№2 оқу-әдістемелік кеңес 2023-2024 жыл
«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп»КММ
Оқу-әдістемелік кеңесінің
№2 Хаттамасы
Өткен күні: 3.11.2023ж.
Қатысқандар:52
Күн тәртібінде:
1.Мұғалімдермен педагогикалық психологиялық тренинг өткізу, тренинг- мектеп психологі М.Қаблаш
2.2023-2024 оқу жылындағы І тоқсанның әдістемелік жұмысына талдау,талдау-ДӘІЖО Ә.С.Көзтай
3. Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай өткізілген іс – шаралардың қорытындысы, есеп- қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Ж.Құрманалиева.
4. Іс-әрекеттегі зерттеу:тәжірибені жетілдіру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары,таныстырылым –ағылшын тілі пәні мұғалімі Р.Абилкаирова
5. Жас мамандардың сабақтарына қатысу қорытындысы, мәлімет- ДӘІЖО Ә.С.Көзтай
6. Мектепішілік олимпиадаға дайындық жұмыстары,мәлімет- ДӘІЖО Ә.С.Көзтай
Оқу-әдістемелік кеңестің отырысы кеңес төрағасы Ә.С.Көзтай ашты.Бүгінгі күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырды.
1. Мектеп психологы М.Қаблаш мұғалімдермен «Сергіту сәті» психологиялық тренинг өткізді.
2. Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көзтай 2023-2024 оқу жылындағы I тоқсанның әдістемелік жұмысына талдау жұмыстарымен таныстырды. 2023-2024 оқу жылы мектептегі әдістемелік жұмысы жоспар негізінде жүргізілді.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру.
Мақсаты:Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.
Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс 7 бірлестік арқылы жүзеге асырылады.
2023-2024 оқу жылында әдістемелік бірлестік жетекшілерінің құрамы
- Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі- А.Қанапиянова
- Тарих, құқық негіздері, дінтану пәндер бірлестігі-Г.Жакенова
- Қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі пәндер бірлестігі- Ж.Құрманалиева
- Математика,информатика пәндер бірлестігі- Ж.С.Салқынбаева
- Химия,биология, география және физика пәндер бірлестігі- К.Мамраимова
- Технология және өнер пәндері бірлестігі-Р.Халелова
- Дене шынықтыру, АӘ ж ТД пәндер бірлестігі- А.Н.Жексенбинов
- Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі – Д.Барлыбаева
Сертификатталған мүғалімдердің сабақ беру деңгейінің мониторингісін бақылау
Мектеп бойынша 10 мұғалім сертификатталған және мектепішілік «Тәжирібедегі рефлексия» курсынан 16 мұғалім өтті.
Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет.
Мектеп мұғалімдері облыс, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған семинар, конференцияларға қатысып отырады. Семинарларда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу, оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, электронды оқыту жүйесін енгізуде білім беру ресурстарын қолдану мәселелері бойынша үлгілі сабақтар мен шебер сыныптар, тренингтер өткізіп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтарға талдау жүргізіліп, кері байланыс жасалды.
17.10.2023 жылы география пәнінің мұғалімі Қ.Мамаимова «Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуы» тақырыбында аудандық челлендж сабақ өткізді.
02.11.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Барлыбаева «ББЖМ тапсырмаларның құрылымы мен мазмұны» тақырыбында аудандық семинарда мастер класс өткізді.
Мұғалімдердің жетістіктері
Республика күні мерекесіне орай өткен облыстық марафонында дене шынықтыру пәні мұғалімі Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы 1 орын иеленді.
Білім саласындағы мінсіз адал еңбегі үшін Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы Жетісу облысы білім басқармасының құрмет грамотасын иеленді.
Оқушылардың жетістіктері
«Ақберен» аудандық кезеңінен мектебіміздің 8 сынып оқушысы Меңдіхан Ақжан 2 орын иеленді,пән мұғалімі Ж.Құрманалиева.
Футболдан 5-6 сыныптар арасында аудандық ұлттық мектеп лигасында оқушыларымыз 1 орын иеленді.
«Менің кіші отаным» аудандық интеллектуалды конкурсында жас тарихшылар арасынан 9 сынып оқушысы Ауданбек Бәтима 3 орын иеленді,пән мұғалімі А.Сағымбетов.
Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі атты аудандық байқауда мектебіміздің оқушылары Тәңірберген Мадина және Жақыпбек Жадыра 3 дәрежелі дипломға ие болды,пән мұғалімі А.Утенова.
Аудандық ,Жас ұлан 2023жыл жалпы комада 2- орын.Қазан аиында Ұлағатты ұстаз Жеңіс Жанабатырұлын еске алу әскери төрт сайыстан Серік Нұрай қыздар арсында 3-орын,Алдабергенов орта мектебінде,Қызыларық орта мектебінде өтке жарыста әскери төрт сайыстан,Серік Нұрай 2-орынды иеленді.
Жас мамандармен жұмыс
Мектепте жаңадан келген жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жас маман» мектебі құрылған.2023-2024 оқу жылында жас мамандар саны 6.Тәлімгер ретінде келесі пән мұғалімдері ұсынылады:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Басанова Арайлымға ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Абилкаирова,педагог-зерттеуші мұғалім, педагогикалық өтілі 17 жыл.
2. Биология пәнінің мұғалімдері Сарсембаев Қанат Саматұлына химия пәнінің мұғалімі К.Жұмабековна,педагог-модератор,педагогикалық өтілі 29 жыл.
3. Бастауыш сынып мұғалімі Тулесова Розаға бастауыш сынып мұғалімі С.Балғымбаева,педагог- сарапшы ,педагогикалық өтілі 35жыл.
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Отызбаев Рахат Қалдыбайұлына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Жексенбинов,педагог-сарапшы 35,6жыл.
5. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Есентаева Нурзия Бектемисовнаға орыс тілі пәні мұғалімі Г.Танкакова,педагог-сарапшы,педагогикалық өтілі 17 жыл.
6. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүнісбеков Бағланға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Оспанбаева,педагог-сарапшы педагогикалық өтілі 35 жыл.
«Жас маман» мектебіне жас мамандар мүше болып, оларға тәлімгерлер тағайындалып, жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасайды. Жас мамандарға әрдайым әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында жоспарға сәйкес педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, семинарлар өткізіледі. «Жас маман мектебі» мектептің кітапханасымен, мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсынан 1 мұғалім өтті: Сарсембаев Қанат Саматұлы
2023 жылдың 4-ші қыркүйек күні «Жас мамандар» мектебінің 1-ші отырысы өткізілді. «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Г.Танкакова жас мамандарды нормативті құжаттармен,оқу бағдарламаларымен,мектеп тәртібімен,мектепішілік құжаттарды толтыруы бойынша бірыңғай талаптармен, 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстырды.Жылдық жоспарда жеке консультация,диагностика,бақылау,мамандармен топтық жұмыс жүргізу мәселелері қамтылды.
2021-2022 оқу жылында аттестатталушылардың кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдердің тізімі
1.2023-2024 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің тізімі анықталып бекітілді:
- Асылбекова Гулжанат Акболатовна,география пәнінің мұғалімі –кезекті аттестаттау
- Канапиянова Айгерим Нургалиевна, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Рахимбаева Назымгул Ақанайқызы, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Тулесова Роза Ганнибаловна , бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы ,дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі-кезекті аттестаттау.
- Жеңісбеков Бағлан Серікұлы ,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Көзтай Әзиза Сәрсенқызы ,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Жакенова Гүльмира Темерхановна , тарих пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Сәрсембаев Қанат Саматұлы ,биология пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау.
- Қасымбеков Ұлан Мұқанұлы, тарих пәнінің мұғалімі-кезектен тыс аттестаттау.
Мектепте мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің жұмысы
2023-2024 оқу жылында «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми орталығының жетекшісі бекітілді: биология пәнінің мұғалімі Сәрсембаев Қанат Саматұлы. «Жас ғалым» ғылыми –әдістемелік орталығы пән мұғалімдерімен бірге дарынды оқушылармен жұмыс жүргізді.
Дарынды оқушыларды іріктеп, олармен мынадай жұмыс түрлері жүргізілді:
Жыл бойы дарынды балалармен жұмыстар кешенді түрде жүргізіледі. Пән апталықтарында дарынды балаларға арналған әртүрлі интеллектуалды сайыстар өткізілуі жоспаарлануда.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Қазіргі кезде ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
«Ақберен» аудандық кезеңінен мектебіміздің 8 сынып оқушысы Меңдіхан Ақжан 2 орын иеленді,пән мұғалімі Ж.Құрманалиева.
Футболдан 5-6 сыныптар арасында аудандық ұлттық мектеп лигасында оқушыларымыз 1 орын иеленді.
«Менің кіші отаным» аудандық интеллектуалды конкурсында жас тарихшылар арасынан 9 сынып оқушысы Ауданбек Бәтима 3 орын иеленді,пән мұғалімі А.Сағымбетов.
Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі атты аудандық байқауда мектебіміздің оқушылары Тәңірберген Мадина және Жақыпбек Жадыра 3 дәрежелі дипломға ие болды,пән мұғалімі А.Утенова.
Республика күні мерекесіне орай өткен облыстық марафонынды дене шынықтыру пәні мұғалімі Отызбаев Рахат 1 орын иеленді.
Мектепішілік олимпиада
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатыстырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталып, алдағы кезеңдерге пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын ұйымдастырды. Аудандық кезеңге 27 оқушы өтті/9-11 сынып оқушылары/.
Педагог кадрлар туралы
2023-2024 оқу жылында мектепте 53 мұғалім жұмыс істеді.52 мұғалімнің білім жоғары, 1 мұғалімнің білімі орта-арнаулы. /Ж.Курманалиева/
Олардың 6-уы жас және жаңадан келген мұғалімдер. Жас ұстаздарға тәлімгерлер тағайындалды. Тәлімгерлер арнайы жұмыс жоспарын жасап, әдістемелік көмек көрсетті. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында бірлестік жетекшілері сабаққа қатысу мен дидактикалық құралдар пайдалану туралы, сабақ өткізудің түрлері мен әдістері жайлы баяндамалар мен пед.оқулар ұйымдастырды. Жыл бойы ұйымдастырылған апталықтар мен ашық есік күндерінде көптеген сабақтың түрлері өткізіліп,талдау жасалынды.
3. Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері мерекесіне орай 04.09.2023 -08.09.2023 күндері аралығында мектебімізде «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықты жүргізудің мақсаты, міндеттері анықталып, апталықта өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Апта бойы «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» атты сынып сағаттары өткізілді. Апталықтың қорытындысы ретінде«Дәуірдің жарық жұлдызы» атты Ахмет Байтұрсынұлына арналған өнеге сағаты өткізіліп, тіл мәртебесі, тілдің қолданылыс аясы бойынша таныстырылым көрсетіліп, тіл апталығы бойынша өткізілген жұмыстар сараланды.
4. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Р.Абилкаирова, іс-әрекеттегі зерттеу:тәжірибені жетілдіру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жолдарын таныстырды. Іс-әрекетті зерттеудің 5 кезеңнен тұратындығын және іс-әрекетті зерттеу арқылы әрбір мұғалім өз білімін жүзеге асыра алатынын,инновациялық бағыттағы педагогикалық шеберлік деңгейін арттыратынын,оқушылардың білім сапасын арттыратындығын таныстыра өтті.
5. Жас мамандардың сабақтарына қатысу қорытындысы:
Жас мамандар тәлімгерлердің көмегімен бейімделу уақытынан өткеннен кейін кезең-кезеңімен әдістемелік дайындық жұмыстарын бастады. ӘБ жетекшілері және тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарын бақылауда, сабақ жүргізу барысында жіберілген кемшіліктері айтылып, әдістемелік көмек көрсетілуде. Тәлімгерлер жоспар бойынша жас мамандармен жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сабақтарын бақылау кезінде келесі кемшіліктер жиі кездесетіні анықталды:
- Сабақтың оқу мақсаттарының айтылмауы;
- Қалыптастырушы бағалаудың жүргізілмеуі;/1-10 балл/
- Бағалау үшін жас мамандар тапсырмаларға критерий қоюды қиналады.
- Саралау жұмыстарының жүргізілмеуі;
- Сабақта қосымша ресурс, материалдардың қолданбауы;
- Дәптердегі жазуларына көңіл аударылмауы;
- Кері байланыс, рефлексияның жүргізілмеуі.
Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында жыл бойы ашық сабақтар, пихологиялық тренингтер, семинарлар жүргізілуі жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі, ӘБ жетекшілер және тәлімгерлер тарапынан әдістемелік көмек көрсетіледі.
6. Мектепішілік олимпиадаға дайындық жұмыстары кестеге сай уақытылы жүргізілуде. Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатыстырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталып, алдағы кезеңдерге пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын ұйымдастырды. Аудандық кезеңге 27 оқушы өтті/9-11 сынып оқушылары/.
Ұсыныс:
- Іс-тәжірибе тарату жұмыстарының жүргізілуін жандандыру керек.
- Функционалды сауаттылық,ТИМС, PISA .қорытынды аттестаттау бойынша мұғалімдермен түсіндірме жұмыс жүргізу.
- Аттестацияның қорытынды есебіне сәйкес құжаттары ретке келтіріліп, пән мұғалімдерінің ашық сабақтар кестесін құрып, құжаттары бір жүйеге келтілісін.
- Сабақта интербелсенді әдіс – тәсілдерді ұтымды пайдаланып, жұмыстарын жандандыру.
- Дарынды оқушылармен жұмысы бойынша пән мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
- Іс-әрекетті зерттеу бойынша жұмыстарды дұрыс деңгейде жүргізу.
ДӘІЖО: Ә.С.Көзтай