5 сынып ата- аналарына кеңес » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2022

5 сынып ата- аналарына кеңес

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау, және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.
Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж. Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек.
1.Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ — түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
2.Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп
жұмыс істеу керек болады.
3.Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз. Балаға сәттілік тілеңіз.
4.Бүгін қандай баға алдың деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз,
саябырланған соң өзі айтады.
6.Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
7.Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 — 3 сағат
қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт — 15 — 17 сағат аралығында.
8.Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 — 20 минут сабақтан кейін 10 — 15 минут үзіліс қажет.
9.Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп,
қолдау, мақтау қажет.
10.Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл — күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.

Ата-аналарға кеңес

— Балаңызды жетістіктері үшін емес, ол қандай болса да жақсы көретініңізді көрсетіңіз.
— Балаңызды басқа баламен салыстырмаңыз.
— Балаңызбен күнде бірге болуға уақыт табыңыз.
— Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала
жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.
— Бала бойында сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».
— Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.
— Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.
— Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз.

— Балаға мыналарды түсінуге мүмкіндік беріңіз:

«Егер саған қиындық туындаса,
мен саған міндетті түрде көмектесем және міндетті түрде түсінік танытам, және де біз бірге барлық қиындықтарды бірге жеңеміз.
Балаңызға көптеген мүмкіндіктермен өзіңізге сенім!
Сізге әрқашан сәттілік













Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ
5 сынып оқушыларының ата- аналарына берілген кеңес
Хаттамасы
.
Мерзімі: 13.09.2022ж
Қатысқан ата- аналар саны: 38
Мақсаты: ата- аналарға 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне мән беру, ортбасында баланы қолдау, ақыл- кеңес беру, отбасында жағымды психологиялық ахуалдың болуы, жан- жақты жағдай жасау,қолдау туралытүсіндіру ата- анаға кеңес беру
Кеңес беру барысында орта буынға өту кезіндегі оқушының психологиялық тұрғыда бейімделуіне ата- аналардың ролы маңызды екендігін және бейімделуде қиындық турдырған мәселеге назар аударып, баланың психологиялық тұрғыда бейімделіп кетуіне көңіл бөлуі айтылды. Үнемі ақыл кеңестер беру, жаңа пәндерге, жаңа мұғалімдерге бейімделіп кетуін қадағалап отыру, мектеппен үнемі байланыста болу жайлы айтылды.


Ұсыныстар: орта буғынға бейімделу кезінде отбасында оқушыларды психологиялық тұрғыда қолдау, қадағалау, талаптарына назар аудару.

Педагог- психолог: М.Каблаш
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив