Электр жарақатының алдын алу бойынша сабақтар өткізілді. » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Электр жарақатының алдын алу бойынша сабақтар өткізілді.
19
ноябрь
2021

Электр жарақатының алдын алу бойынша сабақтар өткізілді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің ұйымдастыруымен Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Электр жарақатының алдын алу бойынша сабақтар өткізілді.
Мақсаты:
Балаларға « электр қуаты», «электр тоғы» туралы түсінік беру; электр қуатын пайдалануда сақтану ережелерінің негізін қалыптастыру; найзағайдың пайда болу себептерін түсіндіру. Қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Электр тоғы арқылы жұмыс істейтін заттарды дұрыс қолдану туралы түсінік беру, ой-өрісін, дүниетанымын дамыту, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың жүргізу әдісі: түсіндіру, презентация,видео ролик түрінде болды.
Сынып сағаттарын 1 «А»,1 «Ә»,2 «А»,2 «Ә»,3 «А»,3 «Ә»,4 «А», 4 «Ә» сынып жетекшілері өткізді.
Балалар қауіпсіздік ережелерінің бірі Электр тоғының, қуатының қаншалықты қауіпті екенін білді. Тұрмыста көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін. Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау. Үлкендердің көмегінсіз электр разеткаларына ештеңе тығуға болмайды. 4 «Ә» сынып оқушылары өздерінің түсінгендерін суретке салу арқылы көрсетті. Сынып жетекшісі Баятбек Жансая апай.Электр қауіпсіздігінің белгісі көрсетілді. Топ ішіндегі электр құрылғылыры көрсетілді. Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті. Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек. Электр тоғы жайлы видео роликті көрсетілді. Электриктің құрал саймандарымен таныстырылып, балаларға осы тақырыпқа байланысты жұмбақтар да жасырылды. Өз ойлары мен пікірлерін айтты.
Өрт шыққан кезде кімді шақырмыз?
101-өрт сөндіру қызметі 103- жедел жәрдем .
Электр тоғы ұрған адамға алғашқы көмек. Көмек көрсетуші электр тоғы ұрған кісіге жақындамас бұрын, өзінің қауіпсіздігін қамдау керек қуат көзін өшіру,зардап шегушінің денесінен ағаш затпен тоқ өткізгіш затты алып тастау және тағы басқа қызықты тапсырмалар беріліп, балалардың жауаптары тыңдалды.
Оқушылар тұрақты токтың пайда болу шарттарын ұғынды. Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күшінің маңызын білді. Күнделікті өмірде ажыратып қолдана білу керектігін осы өтілген сынып сағаттарында толық түсінді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив