Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру мақсатында 2020-2021 жылы атқарылған іс шарасының мәл » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру мақсатында 2020-2021 жылы атқарылған іс шарасының мәл
20
апрель
2022

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру мақсатында 2020-2021 жылы атқарылған іс шарасының мәл

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру мақсатында 2020-2021 жылы атқарылған іс шарасының мәліметі
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру мақсатында жоспары құрылып мектеп директорымен бекітіліп жұмыстар атқарылып келеді.
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы – құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Жастардың құқықтық белсендiлiгi жоғары болуы үшiн жалпы азаматтық қоғам өз деңгейiне көтерiлуге тиiс. Азаматтық, құқықтық қоғам қалыптасуы керек. Жастар өз құқығын бiлмейiнше белсендi бола алмайды. Мектебімізде әр бейсенбі күні құқықтық түсіндіру жұмыстары 1 қазан 15 мамыр аралығында үнемі жүргізіліп отырады.
15.09.2020 жылы «Кәмілетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» туралы лекцияны ІІБ қызметкері 8-11 сынып оқушыларымен өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікті арттыру . Мектеп оқушылары арасында кәмілетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы үгіт-насихат жүргізіліп,бейнебаян көрсетілді және де көп оқушылар өз ойларын ашық айтып,пікір алмасты
14.10.2020 жылы 5-7 сыныптар арсында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «ҚР-ның мемлекеттік нышандары туралы» тақырыбында лекция өткізілді. Мақсаты: ҚР-ның Мемлекеттік нышандары туралы заңын білу. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Рахимбаева осы тақырыпқа байланысты құқықтық кеңес берді.Заңның басты міндеттерімен таныстырып,аталған заңдарды орындауға міндетті екендігін түсіндірді.Тақырыпқа сай оқушыларға бейнебаян көрсетіліп,оқушылармен тілдесті.
18 қараша күні 8-10 сынып оқушылары арасында «БҰҰ-ның балаларға қатысты құқықтары мен міндеттері» туралы конвенцияға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Адамгершілік рухани қабілетін дамыту, құқытық сауаттылығын арттыру.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Рахимбаева оқушыларға 1989 жылы 20 қарашада балалар құқығы туралы конвенцияны БҰҰ бір ауыздан қабылдады. Конвенция –әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөнінде бірнеше баптан тұратын маңызды құжат.Онда қатысушы мемлекеттер әр бір баланың өсіп-жетілуі, қажетті тұрмыс дәрежесіне қамтамасыз ететіні туралы айтып өтті.
Құқық пәнінің мұғалімі Г.Жакенова «Балалар құқықтары»туралы конвенцияның баптарына тоқталып, слайдты көрсетілім арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Соның ішінде бірінші бапқа тоқталып өтті.
1-бап. Бала сипаттамасы. 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады.Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша ,кәмілеттік заңдарға сүйене отырып ерте көрсетілуі мүмкін. Ал ҚР-ның конституциясында балалардың кәмілет жасы 18 деп көрсетілгендігі туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Желтоқсан айында ата-аналар арасында құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқық пәнінің мұғалімі Г.Жакенова баяндама оқыды.Баланың құқықтық қабілеті туа біткенде қалыптасады. Оларға берілген тәлім-тәрбие арқылы бала санасына құйып өседі. Кәмілеттік жасқа толғанда өз беттерінше ізденіп, мектеп қабырғасында алған құқықтық білімдерін өмірде пайдалана алады, құқықтық жауапкершілікті сезінеді. Бала мектеп қабырғасында құқықтық сауаттылықтарын арттырып, заңды біледі, заңға бағынады, заңды құрметтейді.
22. 01.2021 жылы zoom платформасы арқылы ата-аналардың бала тәрбиесіне жауаптылығының маңыздылығын арттыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіне жауаптылығының маңыздылығын арттыру. Ата –аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен міндетін ҚР-ның бала құқықтары туралы заңының баптарына слайдты көрсетілім арқылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Рахимбаева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ІІБ қызметкері Мырзахметов Серік Баланың отбасында өмір сүруі және тәрбиелену құқығы ең бірінші отбасынан басталады. ҚР-ның бала құқығы туралы конвенцияны оқып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу туралы заңдарын балаларға бір мезгіл түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін түсіндірді.
17.02.2021жылы 9-11 сынып оқушыларымен Құқықтану пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Біз заңды білеміз бе?» атты дөңгелек үстел өткізілді..Оқушылар өз ойларын ортаға салып,қойылған сауалнамаға толық жауап берді. Мақсаты:Оқушыларға құқықтық білім беру,құқықтық тәрбие арқылы оқушылардың құқық қабілеттілігін дамыту.
16.03.2021жылы 7-8сынып оқушыларымен Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Рахимбаева құқықбұзушылық жайында zoom платформасы арқылы лекция оқыды.Құқықбұзушылық-қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамаға қарсы әрекет.Құқықбұзушылық:азаматтық (жеке басқа,азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру,азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және әкімшілік )ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу ,тәртіптілік (жұмыстан кешігу,жұмысқа бармау және т.б.)теріс қылық және т.т.Құқықбұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылатынын айтып түсіндірді. Мақсаты: Құқыұбұзушылық және оның алдын алу жөнінде кең көлемде түсінік беру.
14.10.2021 жылы ҚР Конституциясы заңымен 10-11 сынып оқушыларымен және мектеп ұжымымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив