Шебер сынып. Арнайы мамандар Т.Абилова,А.Жұртбай. 2023-2024 жыл
Шебер сынып: «Жалпы білім беретін мектептерде бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен зерде бұзылыстары бар оқушыларға жеке оқу бағдарламасын құрастыру тәртібі және іске асыру»
Мақсаты:оқу процесінде инклюзия қағидаларын іске асыруда және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасауда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
«Кез келген қиналып отырған бала ерекше білімді қажет етеді» Д.Митч
Инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу, кедергілерді жою.
Бүкіл әлем инклюзивтік білім беру идеясы мен тәжірибесіне назар аударып, соны жүзеге асыруды қолға алуда.кКөптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білімді қажет ететін балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
Нормативті – құқықты құжаттар.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2027 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы
1-тарау. 1- бап. Осы заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар.
Инклюзивті білім беру –ерекше білім беру қажеттіліктерімен жеке- дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімді қамтамасыз ететін процесс.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар- тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты және уақытша қажеттілік көріп жүрген балалар.
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау – білім алу үшін арнаулы жағдайды айқындау.
Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын,
процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі- ұйымдастырылған қызмет.
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығының әдістемелік нұсқау хаты (Оқу бағдарламасын бейімдеу)
Білім беру ұйымдарында психологиялық- педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы (ППҚ құжаттары, арнайы- педагог, педагог- ассистент, логопед мамандарының құжаттарының рәсімделуі. Оқу формасын талдау)
Оқу бағдарламасы ОПМПК қорытындысы бойынша беріледі.
Үлгілік оқу бағдарламасының түрлері: тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы, бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы, жеке оқу бағдарламасы.
Оқу бағдарламаларын бейімдеу
МЖМБС- да белгіленген көлемде және оның сыныпта оқу қарқынына сәйкес оқушы оқу пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда оқу бағдарламаларын бейімдеу талап етіледі. Оқу бағдарламаларын бейімдеу бастауыш және негізгі орта білім беру сатыларында жүзеге асырылады.
Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы .
Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы – бір тоқсанға немесе жартыжылдыққа жоспарланады. Қиындық туғызатын пәндер бойынша ғана оқу бағдарламалары бейімделеді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу бағдарламаларын арнайы педагог пен мұғалім бірге бейімдейді.
Жоғарғы сынып оқушыларына жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеу пән мұғалімдері өздері жүргізеді. Қажет болған жағдайда арнайы педагогтың және бастауыш сынып мұғалімдері көмектеседі.
Оқушыларды жеке оқу бағдарламасы бойынша оқыту ПМПК- ның ұсынысы негізінде ғана іске асады.
Мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Зерде бұзылыстары бар оқушыларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін зерде бұзылыстары бар балаларға арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
Жеңіл ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арналған оқу бағдарламасы.
Бастауыш сыныптарда пәндер қысқартылмайды.
5-9 сыныптарда пәндерді қысқартуға болады (№4 бұйрық) Ағылшын тілі оқытылмайды.
Орындаған: мектептің арнайы педагогы Абилова Т.С. және мектеп логопеды Журтбаева А.Б