18
июнь
2021
15 – 19 ақпан аралығында өткен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына арналған іс-шарасының өткені туралы
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектепте 15 – 19 ақпан аралығында өткен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына
32 жыл толуына арналған іс-шарасының өткені туралы
МӘЛІМЕТ
15-19 ақпан аралығында мектебімізде Кеңес әскерінің Ауған жерінен
шығарылғанына 32 жыл толуына арналған іс-шара жоспар бойынша өтті.
15.02.2021ж. күні «Ауған соғысының шежіресі» тәрбие сағатын Ж.Салқынбаева 11 сыныппен өткізді.Ауған жеріндегі оқиғаны оқушыларға слайдтық көрінісін көрсетті. 16.02.2021ж. күні Н.Тұрсынбаева,Д.Дюсенбаева, Ұ.Уалиев тәрбие сағаттарын өткізді.
«Ауған соғысының ардагерлерін,тарихын еске алу!»тақырыбында түсіндіру жұмысын АӘД пәнінің оқытушысы Е.Жаманқаранов 9 «Ә» , 9 «А» сынып оқушыларымен жүргізді. 1979-1989 жылдар аралығындағы Ауған соғысынан бейне көрініс көрсетілді.
Бастауыш сынып мұғалімі М.Сүлейменова, Ж.Торғаева 3 «А», 3 «Ә», 4«А»,4 «Ә» сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы «Есімде Ауған соғысы» атты кездесу өткізілді. Кездесуде өз өмірінің өлшеулі бір бөлігі жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың астында өткізіп,елге аман есен оралған ауған соғысының ардагері Адилқожаев Бақыт Шабденович естелігімен бөлісті.Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындалды,мыңдаған өмір қиылды,бәрібір Кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді.Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Бұл ұтылыс жоғарғы әскери команданың белгілі бір бөлігін мықтап ойлантты» деген ойлы сөзі бар.Дәл осы ауған соғысы болып жатқан елге барып, әскери борышын өтеген азаматтар оқушыларға патриоттық тәрбие беруге атсалысқаны үлкен ерлік екені даусыз. Адилқожаев Бақыт Шабденович оқушыларға әскери борышын атқарып жүрген бозбалалардың арасындағы ауызбіршілік ,достық, ұқыптылық, төзімділіктің болғаны жайлы қызықты әңгімелер айтты.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі З.Абдрасилованың ұйымдастыруымен «Ерліктері асқақтаған батырлар» тақырыбында сурет байқауы болып өтті.Осы байқаудың жеңімпаздары І орын Шамшиқызы Сымбат, ІІ орын Шамшиқызы Қымбат , ІІІ орын Есімхан Ерік .
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.А.Рахимбаева