Қабілетті оқушыларға өткізілген ойын жаттығулар » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2022

Қабілетті оқушыларға өткізілген ойын жаттығулар

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ

Дарындылықты дамыту бойынша жаттығулар

Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: коммуникативтік қабілеттерін дамыту, психикалық процестер туралы түсініктер (қиял,ақыл, ойлау, ес, зейін, сана) беру, ой-өрісін кеңейту. Икемділік пен шеберлікке баулу.
Тәрбиелік: балалардың моральдық, адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Ереже:
1. Балаларға пайдалы нәрселерді беру;
2. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болу;
3. Балаларды өздерін еркін ұстауға үйрету;
4. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету;
5. Белсенділік таныту;
6. Көңілді бөлу.
Барысы:
1. Танысу жаттығуы: Әркім өз есімдерінінің алдына сын есім қойып айтады. Хоббиіңізді айту.
2. «Көңіл-күй суреті» жаттығуы.
Қызыл гүл – керемет, сары гүл – жарқын деген мағынаны білдіреді.
Балалар! Сіздер көктемнің жайма шуақ күнінде жайқалып өскен жауқазын сияқтысыңдар. Ендеше осы гүлдің сабағына әрқайсыларыңның аттарыңды және жапыраққа өз көңіл-күйлеріңді жазып, мына жерге құмыраға саламыз.
Талдау: Балалар көңіл күйлерің қандай? Сендерде толқу, ұялу, қорқу сезімдері болды ма? Жарайсындар, ендеше әрі қарай жалғастырамыз.
3. «Дарындылық» мини лекция
Дарындылық дегеніміз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіру, шындай түсу.
Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, дарындылық, шығармашылық қабілет.
Мысалы: Балалар, «алты жасар Алпамыс» киносын бірге елестетіп көрейікші.
Балалар осы жерде бір аңыз есіме түсіп тұрғаны, соны тыңдайық.
Бірде жас жігіт пен бойжеткен өздері дарынды болуы үшін түрлі қасиет сататын базарға барып өздеріне керек қасиетін алғысы келеді. Бірақ ол жерде есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, шығармашылық сияқты қасиеттерді көріп, қайсысын аларын білмей дал болады. Осы кезде бір қария келіп жігіт пен бойжеткенге «Сендер дарынды болам десеңдер, бір ғана қабілетті таңдап алыңдар, бірақ жоғарыда айтылған қасиеттердің бәрі сол қабілеттен табылатын болсын» дейді. Бойжеткен мен жігіт қарияның ақылымен шғармашылық қабілетті алады. Шығармашылық қабілеттің арқасында жас жігіт пен бойжеткен дарынды жас ұрпақ болады.
Талдау: Аңыз өте қызық па? Алпамыстың досы неге оқи алмайды? Оқи алмайтын бала болу мүмкін бе?
4. Бәйтерекке саяхат. Дарынды бала болу үшін не істеу қажет?
Әр балаға парақтар таратылады, сол параққа әр бала өзінің оң қолының суретін салып, алақанына жауаптар жазады. (еңбектену, ерінбеу, ақылды, зейінді есте сақтау, ашық сөйлеу, терең ойлау, мұқият тыңдау, мақсат қою, көп оқу елестету бейнелеу) Бір бірлеп сөздерді оқып, бүктеп бәйтерекке салады. «Бәйтерекке саяхат» жаттығуында оқушылар өз арман – тілектерін жазады.
5. Кім дұрыс оқиды. (Сөзжұмбақ шешу)
Нұсқау: Мына берілген әріптерді сағат тілі бойынша екі әріп тастап оқу.
6. Сергіту сәті. Оқушылар қимыл қозғалыс арқылы сергіту жаттығуларын жасайды.
7. «Жылдам болсаң тауып көр»
Нұсқау: балаларға бінеше суреттер көрсетіледі. Небәрі 1 минут қана көріп, қандай сурет қай жерде тұрғанын параққа салу керек. (Күн, қыран, шаңырақ, гүл, бала, қыз, қоян, кітап, кілт)
Талдау: балалар есте сақтау қиын болды ма? Кімге қиын болды?
Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады? Ол гүл біреу ме? Тікені бар ма?
9. «Жарайсың!» жаттығуы. Балалар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап, сенің қандай жетістігің бар дейді. Ол бала жетістігін айтады. Жарайсың… деп қолынан жоғары көтереді. Екінші бала… әрі қарай жалғастыра береді.
























Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ

Қабілетті оқушыларға өткізілген ойын жаттығулар

Хаттамасы

Мерзімі: 6.12.2022ж
Қатысқандар: қабілетті оқушылар
Тақырыбы: Дарындылықты дамыту бойынша жаттығулар
Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Барысы:
1- жаттығу бойынша оқушылар әркім есімдерінінің алдына сын есім қойып айтты. «Көңіл-күй суреті» жаттығуында оқушылар гүлдің сабағына әрқайсылары аттарын, жапыраққа көңіл-күйлерін жазып, құмыраға салды.
Келесі жаттығу «Дарындылық» шағын дәріс оқылды.
Дарындылық дегеніміз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіру, шындай түсу.
.
4 жаттығу бойынша «Бәйтерекке саяхат» дарынды бала болу үшін не істеу қажет?
Әр балаға парақтар таратылды. Параққа әр бала өзінің оң қолының суретін салып, алақанына жауаптар жазды. Сөздерді оқып, бүктеп бәйтерекке салды. «Бәйтерекке саяхат» жаттығуында оқушылар өз арман – тілектерін жазды.
5. Кім дұрыс оқиды тапсырмасында . Сөзжұмбақты шешті.
7. «Жылдам болсаң тауып көр»
Нұсқау: балаларға бінеше суреттер көрсетілді. 1 минут көріп, қандай сурет қай жерде тұрғанын параққа салды.
9. «Жарайсың!» жаттығуы. Балалар шеңбер бойына тұрып, оң жағындағы оқушының жетістіктерін сұрады.Балалар жетістіктерін айтты. Әрі қарай жалғасын тапты.


Педагог- психолог: М.Каблаш



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив