«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ Психологиялық қызметтің 2024-2025 оқу жылындағы 1 сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындығының » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ Психологиялық қызметтің 2024-2025 оқу жылындағы 1 сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындығының
06
январь
2025

«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ Психологиялық қызметтің 2024-2025 оқу жылындағы 1 сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындығының

«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ


Психологиялық   қызметтің    2024-2025  оқу  жылындағы

1 сынып  оқушыларының   мектепке оқуға дайындығының анықтамасы



Мектепке  келу- әр баланың  өміріндегі өтпелі  кезең. Оқудың басталуы оның  күнделікті тіршілігіне  өзгеріс   енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану,  үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында  жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б. 

         Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа  жағдайы ұнайды. Осы кезде  ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет. 

Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте  күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.

Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық  даму деңгейлерін, мектепке даярлығын  анықтауға арналған зерттеу жұмыстары  жүргізілді. 

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің   даму барысын айқындау.

Осы  мақсатқа  жетуде алдымызға  төмендегідей    міндеттер  жүктелді:

1. Сыныптармен және  олардың сынып жетекшілерімен танысу, сынып    туралы  толық   мәлімет   алу.

2. Әр баланың жеке  тұлғалық   қасиеттерін сынып жетекшісімен бірге талқылау және де сынып жетекшісінің   пікірімен салыстыру.

3. Баланың білімін көтеру мақсатында ата-ана мен сынып жетекшісінің   ынтымақтастығын нығайту.

4. З ерттеу нәтижесі бойынша төмен деңгейді   көрсеткен  оқушылармен   дамыту   жұмыстарын күшейтуді  қадағалау және психологиялық  ықпал   көрстеу.

Зерттеу барысында 1-сынып оқушыларының даму деңгейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіруге арналған психологиялық жаттығулар алынды.

Атап айтқанда, 1а, 1ә сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қыркүйек, қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:

•          Баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;

•          Баланың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын-алу;

•          Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету,

•          Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.

Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:

•          Керн-Йерасектің 4 субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тесті;

•           Баланың ерік саласының даму деңгейін анықтау. «Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б.Эльконин);

•          Логикалық ойлауын зерттеу. «Не артық?» әдістемесі;

•          Баланың қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі;

•          Зейіннің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін зерттеу. «Үйшік» әдістемесі;

•          Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау. «Баспалдақ» әдістемесі;

Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары  жүргізілді. 

1 «а» сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы:

Сыныпта барлығы –18 оқушы,   оның қызы – 8,   ұл –10. Сынып  жетекшісі – А.Калиева. Сыныптағы жағдай бірқалыпты. Яғни зерттеу  барысында сыныптағы оқушылардың  өзара қарым-қатынасы  жақсы. 

1 «ә» сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы:

Сыныпта барлығы – 18   оқушы,   оның қызы – 7,   ұл – 11. Сынып   жетекшісі – А.Алпысбаева.  Сыныптағы жағдай бірқалыпты. Яғни зерттеу   барысында сыныптағы оқушылардың   өзара қарым-қатынасы  жақсы. 


Керн-Йерасек тест жинағы 3 тапсырмадан тұрады.

1 тапсырмада «Графикалық  дағды» бұл    тапсырмада оқушының қол    маторикасының дұрыс қалыптасуын бақылау    мақсатында  алынады, 

2 тапсырмада «Есеп және назар аудару» баланың зейінінің тұрақтылығын анықтау үшін, нүктелерді санап және ретімен  орналастыру тапсырылды, 

3 тапсырма «Бейнені елестету» оқушының сурет  салу   дағдысын   және  ойлау қабілетің анықтау  мақсатында     ер адамның бейнесін салу тапсырылды. 


3 тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылды. 

1А сыныбы бойынша ортадан жоғары 12 оқушы- 67%, орта 6 оқушы - 33%;  

1Ә сыныбы бойынша ортадан жоғары 11 оқушы-61%, орта 7 оқушы - 39%; 

Мектептегі дайындық   деңгейі төмен балалар анықталған жоқ.   


Қорытындылай келе,  1 сынып   жетекшілері   мен ата-аналар бірлесіп,  төмен ұпай алған оқушылармен  жекелей жұмыстар жүргізу, тілдерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін одан әрі дамытып, логикалық тапсырмалармен көбірек жұмыс жүргізуді    күшейту  қажеттігі жайлы психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар, оқушылардың зейінін дамыту үшін көптеген көрнекіліктермен сабақтар өткізу олардың қабылдауын және есте сақтауын арттыру туралы сынып жетекшілермен әңгіме, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Ұсыныс:

  • Сабақта әр балаға жекелей тапсырмалар беріп, өзіндік жұмыстарға тарту;
  • Сыныпта оқушылармен топтық жаттығуларды, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын ойын – жаттығуларды өткізу.


Педагог-психолог: М.Н.Сулейменова  

Керна – Йерасека    тесті қорытындысы 20024-2025 оқу жылы

1 «А»  сынып 


Баланың аты-жөні

Қыркүйек

Қараша

Деңгейі

1

Айбекқызы Ұлпа

6

3

Жоғары

2

Базарқызы Кәусар

5

4

Жақсы

3

Бақытжан Көркем

10

5

Орташа

4

Бексұлтан Мансұр

4

3

Жоғары

5

Ермек Нұрислам

8

10

Орташадан төмен

6

Жандосқызы Раяна

8

5

Орташа

7

Жебеген Мадияр

8

6

Орташа

8

Ділдәбек Ақнұр

10

8

Орташадан төмен

9

Қабдырахман Айбар

8

6

Жақсы

10

Қадылұлы Қыран

6

5

Жақсы

11

Мырзабай Елдос

3

3

Жоғары

12

Мырзағали Нұрислам

5

4

Жақсы

13

Маусымбекқызы Жансая

6

4

Жақсы

14

Нұрдыхан Айкерім

5

4

Жақсы

15

Нұржан Омар

5

3

Жоғары

16

Серғазы Нұрали

5

4

Жақсы

17

Тәңірберген Жақсылық

6

4

Жақсы

18

Хаусаин Дамина

4

3

Жоғары

19





20





21







1 «Ә» сынып


Баланың аты-жөні

Қыркүйек

Қараша

Деңгейі

1

Айдарұлы Медет

4

3

Жоғары

2

Ақболат Аида

7

5

Орташа

3

Ақболат Адина

5

4

Жақсы

4

Аманжол Нұрсұлу

5

4

Жақсы

5

Асылбек Сұлтан

7

6

Орташа

6

Әбілмәжін Ерасыл

8

5

Орташа

7

Бақытбекұлы Амангелді

6

6

Жақсы

8

Еркінғали Елжан

6

4

Жақсы

9

Ержанұлы Өжет

6

5

Жақсы

10

Жанатқызы Айару

5

4

Жақсы

11

Қалдыбек Нұрасыл

5

5

Жақсы

12

Қызайбек Мұхаммеджан

5

4

Жақсы

13

Райымбек Раяна

7

5

Орташа

14

Рыскелді Ғалия

7

7

Орташа

15

Сейсебай Алуа

6

6

Жақсы 

16

Серікбай Бекнұр

7

5

Орташа

17

Тәліп Али

8

7

Орташа

18

Тәліп Мұхаммед

6

5

Жақсы 

19





20





















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив