіп құндылығына сәйкес алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар жоспарланып, іске асырылуда:
Олар:
- «Буллингсіз әлем»,
- «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»,
- «Буллингтен қорған»,
- «Қауіпсіз қоғам»,
- «Қоғамдық мүлікті қорға»,
- «Өмірге салауатты қадам»
Біз «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне бағытталған әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерді сапалы іске асыруымыз қажет екенін атап өтті.
Бағдарлама шеңберіндегі маңызды іс-шараның бірі – қауіпсіздік сабақтарын енгізу.
Әр сынып сағаты аясында 10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» өткізіледі. Ол сыныпта оқытылмайтын және балаларды заманауи қауіптерден қорғауға көмектесетін тақырыптарды зерттеуді қамтитынын айта отырып, сынып жетекшілеріне Қауіпсіздік сабақтарын сапалы өткізуге ерекше назар аударуды айтып өтті. Барлығыңызда жеке қауіпсіздік сабақтарының материалдары бар.
Педагогтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсынылған «Өнегелі 15 минут» бастамасының маңыздылығын ата-аналарға жеткізіп, осы уақытты тиімді пайдалануға көмектесулері керек. Бұл бастама ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және баланың ішкі әлемін жақсырақ түсінуге ықпал ететінін айтты.
Сөз кезегін педагог-психолог Смагулова Р.Т алып: сыныптағы, үзілістегі, сыныптан тыс іс-шаралардағы балаларды бақылау тек оқу тапсырмаларын орындауға көз салу ғана емес екендігін айта отырып, біз олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуымыз керек: күрт тұйықтығы, агрессивті- дөрекі мінез, үнемі шаршау немесе алшақтану. Мұндай өзгерістер баланың өміріне жедел араласуды қажет ететін мәселелерге тап болғанның белгісі болуы мүмкін.
Бүгін мен сіздерді тек қана мұқият болуға шақырмаймын. Бұл міндет бізге 2023 жылғы желтоқсанда бекітілген ағартушылық, денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет және ақпарат, халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығы аясында жүктелген бұйрықта зорлық-зомбылық пен буллингтің куәгерлері мен құрбандары болып табылатын балаларды ерте анықтау және көмек көрсету әдістемесі бекітілген.
Барлығыңызды тағы да сол әдістемемен танысуға шақырамын дей отырып, әдістемеге сәйкес, сынып жетекшілері мен педагогтар балалардың сыныптағы мінез-құлқының стандартты емес белгілеріне үнемі назар аударып, мектеп әкімшілігіне, педагог-психологқа, әлеуметтік педагогқа хабарлауы тиіс екенін айтты.
Біздің жауапкершілігіміз – балалардың мектеп оқу үлгеріміндегі, сыныптастарымен қарым-қатынасындағы немесе буллинг белгілеріндегі өзгерістерді байқап отыру. Осы аспектілерге немқұрайлы қарау ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Кейде біздің байқамаған бір оқиға, болашақта түзетуі қиын немесе түзетуге мүмкін емес мәселелер тізбегінің бастауы болуы мүмкін. Мысалы, Алматы қаласында педагогтың мұқият назары арқасында бір бала құтқарылды. Педагог уақытында баланың көңіл-күйіндегі өзгерістерді байқап, мектеп басшылығына және одан әрі полиция қызметкерлеріне ескерткен. Уақытында қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері баланың өмірін сақтап қалғанын айтты.
Егер біз баланың мінез-құлқында біртүрлі немесе алаңдатарлық нәрсені байқасақ, біздің міндетіміз – бұл туралы дереу мектеп әкімшілігіне, психологқа немесе әлеуметтік педагогқа хабарлау. Мұндай жағдайларды назардан тыс қалдыруға немесе бұл уақытша қиындықтар деп ойлауға болмайды. Кейде уақытында берілмеген ақпарат трагедияға әкелуі мүмкін. Мектеп психологы да шет қалмауы керек және бекітілген алгоритмге сәйкес әрекет етуі керек. Әр анықталған жағдаймен жеке жұмыс істеу және дер кезінде тиісті полиция, денсаулық сақтау органдарына хабарлау маңызды екенін атап өтті.
Әрбір бала бірегей және әрқайсысы түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Біз, педагогтар, олардың қажеттіліктеріне сезімтал болып, эмоционалдық жағдайларына бей-жай қарамауымыз керек. Балаларға көмек және қолдау көрсету кейде қарапайым әңгіме жүргізуде көрінуі мүмкін, онда бала түсінгенін сезіп, көмекке дайын екенімізді байқай алады. Кейде балаға ауыр мәселелерді болдырмау үшін тек жалғыз еместігін білу жеткілікті айтылды.
Салдар, немқұрайлы көзқарас үшін жауапкершілік.
Әрбір әрекетсіздік немесе мұғалімнің немқұрайлығы баланың өміріне ауыр салдары болуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек екендігін айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-2-бабына сәйкес, әрекетсіздік пен хабарламау үшін біз жауап береміз, егер біз мәселені көріп, әрекет жасамасақ, біз сол мәселенің қатысушылары боламыз. Біздің міндетіміз – тек қана білім беру емес, балаларды оларды қоршаған қауіп-қатерлерден қорғау басты міндетіміз деді.
Егер баланың ауыр мәселелері туындауы мүмкін деген күдік болса, ата-аналармен байланыс орнатып, қажет болған жағдайда психологтар мен мамандарды тарту маңызды екенін айтты, сонымен қатар Осы іс-шаралар мен жұмыс алгоритмі 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Білім беру министрінің № 506 бұйрығымен бекітілген «Баланың буллингін (қорлауын) алдын алу қағидалары» бейнеленгенін айтты.
Сонымен қатар, балалар арасындағы зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты барлық ақпарат (тұлғаны анықтайтын деректер, байланыс деректері, оқиға туралы мәліметтер, фотосуреттер және т.б.) қатаң құпия болып табылатынын ескерте отырып, мектеп қызметкерлері ақпаратты бір-бірімен талқыламауы, ұйым ішінде немесе одан тыс басқа тұлғаларға бермеуі керек, тек тиісті органдарға хабарлау керектігін айтып өтті.