Коучинг » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2023

Коучинг

Педагогтарға арналған коучинг
Тақырыбы : «Отбасындағы жәбірлеу және оның алдын алу»

Мақсаты: Отбасындағы жәбірлеу мәселесі бойынша педагогтарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын, алдын алатын шараларды қарастыру.
Жүргізілу барысы:
I. кезең.
Сәлемдесу:
Педагогтарды сандар арқылы топтарға бөлу
Ой қозғау: топтарға сұрақтар қою.

1.Бала тәрбиесіндегі қатыгездік дегенді қалай түсінеміз?

2.Балаға қатысты зорлық дегенді қалай түсінеміз?

3.Отбасындағы жәбірленудің алдын алу үшін не істеуіміз керек?

II. кезең .
Тақырыптқа кіріспе: Шағын дәріс
Балаға қатал қарауда түрлі ұйымдар, мысалы, дін, сот, милиция, мектеп, психиатриялық емханалар, сонымен қатар туыстар болуы мүмкін.
Ересектер балаға қатал болады, егер:
1. Өз артықшылықтарын көрсетсе;
2. Балаға малай, құл ретінде қараса;
3. Балаға тікелей қатысты немесе оның тағдырына қатысты шешімдер туралы хабарламаса;
4. Әңгіме кезінде оның сөзін бөлсе

Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін ажыратады
Физикалық жәбірлеу.
Психологиялық жәбірлеу.
Жыныстық жәбірлеу.
Экономикалық жәбірлеу
1.Физикалық жәбірлеу:
Ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық әрекет жасауы.
1.Балаға физикалық жәбірлеу жасалды, егер:
оны азаптады;
оны ұрып соқты;
оның денсаулығын бұзды;
оның жыныстық тәуелсіздігін бұзды;
оны туыстарынан, ата — анасынан және достарынан айырды.

2.Психологиялық жәбірлеу:
Ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің болмауы, осының нәтижесінде баланың көңіл — күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді, сонымен қатар баланы қорқыту.
2.Балаға психологиялық жәбірлеу жасалды, егер:
намысқа кір келтірсе;
балағаттаса;
баламен байланыс кезінде біртектілікті ұстанбаса;
баланы ұялтса;
баланы ақпаратты басқа ересекке хабарлау үшін қолданса;
3.Жыныстық жәбірлеу:
Ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсатысыз немесе, оның жасы келмегендігін, яғни есі кірмегендігін пайдаланып, өз қажеттілігін жүзеге асыру мақсатында жыныстық сипатта қысым көрсету.
4.Экономикалық жәбірлеу:
Баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.
4.Баланы экономикалық жәбірлеу жасалды, егер:
оның негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылмаса;
оның тәртібі ақша көмегімен қадағаланса;
ересектер отбасы ақшасын шашса;
ажырасу кезінде бала экономикалық сауда құралы ретінде қолданылса




Педагог- психолог: М.Каблаш
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив