5 сынып оқушыларына арналған тренинг » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2022

5 сынып оқушыларына арналған тренинг

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ

5 сынып оқушыларына арналған тренинг

Тақырыбы: «Менің жетістіктерім»
Мақсаты: оқушылардың бейімделуіне психологиялық қолдау жасау, бір-бірімен жағымды қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету.
1тапсырма. «Қарлы шеңбер» жаттығуы
2 тапсырма. Психологиялық сәт:
«Психогеометрия» Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез – келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді.
Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.Шеңбер - Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Шаршы - Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Зигзаг - Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын – сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.
Тік төртбұрыш - Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл – күйі өзгермелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
Үшбұрыш - Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз - өзіне сенімді адам.
3.тапсырма. «Мен кіммін, қандаймын?» шығармашылық жұмыс.
Мақсаты: өзінің менін анықтау, ішкі сезімін сыртқа шығару.
10 сөз жазуғаболады. 3 минут беріледі. Мен әдемі, сұлуқызбын.
«Менің отбасы» суретті тест
Сіздің отбасыңызда неше жан бар? Олар
Сіз ата-анаңызға қалай көмектесесіз?
Отбасыңызда сіз кімді көбірек жақсы көресіз?
Менің отбасымның суреті тақырыбында сурет салу.
Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы орнын анықтау.
4.тапсырма «КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖЕҢЕ БІЛ» ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты: кез-келген кедергілерден ұтымды шыға білуге үйрету.
Карусельдер» ойыны.
Мақсаты: балалар қимылының табиғи қажеттілігін іске асыру, алдағы жұмысқа деген көңіл-күйді көтеру.
Нұсқау: балалар шеңбер жасап тұрады. Бір-бірінің қолынан ұстап, келесі сөздерді айтады:
Болар-болмас, болар-болмас
Карусельдер айналды.
Карусель жаймен оң жаққа қарай бұрылады
Одан соң, одан соң
Барлығың жүгіріңдер!
Сөздің жылдамдығы мен қимылдар біртіндеп тездетіледі.
Жүгірді, жүгірді,
Жүгірді, жүгірді!
Карусель қимыл бағытын ауыстырады (барлығы тез сол жаққа қарай жүгіреді).
Жай, жай, асықпаңдар,
Карусельді тоқтатыңдар.
Бір-екі, бір-екі,
Осымен ойын аяқталды.
Қимылдың жылдамдағы біртіндеп баяулайды. «Осымен ойын аяқталды», - деген соңбарлығы тоқтайды.
5 тапсырма. Менің жетістікке жету жолдарым
Менің жақсы
мінездерім,
қасиеттерім
Менің қабілетім мен
талантым
Менің жетістіктерім сөйлемдерін аяқтау.
6 тапсырма.«Кім болғым келеді?» суреті.
Мақсаты: елес пен қиялды дамыту.
Нұсқау: балаларға кейін өскенде кім болатынын қиялдап, армандауға тапсырма беріледі.Тталқыланып, кейін әрқайсысы өзін қиялдағанын суретке түсірулері тиіс. Одан соң әр бала өзінің суретін қорғайды.
Жаттығуға қажет материал: альбом қағазы, түрлі-түсті қаламдар, скотч.
7 .Кері байланыс «Рефлексия» «Плюс. Минус. Қызықты»





Педагог- психолог: М.Каблаш

















Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ


5 сынып оқушыларына арналған тренинг

Тақырыбы: «Менің жетістіктерім»
Мақсаты: оқушылардың бейімделуіне психологиялық қолдау жасау, бір-бірімен жағымды қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету.

Мерзімі: 18.10.2022ж
Қатысқандар: 5 «А», 5 «Ә» сынып оқушылары
Өтілген орыны: мектеп АК залы
Тренинг барысы:
Қатысушыларғапсихологиялық ахуал қалыптастырылды.

«Мен кіммін, қандаймын?» шығармашылық жұмыс жүргізілді. Оқушылар өздерінебаға бере отырып, «Мен» дәрежесін анықтай алды
«Менің отбасым» тақырыбында суретті тес орындатылды. Берілген сұрақтарға сай өз отбасын бейнелеп, отбасы социограммасы құрылды.
Менің отбасымның суреті тақырыбында сурет салды Оқушылардың отбасындағы орнын анықталды.
Келесі ойын: «кедергілерді жеңу» ойыны жүргізіді.Оқушылар кез-келген кедергілерден ұтымды шыға білді.
Сонымен қатар «Карусельдер» ойыны жүргізілді. Ойын өте қызықты өтті.
5 тапсырма бойынша: «Менің жетістікке жету жолдарым» тақырыбындай ойын жүргізілді.
Менің жақсы мінездерім, қасиеттерім. Менің қабілетім мен талантым
Менің жетістіктерім сөздерін қоса бір сөйлеммен аяқтады.
Соңғы тапсырмада оқушылар «Кім болғым келеді?» суреті. Суреттер салды.
Қысқаша талқыланып, кейін әрқайсысы өзін қиялдағанын суретке түсірді. Одан соң әр бала өзінің суретін қорғады.

Кері байланыс «Рефлексия» берілді . Палмастермен берілген карточкаға «Плюс. Минус. Қызықты» белгілері қойылды.


Қорытынды: тренингтік жаттығуға оқушылар қызыға қатысты. Белсенділік танытты. Оқушылардың келесі жолы осындай тренингтің болуын қалағаны да болы. Тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.



Педагог- психолог: М.Каблаш

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив