Интернат тәрбиеленушілеріне жүргізілген тренинг » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2023

Интернат тәрбиеленушілеріне жүргізілген тренинг

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ

Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерінің қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру
Тренинг

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынасын дамыту, сынып ішілік жағымды атмосфера тудыру.
Сәлемдесу: Оқушылар барлығы шеңбер бойына тұрып, оң жағындағы адамға қолын созып бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Сөйтіп, үлкен шеңбер құрылады.
1-жаттығу. «Ыстық орындық»
Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Өз еркімен ортаға бір оқушы шығып, өзін таныстырады. Аты-жөнін, сүйікті тағамы мен түсін, қызығушылығын айтады. Содан кейін сыныптың басқа оқушылары, тренингті жүргізуші мұғалім де ыстық орындықта отырған оқушыға өзінің көкейінде жүрген сұрақтарын қояды. Сұрақтар реті әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, өзінің жеке басы, болашағы, арманы және т.б. Жаттығу кезекпен осылай жалғаса береді.
2-жаттығу. «Ассоциация»
Әрбір оқушы белгіленген бір оқушыдан бастап барлық оқушының аттарын бірінің астына бірін тізіп жазып шығады. Содан соң әр оқушының қасына ең алдымен жақсы қасиетін, содан соң жаман қасиетін жазып шығады. Ең соңында осы адамды қандай аңға немесе жануарға, құсқа ұқсатады, еет жазуы керек. Оқушылар бірінің жазғанын бірі көрмеуі тиіс. Артынан тренингті жүргізуші барлығының жазғандарын жинап алып, еет-ретімен кімнің жазғанын атын оқымай басқаларын оқушыларға жеткізеді.

3-жаттығу. «Онға дейін санау»
Бір-бірінің шынтақтары мен иықтарына тимейтіндей болып, барлығы шеңбер жасап тұрады. «Бастадық» деген сигналмен көзді жұмып, мұрынды төмен түсіріп, онға дейін санау керек. Қулығы мынада, санаған кезде кезектесіп санау керек. Біреуі «бір» келесісі «екі» және ары қарай кезекпен. Бірақ ойында бір ереже бар: сөзді бір ғана адам айтуы керек. Егер екі дауыс бір мезгілде бір сөзді айтатын болса, онда санау қайта басталады.
Сіздерде он мүмкіндік бар. Егер осы он мүмкіндікте санауды онға жеткізсеңдер, онда сендердің топтарың келісімге келген топсыңдар. Әрбір сәтсіз санаудан кейін көздеріңді ашып, бір-бірлеріңе қарауға болады, бірақ сөйлеуге болмайды. Бір-бірлеріңді сөзбен емес, көзбен түсінуге тырысыңдар.
Рефлексия. Бүгін сендерге не жаңалық болды? Психологиялық тренинг жайлы сендердің қандай көзқарастарың қалыптасты? Сендерге не ұнады? Ал керісінше не ұнамады? Осы сұрақтарға оқушылар өз пікірлерін білдіре отырып, тақтадағы көрсеткіштер диаграммасына жапсырманы жабыстыра отырып, бүгінгі сабақтың өтілу деңгейін анықтайды.
Қоштасу рәсімі.
Қатысушылар шеңбер құрып, қолдарын иыққа салады. Олар бір-біріне мейірімділікпен қарап: «Рахмет, кездескенше» деп айтады.








Ж.Енгінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп
Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерінің қарым- қатынас дағдыларын дамыту жүргізіл жаттығулар

Хаттамасы № 4
Мерзімі: 25.10.2023ж
Қатысушылар: Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері
Барлығы 28 тәрбиеленуші
Қатысқаны: 23 тәрбиеленуші
Тақытыбы: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын дамыту, сынып ішілік жағымды атмосфера тудыру.

Жаттығу барысында:
1 «Ыстық орындық» жаттығуында оқушылар орындыққа отырып, өзін таныстыра отырып, қойылған сұрақтарға жауаптар берді. оындықта отырған сезімдерін, алған әсерлерін бөлісті.

2. «Ассоциация» - жаттығуында жақсы жаман қасиеттерін жазып , қандай жануарға ұқсайтындықтарын білді.

3. «Онға дейін санау» -жаттығуында бір- бірін іштей түсіну, іштей түсінісу, жылдамдықты, тыңдай білуді үйренді.
Қорытынды: оқушылар тренингтік жаттығуға белсенді қатысты .Алған әсерлерімен бөлісті. Өз ойларын ашық айта білді.


Педагог- психологтар : М.Қабылаш
М.Сулейменова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив