28
январь
2023
БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ӘДІСТЕРІ МЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта метеп КММ
БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ӘДІСТЕРІ МЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
Буллинг (баланы жәбірлеу ) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау немесе қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер (1 тарау, 1 бап, 4-1 тармақ, ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы, 2022.14.07. өзгерістер мен толықтырулармен)
Булинге қатысушылар: үш тарапқа бөлінеді жәбірлеуші, жәбірленуші, және байқаушы болып. Күрделі жағдайларда буллинг топтық қылмыстың кейбір белгілерін қабылдауы мүмкін.
Булингтің түрлері: Физикалық буллинг, психологиялық буллинг болып бөлінеді.
Физикалық буллинг– қасақана итеру, соғу, тепкілеу, ұрып-соғу, денеге басқа да зақым келтіру және т.б
Психологиялық буллинг– психикаға әсер етумен байланысты зорлық-зомбылық, әдейі моральдық қасірет келтіретін, ауызша қорлау немесе қорқыту, қудалау арқылы психологиялық жарақаттар туғызу.
Олардың ішінде:
кибербуллинг, экономикалық, әлеуметтік оқшаулау, гомофобтық, нәсілдік, таптық, адамның сырт келбетіне қатысты, дінге қатысты, ксенофобтық, мүгедектерге қатысты деп бөлінеді.
UNICEF мәліметі бойынша Қазақстанда: балалардың 66%-ы мектептегі зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке (дискриминация) бой алдырған;
44%-ы мектепте зорлық-зомбылықтың құрбаны болған;
24%-ы мектептегі басқа балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық және кемсітушілік әрекеттеріне ұшыраған.
Қазақстандағы зерттеуі де мектептегі зорлық-зомбылық кезінде қорлау мен бопсалауды бастан өткерген балалардың суицидтік мінез-құлық қаупі жоғары екенін көрсетеді
Жоғарыда аталған булинг түрлерініең бірі кибербуллинг
Кибербуллинг дегеніміз:
Бұл интернет, әлеуметтік желі мен әртүрлі мессенджерлер арқылы адамды қорлау/бопсалау мақсатында жүйелі түрде әдейі жасалатын психологиялық зорлық-зомбылық болып табылады.
Буллинг құрбаны немесе жәбірлеуші болуға бейімді
балалардың сипаттамалары:
құрбаны болуға бейім балалар
-мазасыз, өзіне сенімсіз, тұйық;
-депрессияға және жылауға бейім;
-өзін-өзі төмен бағалау, өз істеріне сенімі жоқ;
-достары аз (көбінесе жоқ), ересектермен сөйлесуді қалайды;
-оқудағы қиындықтар (керісінше сирек), сыртқы келбетке әсер ететін салмақ пен денсаулық проблемалары;
-коммуникациялық және әлеуметтік ауытқушылақтары бар, назар жетіспеушілігі және гипербелсенділіктің бұзылуы;
-теріс көзқарастары;
көпшілікке ұнамайтын мінез-құлықты.
жәбірлеуші болуға бейім балалар
-басқаларға деген әлсіз эмпатия (жанашырлық танытпау);
-тәртіпсіз, агрессивті;
-назарға, билікке деген қажеттілігі бар;
-өзін-өзі растау және басқаларға зиян келтіру арқылы сезімін қанағаттандыру;
-құрбылары мен сыбайластар тобы арасындағы жоғары әлеуметтік мәртебеге жету;
-басқалардың эмоционалдық жағдайын оңай таниды, манипуляциялауға қабілетті;
-психологиясының қалыпты жағдайынан ауытқуы, өзін-өзі ұстай алмау.
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ
Буллинг және кибербуллингтің алдын алу
Сынып жетекшілергее жадынама
Кибербуллинг дегеніміз не?
•Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
Егерде оқушыға қандайда бір зұлымдық, хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email ) арқылы біреулер жазғанын айтса оқушыға дер кезінде көмек көрсетілуі қажет. Ата- анасына, психолог мамандарға жеткізу керек
Егерде оқушы туралы қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса оқушымен жеке жұмыс жүргізіу, психологиялық қолдау жасау керек.
Әлеуметтік желілерде оқушының атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса онда оны мектеп әкімшілігіне жеткізу, буллерді табуға көмек сұрау қажет.
Оқушыны ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса оны да жайымен қалдырмау керек.
Егерде оқушыны әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе, жеке басына қатысты ақпаратты басқаларға жайса, ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда ол оқушы кибербуллинге тап болғаны. Ондай жағдайды оқушыдан естіген болсаңыз міндетті түрде ата- анасымен хабарласып, мән – жайды анықтаңыз.
Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де бұндай жағдай орын алып жатса, ол оқушының кінәсі емес екенін түсіндіріңіз. Дегенмен ол оқушыға онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпауы керек, бұл – әлсіздік емес.
Мектепте оқушылардың (булинг және кибербуллинг) қаншалықты жиі қатыгездікпен немесе әділетсіз қарым-қатынаста болатындарын анықтау
Сауалнамаға мектептегі 185 қатысқан оқушыларының
-42% ұл, 58% қыз; 11-14 жастағылар 70%, 15-17 жастағылар 30%.
-Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 80% («жақсы» және «өте жақсы» жауаптары) өздерін мектепте жайлы сезінеді, яғни олардың физикалық, психологиялық денсаулықтарына қауіп жоқ.
-Қатысқандардың 15% сыныптастарынан өздерінің намысына тиетін сөздер естиді екен. Осы жерде, ауыр сөздер айту буллинг мәселесінің күрделі түріне айналып кетуі мүмкін, сондықтан мектепте алдын алу шараларын өткізу қажет.
-Мектепте ақша талап ету фактілері жоқ, ал буллинг (қорқыту) мәселесі бар екендігін 11% көрсеткен.
-Кибербуллинг – жоқ 0%, күш көрсету - 2%, психологиялық қысым- 0%, экономикалық - 0% екендігін анықталды.
-Оқушылардың 7% буллинг қорлығын сыныптастарынан, 3% жоғары сынып оқушыларынан көргендерін мәлімдеді.
-Оқушылар қиын жағдай немесе түсініспеушілік болған жағдайда ата-аналарынан және достарынан көмек сұрайтындары мәлім болды. Оқушылардың жауаптары бойынша мұғалімдерге деген сенімдері аз, сондықтан бұл мәселеге де көңіл аудару қажет.
Педагог- психолог: М.Каблаш