Баяндама ата- аналарға » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2023

Баяндама ата- аналарға

Аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу

Бүгінгі таңда әлемді елеңдетіп отырған, ХХІ- ғасырдың дертіне айналуға шақ қалған елеулі жағдайдың бірі -жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін аты да, заты да жағымсыз естілетін «Суицид» дерті болып отыр. Осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. «Суицид-адам жанының азапқа батып, санасы тарылып, ішкі үлкен дағдарысқа ұшырататын, өмірдің керек еместігіне алып келетін психологиялық күйзеліс». «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию
Суицид әрекеті дегеніміз-саналы түрде өз өмірін қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін.
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаған барлық түрлерінің көбісі жанжал және бейберекет жайсыздықтан: үлкендердің ұрып соғу әрекетіне тап болу қорқынышы, өзінің қоршаған орта жағынан (мектептегі қиыншылықтар, достарымен қатынасы, ата-анасының елемеуі) көрініс алатын жанжал мен қарым-қатынас, тас жүректік.
Суицидке жетелейтін негізгі факторлар:
1. Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т.б)
2. Дағдарысты күйге тап болу.
3. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді.
4. Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.
Суицидтің негізгі екі ерекшеліктері бар: Объективтік жағы – Ол тұлғаның мүмкіндігінің шектелуіне байланысты әлеуметтік қоршаған ортаға өзінің мінез-құлқын бейімдей алмауы.
Субъективті жағы- Ол алуан түрлі психо-эмоциялық өзгерістерге түсу (қайғы, уайым, жан күйзелістері, ренжу, қобалжу, ашулану, ызалану, т.с.с) және клиникалық психопатологиялық түрлі синдромдар (астения, депрессия дисфория, т.с.с)
Уақытша тосын, тосын оқиғаға тап болып өмірмен ерте қоштасып жатқан жеткіншек жастарымыздың тағдырлары өзегіңді өртеп, жаныңа ой ұялатады.
«Өмір» деген төрт әріптен ғана құралған бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қызық дәурен оқиғалар жатыр емес пе! Ал сол қызық өмірден, қызық дәуреннен жастарымызды о дүниелік етіп, өз-өзіне қол жұмсап, өзін құрбандыққа шалуға нендей күш-қайрат нендей құдірет жетелейтіні қайдам!. Жасөспірімдердің өзіне –өзі қол жұмсауы жан ауруымен тікелей байланысты. Жасөспірімдер мұндай қадамға баруы өзін ренжіткен адамдарды жазалау түрінде ол адамдардың өкінгенін, шошынғанын көргісі келетіні. Яғни, бұл қадам өш алу мақсатында және қатты ашу ыза түрінде пайда болады. Демек біреулері қызбалықпен суицидке барып жатса, екінші біреулері жан жарасын ішіне сақтап, бірнеше күн дайындала жүріп, бір-ақ күнде өз-өзіне қол жұмсай салуы мүмкін. Мұндай жағдайда балаларда кездесетін депрессия да әсер етуі мүмкін. Балаларда депрессия - әрбір ұсақ түйекке мән беріп, айтқанды тыңдамау мен үйдегі күнделікті айқай-шу, іш пісу мен шаршағандық сезімдері, ішімдік пен есірткінің әсерінен болады.
Жасөспірімдерде кризистік кезеңдер осы жағдай көптеп кездеседі. Кризистік кезеңдер:
1. Жан күйзелісіне шыдай алмау.
2. Жағдайдан шығу жолын таппау.
3. Үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы.
4. Проблемада байланып қалу.
Осы кезеңдерде жасөспірімдерге ата-анасы, ұстаздары,жора жолдастары тарапынан үлкен психологиялық көмек көрсетілуі қажет.
Бала психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблемаға ұрынған жағдайда сыр бөлісер ешкім болмай, жанын жегідей жеген жарасын айтып жазар адам таппағаннан ала жіптің арбауына ілініп жатқаны жаныңды ауыртады.

Педагог- психолог: М.Каблаш
М.Сулейменова







Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ
Аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу барысында сынып жетекшілеріне жасалған баяндама
Хаттамасы№3
Мерзімі: 10.10.2023ж
Қатысқандар: 1-11 сыныптың сынып жетекшілері
Тақырыбы: Аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу
Мақсаты: аутодеструктивті міне- құлықтың алдын алу мақсатынада ата- аналаға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру.
Баяндама мазмұны: суицид туралы қысқаша түсінік бере отырып, ата – аналардың назарына жеткізіе отырып, суицид әрекетін және оны саналы түрде өз өмірін қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет екені түсіндірілді. Кейбір жағдайларда адам өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін екені ескертілді.
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаған барлық түрлерінің көбісі жанжал және бейберекет жайсыздықтан: үлкендердің ұрып соғу әрекетіне тап болу қорқынышы, өзінің қоршаған орта жағынан (мектептегі қиыншылықтар, достарымен қатынасы, ата-анасының елемеуі) көрініс алатын жанжал мен қарым-қатынас, т.б лар айтылып, түсіндірілді.
Суицидке жетелейтін негізгі факторлар мыналар болып табыларды.
1. Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т.б)
2. Дағдарысты күйге тап болу.
3. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді.
4. Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.
Сонымен қатар жасөспірімдерде кризистік кезеңдер осы жағдай көптеп кездесетіндігі де айтылып өтті.
Қорытынды: Осы кезеңдерде жасөспірімдерге ата-анасы, ұстаздары, жора жолдастары тарапынан үлкен психологиялық көмек көрсетілуі қажет екені, бала психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблемаға ұрынған жағдайда сыр бөлісер ешкім болмай, жанын жегідей жеген жарасын айтып жазар адам таппағаннан ала жіптің арбауына ілініп жатқаны айтылды.
Педагог- психолог: М.Каблаш
М.Сулейменова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив