ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2025

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

2024-2025 оқу жылы Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі жоспарына сәйкес атқарылған іс шаралар туралы мәлімет

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша жоспарға сәйкес төмендегідей іс шаралар атқарылды:
1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес мектеп оқушыларына және мектеп ұжымына облыс басқармасының бұйрығымен таныстырылды.
17 қазан күні 8-10 сынып оқушылар арасында бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында пікірталас өтті. Мақсаты: Оқушыларға «Адалдық, тазалық» қасиет туралы түсініктерін кеңейту. Адал азамат болу үшін, жасаған жұмысыңды адал еңбекпен жасасаң , тапқан табысың да адал жолмен келетіні туралы мағлұмат беру.
==




Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында "Парасатты азамат" бұрышы ұйымдастырылды.



Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектепте 4-6 сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында балалар сурет байқауы өтті.Конкурстың мақсаты - Өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және сыбайлас жемқорлық фактілеріне теріс көзқарасқа, жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру




Жемқорлықтын алдын алу мақсатында 8 сынып арасында сайыс өтті.Сайыстың негізгі мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау.
"Адал ұрпақ- ұлт болашағының кепілі" тақырыбында сынып сағаты өтті.

cg==

8 «Ә» сынып оқушыларымен «Адал ұрпақ. Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға адалдық, еңбекқорлық, адал табыс ұғымдарын түсіндіру, жауапты азамат болудың маңыздылығын талқылау. Тәрбие сағатында балаларға адалдық жайында айтылып, сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар берілді. Слайд пен бейнебаян көрсетілді. Оқушылар үш топқа бөлініп, сыбайлас жемқорлық туралы өз түсінгендері бойынша кластер құрып, жұмыстарын қорғады.

Академиялық адалдық – оқушылардың оқуға деген жеке адалдығы мен жауапкершілігін дамытатын, сенімді және адал еңбекті құруда этикалық шешімдер қабылдау және мінез-құлық негізін қалыптастыратын білім беру процесіндегі студенттердің мінез-құлық принциптерінің жиынтығы;

Мектеп директоры Г.А.Асылбекова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
admin
20 октября 2025 22:08
📌 Мектеп ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар таныстырылды

🔹 Бүгін мектеп қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты таныстырылды.
🔹 Іс-шара барысында стандарттың негізгі талаптары мен ұжымдық жауапкершілік қағидаттары түсіндіріліп, адалдық пен әділдік құндылықтарын сақтау қажеттілігі айтылды.

✅ Бұл шараның мақсаты – ашықтықты қамтамасыз ету және білім беру саласында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру.

#СыбайласЖемқорлыққаҚарсы
#АдалдықАлаңы
#Парасаттылық
#МектепЖаңалығы
#ТазаҚоғам